Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«Көркем  еңбек»  кіріктірілген  пәндері  бойынша  оқытудың  қазіргі



Pdf көрінісі
бет48/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   139
«Көркем  еңбек»  кіріктірілген  пәндері  бойынша  оқытудың  қазіргі 
заманғы педагогикалық технологиялары 
 
Соңғы онжылдықтарда әлемде болып жатқан өзгерістер, білім беру жүйесі 
қызметіне  қоғамның  жасайтын  әлеуметтік  тапсырысын  анықтап  отыр.  Білім 
берудің  мақсаттарын  және  мектеп  жұмысын  ұйымдастырудың  жүйесін 
түбегейлі  қарастырмайынша  білім  алушылардың  қоғамның  әлеуметтік  жаңа 
жағдайларына және «ақпараттық жарылысқа» бейімделуі күрделі болады. 
Педагогикалық 
әдебиеттерде 
педагогикалық 
технологияларды 
сипаттайтын  көптеген  терминдер  кездеседі,  мысалы:  бағдарламалық  оқыту, 
проблемалық оқыту, дәстүрлі технология, авторлық технология және т.б. 
Заманауи 
педагогикалық 
технологиялардың 
шетелдік 
танымал 
авторларына  Дж.  Кэрролл,  Б.Блум,  Д.Брунер,  Г.Гейс,  В.Коскарелли  және  т.б. 
жатады.  Оқытудың  технологиялық  тәсілдерінің  ресейлік  теориясы  мен 
практикасының 
тәжірибесі 
П.Я.Гальпериннің, 
Н.Ф.Талызинаның, 
Ю.К.Бабанскийдің,  П.М.Эрдниевтің,  В.П.Беспальконың,  М.В.Клариннің  және 
т.б.  ғылыми  еңбектерінде  көрініс  тапқан.  Педагогикалық  технологиялардың 
тәрбиелік мағынасы қазақстандық ғалымдар В.М.Коротовтың, Н.Е.Щурковтын, 
В.Ю.Питюковтың  және  т.б.  зерттеулерінің  нысаны  болып  отыр. 
А.Е.Абылқасымова,  М.Ж.Жадрина,  С.Н.Лактионова,  А.К.Рысбаева  және  т.б. 
педагогикалық технологияны жаңа оқу пәні ретінде зерттеді. 
В.П.Беспалько  педагогикалық  технологиялардың  келесі  белгілерін  атап 
көрсетеді: 

оқытудың,  тәрбиелеудің  нақты,  бірізді  педагогикалық,  дидактикалық 
мақсаттарын әзірлеу; 

қабылдануға тиісті ақпаратты құрылымдау, реттеу, нығыздау; 

оқытудың  және  бақылаудың  дидактикалық,  техникалық,  сонымен  қатар 
компьютерлік құралдарын кешенді қолдану; 

оқыту  мен  тәрбиелеудің  диагностикалық  функцияларын  мүмкіндігінше 
күшейту; 

оқыту сапасының жеткілікті биік деңгейін кепілдендіру.  
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты, 
ол қажетті мазмұнды іріктеп алуды, оқытудың бағдарламаға және білім берудің 
міндеттеріне  сәйкес  қолайлы  әдістері  мен  құралдарын  пайдалануды 
қарастырады.  Педагогикалық  технологияны  толық  меңгеру  педагогикалық 
шеберлік  дегенді  білдіреді.  Бір  технологияны  әр  мұғалім  өзінше  жүзеге 
асырады  және  оның  жүзеге  асыру  ерекшелігінен  педагогикалық  шеберлікті 
көруге болады.  
Дамыта оқыту технологиясы.  
1. Л.В.Занков дамыта оқытуды келесідей жүйелейді: 

бала тұлғасын дамыту; 

жеке тұлғаның жалпы дамуының жоғары деңгейі; 

тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына негіз жасау. 
Іс-әрекетті жүзеге асыруға үйрену оқытудың мақсаты болып табылады. 
2.  Д.Б.Эльконин  мен  В.В.Давыдовтың  дамыта  оқыту  технологиясының 


118 
мақсаттары: 

теориялық  сана-сезім  және  ойлау  қабілетін  қалыптастыру,  білімді 
ғылыми ұғымдар деңгейінде меңгеру; 

іс-әрекетті жүзеге асыруға үйрену; 

балалардың оқу қызметінде ғылыми таным логикасын еске түсіру; 

оқушылар  мазмұнды  қорытынды  жасай  білулері  тиіс,  яғни  бастапқы 
ұғымдарды нақтылау, іс-әрекетті ойша орындаудан нақты орындауға ауыса алу; 

белгілер  моделі  түрінде  берілген  оқу  іс-әрекетінің  жаңа  құралдарын 
меңгеру. 
3. 
А.А.Востриковтың 
диагностикалық 
тура 
дамыта 
оқыту 
технологиясының мақсаты: 

туа  біткен  және  өмір  сүру  барысында  пайда  болған  қабілеттерді  тура 
дамыту және оларды оқу үдерісіне қосу; 

баланың оқу және мінез-құлықтық енжарлығын серпінді жеңу; 

баланың  табысты  іс-әрекет  жасауына  және  ұйымдастырушылық 
тәжірибесіне қажетті белсенділік қалыптастыру; 

оқыту  әдістерінің  жүйесіне  және  мазмұнына  енгізілген  педагогикалық 
психотерапия  кешенінің  көмегімен  баланың  жүйкелік  мазасыздануын 
болдырмау (денсаулық сақтау технологиялары және қолайлылық принципі); 

құрбыларымен  және  отбасы  мүшелерімен  достық  қарым-қатынас 
қабілеттерін қалыптастыру және адамгершілік қасиеттерін дамыту; 

жеке  және  топтық  шығармашылық  жұмыс  істеу  барысында  ауқымды 
ақпаратпен жұмыс істеу, сол ақпаратты күнделікті өмірде қолдану, іздеу, өңдеу 
дағдыларын қалыптастыру және дамыту; 

дамыған  ақыл-парасат  көрінісі  ретінде  сезім  және  жан  толғанысы 
мәдениетін дамыту; 
4.  Тұлғаның  шығармашылық  дарынын  дамытуға  бағытталған  дамыта 
оқыту жүйесінің мақсаттары (И. П. Волков, Г. С. Альтшуллер, И. П. Иванов): 

шығармашылық қабілеттерді анықтау, есепке алу және дамыту; 

оқушыларды  нақты  нәтиже  алуға  болатын  шығармашылық  іс-әрекетке 
тарту; 

шығармашылық қиялдың түрлерімен таныстыру; 

ойлап тапқыштық міндеттерін шешуге үйрету; 

құқықтық  демократиялық  қоғам  құруға  өз  үлесін  қосатын,  қоғамның 
мәдениетін арттыратын қоғамдық-белсенді тұлға тәрбиелеу.  
5.  И.С  Якиманскаяның  тұлғаға  бағытталған  дамыта  оқыту 
технологиясының мақсаты: 

әр оқушының тұлғалық танымдық қабілеттерін дамыту; 

баланың жеке тәжірибесін анықтау, ынталандыру, пайдалану; 

баланың бойында бұрын пайда болған қасиеттерді қалыптастырмай, оның 
өзін-өзі тануына, өз тағдырын өзі шешуіне көмектесу.  
6. 
А.А.Ухтомский  және  Г.К.Селевконың  оқушы  тұлғасының  өздігінен 
дамыту  технологиясының  мақсаты  –  өз  бетінше  кемелдене  алатын  адам 
қалыптастыру. 
7.  Л.Г  Петерсонның  дамыта  оқытудың  кіріктірілген  технологиясының 


119 
(жүйелі-әрекеттік педагогиканың технологиясы) мақсаттары: 

өскелең  ұрпақтың  бойында  өздігінен  дамуға  дайын  болу  қасиетін 
қалыптастыру; 

жалпы  адамзаттық  құндылықтар  жүйесін  және  оның  жеке  тұлғалық 
сапаларда көрініс табуын қалыптастыру;  

іс-әрекеттік оқыту арқылы ойлауды қалыптастыру; 

белгілі бір жүйеде ондағы қалыптасқан тәртіптерге сәйкес бейімделе алу 
шеберлігін қалыптастыру; 

өзінің  іс-әрекетін  мақсатқа  жетуге  бағыттап  жоспарлау  және  өзінің  іс-
әрекеті мен нәтижелерін бағалай білу дағдысын қалыптастыру; 

білім  беру  бағдарламалары  деңгейіне  және  заманауи  білім  деңгейіне 
сәйкес әлем бейнесін қалыптастыру. 
Қазіргі  кезде  білім  саласында  қолданылып  жүрген  көптеген 
технологиялардың  ішінде  дамыта  оқыту  технологиясы  көпшілікке  неғұрлым 
танылған технологиялардың бірі болып отыр. 
Егер  бастауыш  сыныптардағы  кіріктірілген  «Көркем  еңбек»  пәнінде 
дамыта  оқыту  технологиясын  қолдану  туралы  айтатын  болсақ,  мақсаттар 
жүйесі білімді дамытып отыруға негізделген. Мысалы, «Қоршаған ортаны білу 
және түсіну» бөлімшесін қарастырайық. 
1-
сыныпта  мақсат  –  Қоршаған  ортаның  кейбір  ерекшеліктерін,  таныс 
бейнелер мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін және т.б.).  
2-
сыныпта  мақсат  –  Қоршаған  ортаның  кейбір  ерекшеліктерін  таныс 
бейнелер  мен  пішіндерді  зерттеу  барысында  сипаттау    (түс,  фактура,  пішін 
және т.б.). 
3-
сыныпта мақсат – Бейнелер мен пішіндерді зерттеу барысында олардың 
айырмашылығы  мен  ұқсастықтарын    меңгере  отырып,  қоршаған  ортаның  
ерекшеліктерін түсіндіру (түс, фактура, пішін және  т.б.).  
4-
сыныпта  мақсат  –  Қоршаған  ортаның  ерекшеліктерін,  аса  күрделі 
бейнелері  мен  пішіндерін  зерттеу  барысында  олардың,  айырмашылығын, 
ұқсастығын  және  өзара  байланыс  себептерін  түсіну  және  түсіндіру  (түс, 
фактура, пішін және т.б.).  
Мақсаттар  жүйесінен  бір  тақырып  аясы  жылдан  жылға  тереңдетілу 
арқылы, оқушылардың білімі, білігі, дағдысы дамытылатынын көруге болады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет