Жүйелілік және бірізділік принципі келесі ғылыми тұжырымдарды негізге
алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе
ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін
қалыптастырудың басты тәсілі – белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу;
ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі логикасымен
және оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке
элементтерден тұратын оқу процесінің тиімді әрі жоғары нәтижеге жетуі ол
процесте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сәттердің болмауына
және бірізділіктің қандай да себептермен бұзылмауына тәуелді. Егер дағдылар
тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер
оқушылар логикалық ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-әрекетінде
үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде жүйелілік және бірізділік
сақталмаса, оқушылардың даму процесі бәсеңдейді [18].
Жүйелілік және бірізділік принципі:
-
оқушылардың білімдер жүйесін қалыпты игеруін қамтамасыз ету үшін
сызбанұсқаларды, жоспарларды, кестелерді, кескіндерді, үлгілерді орынды
пайдалану. Бұлар «Көркем еңбек» пәнінде орындалатын аппликация, оригами,
ашық хат, коллаж техникаларын орындауда қолданылады. Аталған жұмыс
түрлерін орындауда оқу материалын логикалық бітімге келген бөліктерге
ажырату арқылы, балаларды бір-бірімен байланысты бірізді оқу әрекеттерін
жасауға үйрету;
96
-
пәнаралық байланыстарды пайдалану. Мазмұндық тұрғыдан, сондай-ақ,
оқу әдістемелерінде сыныптар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.
Жаңартылған білім мазмұны аясында әзірленген кіріктірілген «Көркем еңбек»
пәнінің бағдарламасында бұл принцип айқын көрініс табады. Мысалы
«Шығармашылық идеяларды зерттеу және дамыту» бөлімінің «Қоршаған
ортаны білу және түсіну» бөлімшесін оқу барысына қойылатын мақсат:
1-
сыныпта – Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелер
мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін және т.б.). Бұл мақсат келесі сыныпта
тереңдетіледі.
2-
сыныпта – Таныс бейнелер мен пішіндерді зерттеу барысында қоршаған
ортаның кейбір ерекшеліктерін сипаттау (түс, фактура, пішін және т.б.).
3-
сыныпта – Бейнелер мен пішіндерді зерттеу барысында олардың
айырмашылығы мен ұқсастықтарын меңгере отырып, қоршаған ортаның
ерекшеліктерін түсіндіру (түс, фактура, пішін және т.б.).
4-
сыныпта – Қоршаған ортаның ерекшеліктерін, аса күрделі бейнелері мен
пішіндерін зерттеу барысында олардың, айырмашылығын, ұқсастығын және
өзара байланыс себептерін түсіну және түсіндіру (түс, фактура, пішін және
т.б.). Аталған мақсаттарға жету арқылы оқушылардың бір тақырып бойынша
білімдері
тереңдетілуімен
қатар
«Дүниетану»,
«Жаратылыстану»,
«Математика» және тіл пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.
Оқытудағы ғылымилық принцип оқушыға берілетін білімнің мазмұны
ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сәйкес деректерді, теорияны, заңдарды
қамтуын талап етеді. Бұл принцип оқу бағдарламасында, оқулықтарда және
оқылатын басқа материалдарда да көрініс табатын болса, оқыту барысында
оларға ғылыми әдістеме мен ғылыми зерттеудің қарапайым жолдарын да
білгізуге жағдай жасары сөзсіз. Ғылымилық принципі табиғаттың
заңдылықтарын ашуға, қоршаған ортаның алуан түрлілігін және әсемдігін
көруге мүмкіндік береді [18].
Ғылымилық принципі көркем өнер сабақтарында заманауи құрал-
жабдықтардың, өлшеуіш құралдардың, түрлі суреттердің қолданылуын талап
етеді. Оқушылар жаңа материалдармен танысып, олардың қасиеттерімен,
күнделікті өмірде, шаруашылықта қолданылуымен танысулары қажет.
Оқу суретінің ғылыми негіздері сәуле мен көлеңкенің, анатомия және т.б.
заңдарын оқып білетін перспектива, түсті оқу, көлеңкелер теориясы сияқты
бірқатар ғылымға негізделеді. Перспективалы суретке оқыта отырып барлық
балалардың назарын перспективаның ережелері мен заңдарын дәл сақтауға
аударамыз. Форманың құрылымдық құрылысын талдап, барлық оқушылар
берілген заттың құрылымын суретте қатал сақтауға үйренеді. Суреттің үлгісі
дара болуы мүмкін, бірақ жазықтықтардың кеңістікте орналасуы заңдылығында
әркім дұрыс, бірдей жеткізуі керек, өйткені бұл суреттің ғылыми негіздері. Дәл
осыны түс туралы, пропорция туралы да айтуға болады.
Ғылымилық принциптерін сақтай отырып мұғалім бояулардың негізгі
қасиеттері туралы айтуы керек, оқушылар оны есте жақсы қалдыруы үшін
қосымша түстердің схемасын (кестесін) көрсетуі керек.
97
Табиғат формалары мен болмысы құбылыстарының заңдылықтары оларды
кім бақылап отырғандығына қарамастан сол бір қалыпта қалады. Оқушыға
қандай болып көрінсе де әрбір құбылыс пен әрбір заттың құрылысының дұрыс
және біздің сезімімізге қарамастан белгілі заңдылықтары болады. Заттар
сезімнің арқасында емес, сезім заттың арқасында бар болады.
Білім алушылар үшін еңбектің қолжетімділік және күш жетерлік
Достарыңызбен бөлісу: |