95
оқытудың арқасында оқушылар мұғалімнің көрсеткен жұмыс тәсілдерін, еңбек
іс-әрекеттерін механикалық тұрғыда ғана меңгеріп қоймайды. Олар оны
бүтіндей барлық технологиясы мен оның жекелеген элементтерін толық түсініп
орындайды. Оқушылар өздерінің іс-әрекеттерінің келешек нәтижесі мен оларды
дұрыс орындамауының мүмкін нәтижесінің үлгісін ұсынады. Үлгінің бар
болуы, оларға өзін-өзі бақылауды жүзеге асыруы және жіберген қателерін
түзеуіне мүмкіндік береді.
Оқушылар техникалық-технологиялық білім алғанда жаңа терминдер мен
анықтамаларды есте сақтап қана қоймай, олардың мазмұнын ұғыну, нақты
еңбек процестерімен байланыстырулары керек. Олай болмаған жағдайда
оқушылар материалды айтып береді (басынан бастап және тек ретімен ғана),
бірақ оның мәнін түсінбейді және іс жүзінде қолдана алмайтын білімге деген
формализм дамитын болады. Формализмнің бір себебі мұғалімнің материалды
догмалық тұрғыда баяндауы (кейде диктант түрінде) және оны оқушылардың
ойша талдаусыз игеруі болып табылады.
Оқушылардың ойын дамыту және білімді саналы меңгерту құралы,
олардың алдына танымдық міндеттер қою, эвристикалық әңгімелесуді және
материалды проблемалық баяндауды пайдалану, экспериметтік есептер құру
және шығару, тәжірибелік жұмыста білімдерін қолдану және т.б. болып
табылады.
Оқушының тілі оймен тығыз байланыста дамиды. Оның кемшіліктері
ойдың дамуына кедергі жасайды. Сондықтан мұғалімге оқушылардың тілін
қадағалау және олардың терминдерді дұрыс қолдануы, өз ойларын дәл жеткізу
дағдыларын қалыптастыру, қателіктерін түзету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: