Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет50/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   139
 
 
 
 
17-
сурет – Гальпериннің ақыл-ой қызметін кезең-кезеңмен қалыптастыру 
теориясы 
 
Шебер  ұстаздың  арнайы  ұйымдастырған  дамытушылық  кеңістігі 
оқушыларға білімді меңгерудің (ашудың) ұжымдық бірлескен ізденісін құруға 
мүмкіндік береді, бұл ұжымдық қарым-қатынас технологиясының мәні болып 
табылады. Оқушылардың сана-сезімінің, ойлауының, тәжірибелік іс-әрекетінің 
қолайлы жаққа өзгеруі бұндай білім беру кеңістігінің нәтижелілік критерийлері 
болып табылады. 
Ұжымдық  қарым-қатынас  (ұйымдастырылған  диалог,  үйлесімді  диалог, 
оқытудың  ұжымдық  тәсілі,  жұптық  жұмыс)  технологиясын  А.Г.Ривин  және 
оның шәкірттері В.В. Архипова, В.К.Дьяченко, А.С.Соколов және басқалардың 
қатысуымен әзірленген. 
Ұжымдық қарым-қатынас технологиясы үш компоненттен тұрады: 

оқу материалын дайындау; 

оқушыларды бағыттау; 

сабақтың технологиялық кезеңі. 
Оқу  материалын  дайындау  оқу  мәтіндерін,  тақырып  бойынша  қосымша 
және  анықтамалық  әдебиеттерді  іріктеуден  тұрады;  оқу  материалын  меңгеру 
бірліктеріне  бөлу  (мағыналық  абзацтар);  мақсатқа  бағытталған  тапсырмалар 
(сонымен қатар үй тапсырмаларын да) әзірлеу. 
Материалдық формадағы  
іс-әрекетті меңгеру кезеңі 
Бағыттаушы негіздегі іс-әрекеттен соң ақыл-ой 
қызметі материалдық формада, яғни мәтін, 
схема, жоспар, үлгі ретінде ұсынылады. 
Оқушылар ақыл-ой қызметін объектілермен біге 
орындайды. 
Қатты сөйлеу әрекетін орындау 
кезеңі 
«Іштей» сөйлеу әрекетін орындау 
кезеңі 
Ақыл-ой формасында әрекетті 
орындау кезеңі 
Бұл кезеңде тілдің көмегі арқылы санада мазмұн 
маңызды орын алады, себебі мазмұн іс-әрекеттің 
тірегі болады. 
Қатты сөйлеу қызметі іштей сөйлеуге ауысады. 
Сөздің дайындық жағы біртіндеп жоғалады. 
Абстрактідегі мазмұнды ақыл-ойды өзгертуге 
әкеледі. Тілдік процесс санадан кетеді, онда тек 
соңғы нәтижені қалдырады. 


122 
Кіріктірілген  «Көркем  еңбек»  пәніндегі  ұжымдық  қарым-қатынас 
технологиясы, балаларды ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге, өз ойын дәлелдеуге, 
достарын  тыңдай  білуге,  бір-біріне  көмек  көрсетуге  тәрбиелеуге  мүмкіндік 
береді. Алдыңғы технологияларда қарастырылған «Қоршаған ортаны білу және 
түсіну» бөлімшесіндегі (1-сынып) – Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, 
таныс  бейнелер  мен  пішіндерін  білу  (түс,  фактура,  пішін  және  т.б.)  мақсаты 
бойынша  тағы  бір  мысал  келтіруге  болады.  Дайын  көбелек  бейнелерін 
қолданып,  оқушыларға  топта  «Жазғы  дала»  немесе  «Көбелектер  алаңы»  атты 
шығармашылық жұмыс орындауды тапсыруға болады. Бұл жұмысты орындау 
барысында  оқушылар  өздері  әзірлеген  көбелектерді  пайдаланады,  сонымен 
қатар бірлесе отырып шығармашылық жұмыс орындайды, яғни біреуі гүлдердің 
суретін салады, біреуі бояйды т.с.с. 
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша 
өзгерген  мақсатпен  оқушылардың  өздігінен  танып,  іздену  іс-әрекеттерін 
меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және 
өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
 
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, 
қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – 
сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. 
Сабақта  қандай  оқушы  болмасын,  жақсы  оқитынына  қарамастан  жұмысты 
І деңгейден  орындайды.  І  деңгей  тапсырмаларын  орындау  мемлекеттік  білім 
стандарты  талаптарының  орындалуына  кепілдік  береді.  І  деңгейді  орындаған 
оқушы  «3»  деген  бағамен  бағаланады.  Әрбір  оқушы  І  деңгейді  орындауға 
міндетті  және  одан  жоғарғы  деңгейдегі  тапсырмаларды  орындауға  құқылы. 
Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға 
ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай 
жатқан  жағдайда  қалған  тапсырмаларды  үйде  орындауға  беру  керек. 
Деңгейлеп-саралап  оқыту  технологиясының  екінші  бір  жағы  –  оқушыларды 
дүниежүзілік  білім  жүйесінде  қолдананылаты  рейтинг  –  ұпай  жинау  әдісіне 
баулу. 
Деңгейлік  тапсырмалар  рейтинг-ұпай  –  балл  жинау  әдісімен 
бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол 
тапсырмаларда  жіберген  қателіктеріне,  тапсырмаларын  орындауда  қолданған 
тәсілдеріне  талдау  жасап,  қателіктері  мен  кемшіліктерін  анықтай  білуге 
мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау 
үшін  ізденіп  оқытушыдан,  жолдастарынан,  қосымша  материалдардан  білім 
жинайды
 
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
 
-
 
оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
 
-
 
оқушының ынталандыруға;
 
-
 
оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
 
-
 
оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
 
-
 
баға әділдігіне;
 
-
 
білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді [19]. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет