Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет37/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   139
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


100 

«Көркем  еңбек»  кіріктірілген  пәндері  бойынша  оқу  жұмыстарын 
ұйымдастыру формасы 
 
Техника  мен  ақпараттық  технологиялардың  қарқынды  дамып  отырған 
заманында  қоғамның  алдында  тұрған  ең  маңызды  және  жауапты  қызмет  дені 
сау,  жан  жақты  дамыған,  аса  өнегелі  адам  тәрбиелеу  болып  табылады. 
Қоғамдағы  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  шығармашыл  белсенді, 
күнделікті  өмірде  кездесетін  проблемаларды  тиімді  және  өздігінше  шешу 
қабілетіне ие тұлға қалыптастыру қажеттілігін туындатып отыр.  
Заманауи  педагогиканың  күрделі  де  қызықты  міндеттерінің  бірі  –  іс-
әрекетке  шығармашылдық  көзқарас  тәрбиелеу,  яғни  күнделікті  өмірде 
кездесетін  заттардың  әдемілігін  көре  білу  білігі,  еңбекке  араласу  үдерісінен 
қуаныш  сезіміне  бөлену,  әлемнің  құпиялары  мен  заңдылықтарын  білу 
ықыластарын  арттыру,  күнделікті  өмірде  кездесетін  қиындықтан  шығу 
жолдарын табу қабілеті. 
«Білгенім  –  бір  тоғыз,  білмегенім  –  тоқсан  тоғыз»  дегендей,  баланың 
өмірінде  негізгі  дағдылар  мен  біліктер,  солардың  ішінде  елестету,  қиялдау, 
жаңалыққа қызығушылық қалыптасатын кезеңді өткізіп алмау қажет. Баланың 
бойындағы бұл қасиеттерді мектепке дейінгі кезеңде дамытып бастап, мектепте 
оқыған кезінде жалғастыру арқылы шығармашылық ойлау мүмкіндіктерін, өнер 
мен шығармашылық іс-әрекет белсенділігін арттыруға болады.  
Француз психологы Т.Рибо шығармашылық дамуының негізгі заңдылығын 
үш кезеңге бөліп көрсеткен, олар: 
-  
балалық және балдәурен шақ – ертегілер, қиял, ойын, ойдан шығарудың 
қожалық кезеңі; 
-  
жастық шақ – ойдан шығару мен іс-әрекеттің үйлесімділігі, яғни «өткір 
ақыл-парасат» кезеңі; 
-  
ер жету – қиялдың ақыл-парасатқа бағыну кезеңі.  
Баланың қиялындағы бейнелер түрлі жағдаяттарда өзіне тән мазмұны мен 
ерекшелігіне байланысты көрініс табады. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту 
оның  қоршаған  әлемді  қабылдауын  және  қоршаған  орта  туралы  көзқарасын 
нақтылауы,  сонымен  бірге  кеңейтуі  тиіс.  Балалардың  ақиқатпен  танысуына, 
оны  бейнелеуіне,  бейнелермен  жұмыс  істеу  қабілеттерін  дамытуға,  сол 
бейнелердің негізінде жаңа образдар жасай білу дағдыларын дамытуға жағдай 
жасау  қажет.  Балалардың  танымдық  қызығушылығын  қалыптастыру  өте 
маңызды болып табылады. 
Балалық  шақтан  бастап  шығармашылық  әлеуетті  дамыта  отырып,  біз 
балалардың  танымдық  қызығушылығы  мен  шығармашылық  қабілеттерін 
шыңдаумен қатар, баланың тұлғалық қасиеттерін де қалыптастырамыз.  
Әр оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруда кіріктірілген «Көркем еңбек» 
пәнінің  маңызы  зор.  «Көркем  еңбек»  пәні  бойынша  оқу  жұмыстарын 
ұйымдастырудың  формалары  алуан  түрлі.  Солардың  бірі  «аппликация» 
(бастырма).  
Аппликация  –  түрлі-түсті  қағаз,  мата,  тері  қиқымдарынан  құрастырылған 
бейне  шығарма  (сурет,  өрнек).  Аппликацияны  негізгі  бір  түстің  (қағаздың, 


101 
матаның,  терінің  және  басқа  да  материалдардың)  үстіне  басқа  түсті  қағазды, 
матаны,  теріні  және  басқа  да  материалдарды  жапсыру  немесе  тігу  арқылы 
орындалатын  жұмыстың  түрі.  Ерте  замандардан  бері  аппликацияны  киім-
кешекті, аяқ киімді, тұрмыс заттарын әшекейлеуге қолданған. 
Аппликация тәсілімен қағаз және қатырма қағаздан жасалған түрлі шырша 
ойыншықтарын, бетбелгі (кітаптың бетін белгілеуге арналған қағаз, бау немесе 
қандайда  бір  басқа  зат),  қорап  тәрізді  бұйымдарды  әшекейлеуге  болады. 
Мазмұнына  қарай  аппликацияны  бұйымдық  немесе  заттық,  сюжеттік,  ою-
өрнектік, шрифтік деп бөлуге болады.  
«Мамыргүл  бұтағы»  аппликациясы  (11-сурет).  Бұл  аппликация  гүлдері 
мен жапырағы бар бұтақтан тұрады. Гүлдерін ақ және ақшыл көк гофрленген 
немесе  папирос  қағазында  орындалады.  Ол  барлық  қабырғалары  5  мм  болып 
келетін қағаз шаршылардан жинақталады. Әр шаршы жұмсақ негізге қойылады 
және  қаламның  басымен  ортасынан  жаншылады.  Басудың  нәтижесінде 
шаршылардың шеттері жоғары қарай көтеріледі.  
Аппликацияның  негізі  барқыт  қағаз  немесе  түрлі-түсті  қатырма  қағаз 
болуы  мүмкін.  Оның  бетіне  қарындашпен  мамыргүлдің  гүлдерінің  кескінін 
салу  және  алдын  ала  әзірленген  ортасы  жаншылған  ұсақ  шаршылармен 
(желімдеп) толтыру қажет. 
Шаршыларды  бір-біріне  өте  жақын,  тығыз  орналастыру  керек.  Оларды 
қозғалту үшін қаламның өзегін қолдануға болады. 
 
 
11-
сурет – Мамыргүл ашықхаты 
 
Осы  тәсілді  қолдана  отырып  гүлдері  бір  шоққа  жинақталған  басқа  да 
гүлдерді  жасауға  болады,  мысалы,  сүмбілгүл,  гүлдеп  тұрған  шетенгүл 
ағашының  бұтағы,  қызыл  бүрген  бұтағы.  Төмендегі  суреттерде  осы  тәсілмен 
орындалған аппликация-мозаикалардың үлгілері берілген (12-сурет). 
 


102 
 
12-
сурет – 
Аппликация-мозаикалардың үлгілері
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет