Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет120/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   317
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
 
121 
үшін  жұмыс  істеу  барысында  қандай  өзгерістер  болуы  мүмкін,  қандай 
мәселелерге  көңіл  аудару,  нені  бақылауда  ұстау  қажет  екенін  алдын  ала 
ойластырып  отыруы  тиіс.  Бұл  жағдайлар  ақыл-ой  қызметінкезең-кезеңмен 
қалыптастыру теориясының негізін құрайды. 
Аталған  технологияны  кіріктірілген  «Көркем  еңбек»  пәнінде  қолдану 
бойынша,  жоғарыда  қарастырылған  «Қоршаған  ортаны  білу  және  түсіну» 
бөлімшесіндегі  (1-сынып)  –  Қоршаған  ортаның  кейбір  ерекшеліктерін,  таныс 
бейнелер мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін және т.б.) мақсатына мысал 
келтірейік.  Мысалы,  көбелек  суретін  салу  және  қиып  алу  жұмысына 
балалардың  ынтасын  арттыру  үшін,  көбелектер  туралы  мультфильм 
тамашалауға  болады.  Мультфильмді  тамашалағаннан  соң,  «көбелектердің 
түстері  қандай?»,  «олардың  пішіні  қандай?»,  «көбелектер  қандай  өсімдіктерді 
жақсы  көреді?»  т.с.с.  сұрақтар  қою  арқылы  мұғалім  оқушыларды  іс-әрекетке 
бағыттайды. Іс-әрекетті меңгеру кезеңде мұғалім оқушыларға көбелектің дайын 
пішінінің көмегімен сурет салуды ұсынады, яғни оқушылар ақыл-ой қызметін 
объектілермен (пішінді қолдану арқылы) бірге орындайды.  
Келесі сатыда мұғалім қатты сөйлеу әрекетін орындауды жүзеге асырады 
немесе «көбелектің пішінін парақтың үстіне қоямыз. Пішінді сол қолымызбен 
басып  тұрамыз,  көбелек  жылжымауы  тиіс.  Оң  қолымызбен  пішінді  айнала 
қарындашпен сызамыз. Көбелектің пішінін алып партаның шетіне қоямыз. ...» 
(одан  әрі  орындалатын  әрекеттерді  дауыстап  айтып  отырады).  Оқушылар 
мұғаліммен  бірге  қайталап  отыруларына  да  болады,  ал  келесі  кезеңде 
оқушылар  осы  әрекеттерді  іштей  қайталай  отырып,  өз  беттерінше  жұмыс 
істейді.  Соңғы  кезеңде  оқушылар  дайын  суреттен  бұйымды  (көбелекті)  қиып 
алып,  өз  еріктерінше  немесе  қиялдарындағы  көбектің  түсіне  ұқсатып  бояп, 
соңғы нәтижені көреді.  
Сонымен,  Гальпериннің  ақыл-ой  қызметін  кезең-кезеңмен  қалыптастыру 
теориясы бойынша білімді меңгеру – бұл игерілген ұғымды қолдану бойынша 
іс-әрекеттің  меңгерілу  негізінде  жүзеге  асырылатын  үдеріс.  Білім–  бұл 
біріншіден  ұғым,  ал  міндеттерді  шешу  –  нысанның  айрықша  белгілерін 
пайдалану. Белгілерін пайдалану бойынша іс-әрекетті меңгеру ұғымды түсінуге 
әкеледі.  Іс-әрекетті  және  білімді  меңгеру  6  кезеңнен  тұрады:  мотивациялау; 
бағыттаушы  негіздегі  іс-әрекетті  меңгеру;материалдық  формадағы  іс-әрекетті 
меңгеру;  қатты  сөйлеу  әрекетін  орындау;  «іштей»  сөйлеу  әрекетін  орындау; 
ақыл-ой формасындағы әрекетті орындау (17-сурет). 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет