«Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген сабақтарында АКТ пайдалану
жолдары.
Интерактивті тақтаны қолдану.
Оқыту процесін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен
жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін
мектептерінің барлығы интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген.
Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-
бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Қарапайым тақта және
компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын
13
кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану
кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап,
керекті материалдарды дайындау керек.
Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана
алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақтаны пайдалану ыңғайлы,
әрі уақыт үнемдейді.
Интерактивті
тақта
оқытудың
басқа
тәсілдеріне
қарағанда
(салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз
сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады.
Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге
қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты
үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да
арттырады.
Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың
жартылай жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік
тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға
болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе
келесі жолы тағы да қолдануға болады.
Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны
пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты
үнемдейді.
Компьютерлік графикалық материал презентациялық слайд көмегімен
көрсетіледі. Microsoft Power Point бағдарламасының көмегімен оқу процесінде
презентациялар мен слайдтар жасап көрсету, оқушылардың қызықты және
дәлелді (мағыналы) болады, танымдық ойлауы мен есте сақтауын
қалыптастырады.
Интерактивті технологияның ерекшеліктері:
1) Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі-түсті, айқын, ұқыпты
кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әртүрлі
қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес. Слайдтарда
кемшіліктер мен қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. Сабақтың
тиімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды.
2) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
3) Оқу материалын беру логикасына көп көңіл аударады, бұл
оқушылардың білім деңгейіне оң әсерін тигізеді. Компьютерге деген қарым-
қатынас өзгереді.
Activstudio-
да қалам, өшіргіш, түс, себет деген нәрселерді игеру, сонымен
қатар, кітапхананың ішінде не бар, оны пайдалана білу керек. Ал флипчарт
мәліметті сақтайды, анықтайды, жабады.
Сонымен, сабақ процесінде интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін
қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын,
білім сапасын арттыруға болатыны анық. Сабақта интерактивті тақтаның
элементтерін пайдалану, оқушылардың дайындалған арнайы тапсырмаларды
тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге дағдыландырады.
Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр
14
тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін
қолдануға болады. Бұл әдіс оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік
береді және тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай
алады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта
бағалауға болады. Ал жауап нәтижелерін бақылап, оқушылардың материалды
түсіну деңгейін анықтауға болады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі
үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау
оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия
түрде бере алады. Жаңа ақпараттық технологияларда электрондық тестерді
қолдану оқудың тиімділігін көтереді, сонымен қатар оқушының бірден-бір
өздігінен жұмыс істеу құралы болып табылады. Тестік формадағы тапсырмалар
қысқа сұрақтардан тұруы тиіс. Техникалық құралдар арқылы тесті тез әрі нақты
және үнемді орындауға болады. Электрондық тестерді оқу процесінің кез
келген кезеңінде қолдануға болады. Электрондық тестерді «Aktivstudio
Professional Edition V3“ бағдарламасындағы «Оценка тест» бағдарламасымен
құрастыруға болады. Мұғалім алдын ала дайындалған тест арқылы кез келген
уақытта сабақта өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексере алады
және оқушы электрондық тесттер арқылы өзін-өзі тексере алады. Мысалы,
сабақта оқушыларға тесттік тапсырмалар беруге болады.
Интерактивті тақтада слайд арқылы мұғалімнің дайын ақпаратты мәтін,
фото, видеоны компьютерлік презентациямен пайдаланады. Оқушылар алдына
қойылған мәселе тақтада қайталанып еске түсіріп отыруға өте жақсы жағдай
туғызады. Осылайша оқушылармен қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында СТО
технологиясы бойынша берілген әдістер бойынша тапсырмалар берілгенде
оқушылар шешуге өз әдістерін ұсынады.
Көмекке берілген ережелер, т.б құралдар экранда флипчарт арқылы
жабылып тұруы мүмкін. Оқушылар талдау барысында жауаптары тақтада
жазылады, ашылады, қателер түзетіліп, дәлелденеді.
Айнымалыларды құрастыруға тапсырма беруге болады, оны орындау
барысында оқушының заттардың химиялық қасиеттерін біледі, өзінің іс-
әрекетін анықтайды, сыныптастарының жауаптарын талдауға үйренеді.
Интерактивті тақтада сәйкестендіру есептерді тиімді талдауға өте ұтымды.
Қазақ тілі мен әдебиеті кіріктірілген сабақтарында маңызды жұмыстарда
кестелерді, графиктерді қолдану тиімді. Ал интерактивті тақтадағы кесте,
графиктерде қажетті ақпаратты маркер – қаламмен сызып бөлуге болады,
назарды аударуға болады. Тақта басқа пәндермен байланыста болуға өте
маңызды. Мысалы, географиядан карталарды, табиғи объектілердің
фотографияларын т.б байланыстыра жазамыз.
Интерактивті тақта сабақтың ұйымдастырушылық, қайталау, жаңа
тақырыпты игеру, бекіту, қорытындылау, талдау кезеңдерінде, білім бақылауда
кеңінен оқушының қызығушылығын, оқуға танымдық қасиетін оятуға тиімді.
Объективті бағалауға, оқушының еркін сезінуге ақпараттық-коммуникациялық
мәдениетінің деңгейі өсуіне жағдай жасалып, келешекте терең білім алуға
көмегі зор.
15
Интернетпен жұмыс.
Қазіргі ақпарат ғасырында өмірімізді әртүрлі ақпарат көздерінсіз елестету
мүмкін емес. Теледидар мен радио желісінен бүкіләлемдік интернет кеңістігіне
көшіп бара жатқан заманда, келешек ұрпақты осы заманауи процестердің
залалды әсерлерінен сақтап, пайдалы тұстарын өз жұмысымызда пайдаға асыру
үшін интернет желісін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен
пайдалануға тырысуымыз қажет. Қазақ тілі мен әдебиеті кіріктірілген пәнінде
ғаламтор желісін пайдалану формалары мынадай:
Достарыңызбен бөлісу: |