Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет51/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   139
Толық меңгеру технологиясы. 


123 
Американдық  ғалымдар  Дж.Кэрролл  және  Б.Блум  толық  меңгеру 
технологиясының  авторлары  болып  табылады.  Олардың  айтуынша  баланың 
қабілеті оның білім алуына қолайлы жағдай жасалған кезде оның оқу темпімен 
анықталады.  Толық  меңгеру  технологиясы  бойынша  барлық  оқушылардың 
білімді,  білікті  және  дағдыларды  меңгеруіне  арналған  белгілі  бір  деңгей 
ұсынылады, бірақ әр оқушы үшін уақыт, әдіс-тәсілдер, жұмыс істеу жағдайы әр 
түрлі болады. 
Аталған технология: 

балаларды оқу мақсатымен таныстыру; 

берілген тарау бойынша сыныпты жалпы оқу жоспарымен таныстыру; 

мұғалімнің материалды баяндауы; 

ағымдық тексеруді диагностикалық тест бойынша жүргізу; 

тексеру  нәтижесін  бағалау  арқылы,  тарау  мазмұнын  толық  меңгерген 
оқушыларды анықтау; 

тарауды  толық  меңгермеген  оқушылармен  түзету  оқуларын  жүргізуді 
қарастырады [20]. 
Сонымен,  барлық  оқушылардың  қол  жеткізуі  тиіс,  оқытудың  жоспарлы 
нәтижесі, яғни толық меңгеру үлгісі – бұл технологияның анықтаушысы болып 
табылады.  Толық  меңгеру  үлгісі  жүйеленген  мақсаттар  таксономиясының 
көмегімен беріледі немесе ойлау, сана-сезімдік және психомоторлық салаларға 
арнап әзірленген педагогикалық мақсаттар жүйесінің өзара байланысы. 
Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, 
өз  бетінше  жұмыс  істей  алу  мүмкіндігі,  оқудың  әдіс-тәсілдері  бойынша 
оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.  
«Модуль»  дегеніміз  –  іс-әрекеттің  мақсатты  бағдарламасы  белгілеген 
деңгейіне  (алдын-ала  жоспарланған  нәтиже)  жету  үшін  іріктелген, 
дидактикалық  тұрғыдан  өңделген  білім,  білік,  дағдының  белгілі  мазмұнының 
бірлігі  және  оның  әдістемелік  нұсқауы  немесе  аяқталған  оқу  ақпараты  болып 
табылатын  модульдік  бағдарламаның  негізгі  құралы.  Басқаша  айтқанда, 
адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны 
мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу 
материалының көлемі ретінде ұсынылады.  
Модуль  –  оқу  мазмұны  мен  технологияны  біріктіріп  тұрған  мақсатты 
функционалды байланыстырушы. Оқу модулі үш құрылымды бөліктен: кіріспе, 
сөйлесу және қорытынды бөлімінен тұрады.  
Модульдік  оқыту  технологиясы  –  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  дамытуға, 
шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті шеберліктері мен дағдыларын 
қалыптастыратын технология. 
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:  

қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 
-  
оқушылардың  әрбір  сабақта  іс-әрекетін  бағалау  үшін  диалогтік  қарым-
қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру; 
-  
барлық тақырыптар бойынша сынақ жүргізу [21]. 
Мазмұны  жаңартылған  білім  беру  бағдарламаларында  негізінен 
оқушылардың  ойлау  қабілетін,  ізденушілік,  өзбетінше  талдау  жасау,  өз 


124 
көзқарасын  дәлелдеу,  өзіне-өзі  баға  беру  қабілеттерін  дамытатын  жобалау-
зерттеушілік технологиясына басым көңіл аударылады.  
Жобалау әдісі – бұл оқу үдерісін тұлғаландыруды мүмкін қылатын, білім 
алушының  өз  бетінше  жоспар  құруына,  өз  іс-әрекетін  ұйымдастыруына  және 
бақылауына  жағдай  жасайтын  кешенді  оқыту  әдісі.  Оқушылар  жобалық 
практикалық  тапсырмаларды  жоспарлау  және  орындау  барысында  өз 
беттерінше  білім  алады.  Жобалық  әдістің  басты  мақсаты  –  білім  алушының 
практикалық міндеттерді немесе проблемаларды шешуі барысында түрлі білім 
салаларынан  алған  білімдерін  кіріктіру  арқылы,  өз  бетінше  білімін 
толықтыруына жағдай жасау.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет