Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
61 атқаруы. Бірлесе оқыту екі педагогтің жұптаса өзіндік тәжірибені дамыту мен
оқытудың үздік түрі болып табылады.
Топтық оқытуда екі мұғалімнің оқыту тақырыптары тең дәрежеде бөлінеді.
Оқыту мақсаттары кіріктірілген оқыту бағдарламасында көрсетіліп, ол
басшылыққа алына отырып, сабақ барысындағы іс-әрекеттер талқыланады.
Сабақ типтеріне сай екі мұғалімнің: қазақ тілі және әдебиет пәндерінен сабақ
беретін мұғалімдердің сабақ барысындағы рөлдері айқындалып, оқушыларға
жеткізу әдістемелері мен тәсілдері ортаға салынады.Топтық оқыту
әдістемесінде екі мұғалімнің рөлі, атқаратын іс-әрекеттері тең дәрежеде өтуі
қажет. Жоспарлау кезінде жекелеген оқушылар мен топтарға көмек, қолдау
тиімді бөлінуін қадағалауымыз керек. Екі мұғалім арасындағы ынтымақтастық
пен байланыс сынып атмосферасына әсер етеді, сондықтан мұғалім арасындағы
ауысу қалыпты өтуі шарт.
Сабақ барысындағы іс-әрекетті анықтай отырып, оқушыларға берілетін
тапсырмалар жиынтығы да қарастырылады. Мұғалім бағыт беруші рөлін
ойнайды, ал ол оқушыларға сыни тұрғыда және зерттеушілік дағдыларын
қалыптастыру сияқты нақты тапсырмаларға құрылады . Оқушылардың нақты
міндеттері айқын, оларға қойылатын талаптар да сондай болуы шарт.Бұл
оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруда әсер етеді.
Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) әдісінЕуропалық комиссия
2004-
2006 жылдарға арналған Еуропада көптілді білімді дамыту іс-қимылдар
шеңберінде ұсынған. Аталмыш әдіс үздіксіз өзгеріс үстіндегі жаһандану
заманында мектеп түлектерінің бәсекеге қабілеттіліктерінің бір белгісі болып
табылатын тілдерді және басқа тілдерде пәндерді игеру жүзеге асыру үшін
әзірленген.
CLIL әдісітілдік пән емес мұғалімдерінің пәндік мазмұнды екінші және
үшінші тілде оқытуды білдіреді.Халықаралық тәжірибе мұндай әдістің орынды
пайдаланған жағдайда жақсы нәтиже беретінін көрсеткен. Өйткені, пән
мазмұны мен тілді оқыту өзара терең байланысты болады. Екеуі де ойлау
қабілеті мен оқуды жақсарту үшін маңызды.Мағыналық мазмұнды талқылау
мақсатымен басқалармен өзара әрекеттесу үшін тілді пайдалана отырып,
адамдар өздерінің ойлау қабілеттерін жақсартады, бұл өз кезегінде олардың оқу
қабілетін жақсартуына септігін тигізуі мүмкін. Осылайша бала біріншіден,
«математика», «тарих» немесе химия сияқты пәндік салаларға тән академиялық
тілді, оған тән терминология мен грамматикалық ережелерді игереді, екіншіден
екінші немесе үшінші тілде тиісті мәнмәтінде өмірдегідей тікелей араласу үшін
пайдалануға үйренеді.
CLIL әдісін қолдануда 4 «С» ескеру қажет: сontent (мазмұны),
сommunication (жанасушылық), сognition (ойлау қабілеттері), сulture
(мәдениеттану білімдері). Сонымен қатар, CLIL әдісінің ұстанымдарында 5
аспектті айырықша айқындайды:
-
мәдени аспект;
-
әлеуметтік аспект;
-
тілдік аспект;