Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
62
-
пәндік аспект;
-
оқыту аспекті.
Әр аспект оқушылардың жас ерекшеліктеріне, әлеуметтік тілдік ортасына
сай іске асырылады. Оқу материалын таңдау анықтаған курс құрылымына
байланысты болады. Мәтінді өндеу тапсырмалары пәндік мазмұнын түсінуге,
оқушыларды түсіну процесіне, мәтіннің басты мақсатын талқылауға оны
тексеруге бағыттайтындай болу керек.
Тапсырмалар тілдік формалардың ерекшелігін көрсетіп, оқушыларды
оларды жасай алуға, қолдана алуға, өз-өзін бағалау,бір-бірін бағалау сияқты
түрлі бағалау мен тексеру түрлерін пайдалануға дағдыландыру керек.
Тапсырмалар
оқушыларды
өзіндік,
шығармашыл
әрекетіне,
коммуникативтік тапсырмалар олардың ауызша және жазба қарым-қатынас
жасауға ынталандыру керек.
Кіріктірілген оқытуда грамматикаға қарағанда лексика мен мазмұнға баса
назар аударады.
«Диалогтік оқыту» оқушылардың ойын толық, ашық, әрі нақты жеткізуге
көмегін тигізеді. Оқушылар арасында сұхбаттың пайда болуына сабақ кезінде
орындауға қызықты тапсырмалар өз септігін тигізеді. Мысалы, қазақ тілі
сабағында «сан есім» тақырыбын қарастыратын болсақ,оқушылар қолына
берілген материалдарда: «Сан есімдерді қолданып, көршіңмен жұп болып
«Кездесу» ойынын ойна»; «Сан есімдерді пайдаланып, анаңның немесе әкеңнің
мерейтойына арнап құттықтау жаз да, оны ашық хат бетіне түсір» және
т.б.қызықты тапсырмалар кездесуі балалардың пәнге деген қызығушылықтарын
арттырады. Берілген тапсырмаларды қызу талқылып, шығармашылықпен
орындауларына түрткі болады. Берілген тапсырма бойынша жағдаяттық
сұрақтардың қойылуы ол тапсырманы орындау барысында топ ішінде қызу
пікірталастың тууына, оқушылардың ортаға түрлі пікірлер тастауына себепші
болып, олардың сөйлеу мәдениетін дамытады.
Диалог – оқушының өзін еркін және жайлы сезінетін ортасы. Жанға
жайлы, жағымда көңіл-күй сыйлайтын әңгіме алаңында әрбір оқушы өзін
жақсы сезініп, шешіліп сөйлеп, құнды пікірлермен алмасып, шығармашылық
қабілеттерін шыңдай алады. Диалогтік, комуникативтік атмосфера оқушының
жаңа тақырыпты игеруіне себепкер болып қана қоймай, бала бойында жеке
тұлғаға тән қасиеттердің қалыптасуына да жағдай жасайды. Диалог – бұл
ақиқатты бірлесіп іздейтін жол. Диалог кезінде адам бойында кездесетін
сыйластық, жанашырлық, түсінісушілік секілді тамаша қасиеттер қалыптасады.
Диалог барысында әрбір оқушы тақырыпты қалай қабылдап отырғандығы
көрсете алады, сондай-ақ, басқа балалардың осы тақырыпқа деген мүлдем басқа
ой-пікірлері мен тың көзқарастарының бар екендігін көре алады. Диалогтік
оқыту ұстаздарға шәкірттерінің білім деңгейінің қандай дәрежеде тұрғандығын
бірден байқауға мүмкіндік береді.
Диалог барысында оқушылар сыни ойлауға, қолдағы бар ақпаратты
қолдана отырып, нақты жағдаяты талдау арқылы пікірлерді салыстыруға, дұрыс
шешім қабылдауға үйренеді. «Диалогтік әдістер» қолданылған сабақтарда