Жобалық оқыту технологиясы – бұл белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге
бағытталған оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі. Ол тұлғаның
шығармашылық дербестігіне, қызығушылықтарына, өзін қызықтыратын
мәселенің шешімін табу жолындағы іс-әрекет үстінде оның интеллектуалдық
және дене мүмкіндіктерінің, еріктік қасиеттері мен шығармашылық
қабілеттерінің дамуына бағытталған.
Заманауи педагогикада жобалық оқыту жүйелі пәндік оқытудың орнына
емес, сонымен қатар білім беру жүйелерінің компоненті ретінде қолданылады.
Жобалық оқыту технологиясы оқу жобасын орындау барысында
оқушының қиыншылықтарды жеңу үшін нақты жағдаяттарды басынан
кешіруді, құбылыстың, үдерістің түбіне жетуді қатыстыруды көздейді.
Оқу жобасына қойылатын талаптар:
1.
Әлеуметтік маңызы бар зерттеушілік, ақпараттық, тәжірибелік
міндеттің (мәселенің) бар болуы қажет.
2.
Жобаны орындау мәселені шешу бойынша іс-әрекетті жоспарлаудан,
басқаша айтқанда – жобаны жобалаудан, атап айтқанда – өнімнің түрі мен
презентацияның түрін анықтаудан басталады.
3.
Әр жоба, міндетті түрде, оқушылардың зерттеушілік жұмысын талап
етеді.
Жобалық іс-әрекеттің басты ерекшелігі – ақпарат іздеу. Ол кейін өңделеді,
зерделенеді және жобалау тобының қатысушыларына ұсынылады.
Жоба бойынша жұмыстың нәтижесі өнім болып табылады
Кешенді және көп мақсатты әдіс ретінде оқыту жобасының түрлері де көп.
Жобадағы іс-әрекет түрінің басымдылығына қарай олар:
-
тәжірибелік бағытты;
-
зерттеушілік;
-
ақпараттық;
-
шығармашылық;
-
рөлдік болып бөлінеді.
Жобаға қатысушылар санына қарай:
-
жеке-дара
-
топтық болады.
Ұзақтығына қарай:
-
шағын жобалар (1 сабақ көлемінде орындалады);
-
қысқа мерзімді (3-4 сабақ);
125
-
орта мерзімді;
-
Ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Отандық және шетелдік педагогтер мен психологтердің пікірлерімен
келіспеуге болмайды. Олардың пайымдауынша «жобалық оқыту сыныптық-
сабақтық жүйені ығыстырып тастамау керек, оны «оқытудың тура және жанама
түрлеріне» қосымша ретінде қолданған жөн».
Жобалық технологияның тиімділігі мен 7-10 жасар оқушылардың жас
мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны мектептік оқытудың бастауыш
буынында қолдана бастаған жөн. Соған байланысты жобалау әдісінің
ерекшеліктері мен оны бастауыш мектеп оқушыларымен ұйымдастырудың
нұсқаларын қарастыру қажет.
Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында әзірленген «Көркем еңбек»
пәні оқу бағдарламасының «материалдар және шығармашылық жұмыс
техникалары» бөлімшесіндегі «әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып,
өздігімен таңдалған материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды
қолданып, эксперемент жүргізу» мақсатын жобалық технология арқылы жүзеге
асыруға болады. Тапсырма: табиғи материалдардың қандай түрлерін және қай
жерлерде қолдануға болатынын анықтау; табиғи материалдарды қолданып
ойыншықтар жасау.
Мысалы: оқушылар жаңғақтар туралы мәліметтер жинайды.
-
жаңғақтардың түрлері (грек жаңғағы; орман жаңғағы; жер жаңғағы;
самырсын жаңғағы т.б.);
-
олардың өсетін жерлері, өсуіне қажетті жағдайлар;
-
көркем еңбекте қолданылуы (қандай бұйымдар жасауға болады).
Самырсын жаңғақтарын аңдардың аяқтарын, орман адамдарын жасау
барысында қолдануға болады. Бұл жаңғақтарды бізбен тесуге болады, жеңіл
желімденеді.
Көркем
еңбек
туындыларын
жасауда
сандық
компьютерлік
технологияларды қолданудың негізінде, Д.Дьюидің оқу іс-әрекетін
ұйымдастыру бойынша күнделікті өмірден алынған практикалық мәселелерді
шешу идеялары жатыр. Д.Дьюи білім мазмұнын стандарттаудың қажеттілігін
теріске шығарады және оқытуды балалардың қызығушылығына бағытталуы
тиіс деген көзқарас айтады.
Жоба – бұл ой, жоспар; бір құрылыстың, механизмнің алдын ала
әзірленген жоспары; кезкелген бір құжаттың алдын ала әзірленген мәтіні.
Жобаның түрлері: пәнаралық, көппәндік болады.
Жобалық технологияның мәні: оқушылардың нақты мәселелерді шешуге
деген қызығушылығын арттыру. Мәселенің шешімін табу үшін оқушының сол
саладан жинақтаған білімі болуы және ол мәселені шешу үшін білім мен
тәжірибелік іс-әрекеттерді сабақтастыра отырып нәтижесін практикалық
жолмен көрсете білуі тиіс.
Сонымен жобалық оқыту технологиясы өнім ала отырып оқыту идеясын
жүзеге асырудың тәжірибелік нұсқасының бірі болып табылады. Өнімді оқыту
дегеніміз – оқыту үдерісі барысында орындалған іс-әрекеттің жеке нәтижесін
көрсету арқылы түсіндіріледі.
126
Ойын технологиясы.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі саласы
сабақ. Сабақ барысында бастауыш сынып оқушылардың білімі, біліктілігі,
іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Кез келген сабақтың басты мақсаты –
оқушы білімінің сапасын арттыру, яғни түпкі нәтижені көре білу, сабақ
барысында берген білімнің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы
оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Әр оқушының жас
және даму ерекшелігіне байланысты сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы,
даму ерекшеліктері әртүрлі болады. Сондықтан оқушылардың осы топтарына
әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген
оқушының қызығушылығын тудырады. Бастауыш сынып оқушылары ойын
арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен
орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі –
дидактикалық ойындар.
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын, зейінін арттырады. Атап айтқанда, мұғалім ойын
жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар
қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Бастауыш сынып
оқушылары жас ерекшеліктеріне қарай әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім
оларды жалықтырмай әртүрлі ойындарды қолдану арқылы сабақты қызықты
өткізуге тырысуы қажет. Бастауыш сыныптардың барлық пәндерінде, сонымен
қатар «Көркем еңбек» сабақтарында да дидактикалық ойындарды жаңа
тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, сурет салу, құрастыру,
желімдеу т.б. жұмыс түрлерін ойын элементтерін пайдалану арқылы өткізуге
болады.
Ойын технологиясы оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін дамытып, ойлау
қабілетін арттырумен қатар, тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен
әсер етеді. Шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік
қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Ойын ойнау барысында
үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын
да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде
ғана дұрыс нәтижелер береді.
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?
Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын
мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйренеді.
Оқу процесінде алған білімдерін нақты істе қолдана білуге мүмкіндік
алады.
127
Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
Уақытты үнемдеуге үйренеді.
Психологиялық жағымды ортада білім алады.
Шешім қабылдауға, жауапкершілікке үйренеді.
Қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйренеді.
Ойын арқылы оқушылар өздері жеткен жетістіктері, әсерлері, алған білімі
туралы ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен бөлісе алады.
Ойын технологиясын тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін,
тартымдылығын
күшейтеді,
оқушылардың
сабаққа
ынтасы
мен
қызығушылығын арттырады.
Педагогикалық технологиялардың мәні оқушыны, оның қабілеттерін,
қажеттіліктерін дамыту және сол арқылы оның қоршаған ортада еркін және
өздігінше өмір сүруге бейімделуін қамтамасыз ету.
Сонымен, кіріктірілген «Көркем еңбек» пәнін оқыту барысында пән
бойынша білім стандарты және оқу бағдарламалары қойған мақсаттарға жетуге
жағдай жасайтын, яғни оқушылардың бойында:
-
топта жұмыс істеу шеберлігін;
-
өз ойын дәлелді және ашық айту дағдысын;
-
сыныптастарының, достарының ойын тыңдау дағдысын;
-
қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыра алатын технологиялар
қолданылады.
128
Достарыңызбен бөлісу: |