Психологиялық тренинг Оқушыларға үшбұрыш таратып беру. -
Үшбұрыштың үш бұрышына сыныптағы үш оқушының
атын жазу.
-
Бірінші бұрышқа жазған оқушымен қол алысу.
-
Екінші бұрышқа жазған оқушының басын сипау.
-
Үшінші бұрышқа жазған оқушымен құшақтасу.
Ой қозғау -
Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер.
-
Үйлеріңде құралған көрпеше, жастықшалар бар ма?
-
Құрақты кімдер құрайды?
-
Құрақ қандай маталардан құралады?
Ортасы
Үштілділік:
Үш тілде айтып
үйрену: өрнек,
ою-өрнек,
композиция
Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының
бірі. Құрақты қазақ халқы тек төсеніш ретінде емес,
сонымен бірге сәндік үшін жастық бетіне де жасаған. Еш
оқытатын мектеп жоқ кездің өзінде шеберлер геометрияны
оқымасы да түрлі геометриялық фигуралардан тұратын
құрақты сәндеп құрай білгендігін оқушыларға үлгі етіп,
ежелгі мәдениетіміз тек сәнді емес, үнемді де болғандығын
айтып кетемін. Бүгінгі күнде де құрақ бұйымынсыз бірде
бір қазақтың үйі жоқ екендігі бәрімізге мәлім.
Құрақтың қолдануы – үй жиһаздарының бірі: құрақ көрпе,
көрпеше ата-бабаларымыздың дәстүрлі төсеніші болған
және тұрмысымызға көрік беретін сәндік бұйымдырдың
бірі. Құрақтан қолдорба да жасалған, керме, аяққап,
шайдорба, сандық жапқыш т.б. көптеген бұйымдар
жасалғанына мысалдар келтірейік.
Киіз үй жиһаздары – құрақпен безендірілген бұйымдарды
естеріңе түсіріңдер.