Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет39/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   139
 
Қағаз  бұрау  –  бұл  ұзындығы  мен  ені  әртүрлі  қағаз  кесінділерін  бумаға 
бұрау,  оларды  өзгерту  және  алынған  бөлшектерден  көлемді,  жазықтықтық 
композициялар  жасау  шеберлігіне  негізделген  жұмыс  түрі.  Көркем  еңбек 
сабағында  орындалатын  жұмыстың  бұл  түрі  оқушы  қолдарының  шағын 
моторикасын  дамытады,  кеңістіктік  ойлау  қабілетін  қалыптастырады, 
шыдамдылықты,  мақсатқа  жетуге  талпынушылықты,  білуге  құмарлылықты 
дамытады,  балалардың  қиялдау  және  елестету  қабілеттеріне  әсер  етеді, 
бақылауға,  салыстыруға,  талдау  жасауға,  соңғы  нәтижені  болжауға,  нақты 
заттармен ұқсастығын көре білуге үйретеді.  
Оригами  техникасының  көмегімен  аппликациялық  жұмыстар,  өз  ойынан 
шығарылған  ойыншықтар,  түрлі  кілемшелер,  фотосурет  жиектемелерін, 
суреттер жасауға болады. Ол бала қолының моторикасының, құрастырушылық 
ойлауының,  шығармашылық  қабілеттерінің  дамуына  ықпал  етеді.  Бастауыш 
сыныптардың  оқушылар  оригами  техникасы  арқылы  түрлі  заттар  жасап 
үйренеді, мысалы, 15-суретте ит жасаудың сызба-нұсқасы берілген. 
 


105 
 
15-
сурет – Ит жасаудың сызба-нұсқасы 
 
Коллаж  –  (француз  тілінде  collage  –  жапсыру,  желімдеу)  бұл  бейнелеу 
өнеріндегі  қызықты  техникалық  әдіс,  суретшілердің  шығармашылық  ізденісі 
кезінде  пайда  болған  бейнелеу  өнерінің  бір  тәсілі.  Бейнелеу  өнерінің  бұл 
түрінде  суретшілер  кескіндемесінде  қиялдарына  байланысты  өзіне  ұнаған  кез 
келген  заттарды  (түрлі  матаның,  қағаз,  газеттің  қиындыларын,  әйнек,  түйме, 
фольга,  ағаш  қалдықтарын)  жапсыру,  желімдеу  арқылы  шығармашылық 
жетістіктерге  жеткен.  Қазіргі  кезде  коллаж  балалар  шығармашылығында  кең 
қолдау  тапқан  өнер  түріне  айналды.  Коллаж  өнері  балалардың  ой-өрісінің 
шыңдалуына  үлкен  әсер  етеді.  Мектептің  бастауыш  сыныптарында 
орындалатын  коллажға  кәмпиттің  орама  қағаздарын,  ескі  газеттердің 
қалдықтарын, маталардың қиындыларын, түрлі ленталарды, пластмасс жайпақ 
ойыншықтарды және олардың қаптамаларын, ағаш жапырақтарын пайдалануға 
болады.  Себебі  коллаж  өнерінде  бастапқысында  бір  біріне  қатысты  болмаған 
элементтер қолданылады және қиыстырылады. Материалдар неғұрлым ерекше 
және стандартты емес болса, соңғы нәтиже соғұрлым қызықты болып шығады. 
Коллаж  балалардың  фантазиясын  және  шыдамдылығын  көрсетуге,  қиялын, 
салыстыру білігін дамытуға көмектеседі.  
Жіп сурет – техникасы көне өнердің бір түрі. Жіп сурет техникасын «жіп 
графикасы»  немесе  «жіп  дизайны»  деп  те  атайды  және  ол  сәндік-қолданбалы 


106 
өнер  түріне  жатады.  Сәндік-қолданбалы  өнер  туындылары  деп  эстетикалық 
сапаларға  ие,  өзінің  әдемілігімен  адам  көзін  қуантатын  суреттерді,  заттарды, 
көркем  туындыларды  айтамыз.  Сонымен  бірге,  сәндік  өнерді  меңгеру 
нәтижесінде  оқушылардың  бойында  өзінің  ұлттық  мәдени  тарихына  үңілуге, 
этнографикалық  ерекшелігін  білуге  ынталандырып,  ұлттық  өнерге  деген 
қызығушылығы артып, жалпы өнерге деген құрмет сезімі пайда болады.  
Жіп сурет техникасымен тігуге қажетті құрал-жабдықтар:  

жұмыстың негізгі фоны ретінде түрлі-түсті қатырма қағаз; 

былғары; 

барқыт қағазы; 

керілген бір түсті мата; 

СD дискілері, пластика тақтайшалар қолдануға болады. 
Жіптің  түрлері:  шарғы  жіп,  ирис,  мулина,  гарус,  жүн  жіп,  алтын,  күміс 
түсті  люрекс  жіптерін  пайдалануға  болады.  Сонымен  бірге,  ине,  біз,  оймақ, 
қайшы, желімді лента, пенопласт тақтайшасы қажет болады. Сызғыш түрлері, 
бұрыш шеңбер трафареттері, лекал түрлері, шаблондар. 
Жіп  сурет  техникасымен  жұмысты  тігу  барысында  оқушылар  түстердің 
үйлесімділігін  айыра  білуі  керек,  себебі  жұмыстың  әдемілігі  түстерді  сауатты 
қолданумен  тығыз байланысты болады.  Бұл  мақсатқа  жету  үшін  оқушыларды 
түстік  спектрмен  (негізгі,  қосынды,  ахроматикалық,  хроматикалық,  салқын, 
жылы, қосымша, контрасты) таныстыру қажет.  
Жіп  сурет  техникасы  деп  қатырма  қағазға  барқыт  қағазға  салынған 
суреттің  бойымен  жіппен  тігуді  айтады.  Қолөнердің  бұл  түрінде  балалар 
сызғышпен,  үлгімен,  шаблонмен  жұмыс  істеуге  үйренеді,  ине-жіпті  қолдану 
дағдыларын  бекітеді.  Көзбен  өлшеу  дағдылары  дамиды,  қол  саусақтарының 
шағын  моторикасы  жетіледі,  көркем-шығармашылық  әрекетпен  айналасу 
барысында  ұқыптылыққа  үйренеді.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  жас 
ерекшелігін ескере отырып сабақта жіп сурет техникасының бір түрі – суретті 
кескінді толтыру (16 - сурет) әдісін қолдануға болады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет