Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
65 болуы бірақ оқудың нақты қалай көрсетілуі қажеттілігін белгілейтіндей
соншалықты нақты болмауы тиіс. Олар сыныпқа және сәйкес келуі қажет және
тиіс жағдайларды оқу мақсатының бір бөлігі қанағаттандыратын табысты
қарастыра алады.
Жақсы жетістік критерийлері нақты және өлшеулі талаптар қояды, қысқа
және анық идеяларды мазмұндайды, ауқымды көлемдегі қосымша жұмысты
қажет етпейді. Оқушылар тапсырманы орындай алатынын көрсетсе, мақсатқа
жетуі тиіс «бағыттағы жұмыс үшін» жетістік критерийлері олар тапсырманы
орындай алмайтындай болмауы тиіс. Жетістік критерийлері олардың не жасай
алатынын сипаттау керек.
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені
қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының
құзыреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен
дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты
мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің
барлық талаптарына сай орайластырылған.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
-
алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
-
анық, айқындылығы;
-
бағаның әділдігі;
-
өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі7
Критериалды бағалау сабақтың өн бойында жүзеге асып отырады.
Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын
өлшемшарттарымен (критерийлермен) бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және
оқушылардың бір-бірін бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін
жеткізуіне алып келеді. Пікірін еркін айту, басқалардың жұмысына бағасын
беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа
тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар басқа топты бағалар
алдында өз тапсырмаларын орындауда сол өлшемшарттарды басшылыққа
алады.
Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін
тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау:
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу процесінде оқушылардың
ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында
өзара байланысты орнату үшін қолданылады.
Жиынтықбағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың
немесе модульдің соңында, немесе таным процесінің қандай да бір сатысында
оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау:
1. Күнделікті оқу процесі кезінде жүргізіледі (өздік жұмыстар, тесттер
т.б.);
2. Оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге
көмектеседі;