Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет55/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   139
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


132 
Қорытынды  
 
Ұлағатты ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың «Мұғалім қандай болса
,
мектеп те 
сондай» деген сөзінде терең мағына жатыр. Сол үшін де қазіргі ұстаз – ертеңгі 
болашақтың  кепілі.  Ұстаздарға  үлкен  жауапкершілік  туын  бекем  ұстап, 
өздерінің білімдері мен тәрбиесін келер алдыңғы буынға тапсыру міндеті тұр.
 
Ұстазға  қойылатын  басты  талап  –  ақпараттандырған  жан-жақты, 
дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт тәрбиелеу. Сапалы білімге жету 
жолында  ұстаздың  аянбай  еңбек  етуі  керек.  Оқытудың  тиімді  әдіс-тәсілдерін, 
қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт. 
Жаңартылған  білім  мазмұны  негізінде  білім  жүйесінің  жаңа  болмысы 
қалыптасуда.  Білім  берудің  әдіс-тәсілдері  түбегейлі  өзгеруіне  байланысты 
инновациялық  процестің  қарқындылығы  артуда.  Бүгінгі  күннің  талабы  – 
ұстаздық  әрекеттің  жеке  тұлға  дамуына  жағдай  туғызуы.  Осыған  орай  білім 
беру  жүйесінде  әлемдік  жоғары  деңгейге  қол  жеткізген,  алдыңғы  қатарлы 
оқыту әдіс-тәсілдері арасында кіріктірілген оқытуға негізделген әдіс-тәсіл кең 
таралып отыр.  
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушының сапалы 
және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс 
істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Осындай ерекше мәнге ие болып 
отырған  кезде  бүгінгі  мектеп  алдында  оқушыларға  білім  берумен  қатар, 
олардың  ақыл-ой  белсенділігін,  шығармашылық  іс-әрекетін  дамыту  мәселесі 
тұр.  Оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекеті  мен  ізденімпаздық  дағдыларын 
қалыптастыру,  жүйелі  қорытынды  жасай  білу,  дәлелді  пікір  айту  іскерлігін 
арттыру, жалпылай алу, дедуктивті ойлау, логикалық икемдіктер - салыстыру, 
талдау,  жинақтау,  жүйеге  келтіру  пәнді  оқытуды  өн  бойында  жүзеге  асыруға 
болады.
 
«Бәсекеге  қабілетті  Қазақстан  үшін,  бәсекеге  қабілетті  экономика  үшін, 
бәсекеге  қабілетті  халық  үшін!»  жолдауында:  «Білім  берудегі  жаңалық  – 
Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік 
беретін  аса  маңызды  құралдың  бірі»  -  делінген.  Немесе  бұл  орынды  пікірді 
Елбасымыздың  тағы  бір:  «Терең  білім  –  тәуелсіздігіміздің  тірегі,  ақыл-ой  – 
азаттығымыздың алдаспаны» - деген пікірімен жалғауға болады. ХХІ ғасыр бой 
жарыстыратын  емес,  ой жарыстыратын  ғасыр екендігін ескерсек,  сол  ғасырда  
үздік  оқытудың  үлгісі  бола  алатын  көшбасшы,  ұлттың  зияткерлік  әлеуетін 
арттыратын  ұрпақ  тәрбиелеуді  мақсат  тұтатын  жаңартылған  білім  мазмұны 
мәнмәтініндегі  кіріктірілген  оқу    бағдарламалары  бірден-бір  тиімді  құрал 
болып табылады. Жалпы кіріктірілген білім бағдарламасы, ондағы оқушыларды 
критериалды  бағалау  -  заман  талабына  сай  шәкірт  білімін  дәл  айқындауға 
мүмкіндік беретін әмбебап бақылау жүйесі. 
Әдістемелік құралдың міндеті мұғалімдердің кіріктірілген пәндерді оқыту 
процесінде  қолданылатын  әдіс-тәсілдерді,  сондай-ақ  тарауларда  келтірілген 
негіздерді нұсқаулық ретінде пайдалана білулеріне көмектесу.  
Қорыта  келе,  мектептегі  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  оқу-
тәрбиелік процесті ұйымдастыру жаңа көзқарас мәселесі қазіргі күн талабына 


133 
сәйкес  білім  беру  жүйесін  жаңарту  мен  жетілдірудің  аса  маңызды  кезеңінде 
үлкен  мән  беріліп  отырған  көкейтесті  тақырып.  Қазіргі  қоғам  алдындағы 
қойылып  отырған  міндеттердің  ең  өзектісі  –  бүкіл  білім  жүйесін  түбегейлі 
жаңартып,  әлемдік  деңгейге  сәйкес  келетін  оқыту  мазмұнын  жаңарту. 
Оқушыларға лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына 
жақын  қарым-қатынас  арқылы  оларды  дамыту  мәселесін  ғылыми  жолға  қою 
оңай мәселе емес екендігіне, оқу-тәрбие процесінің небір қиын проблемаларына 
тап  болып,  оны  шешу  жолындағы  басқару  әрекеттерін  дұрыс  ұйымдастыра 
білгенде ғана жұмысымыз нәтижелі болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет