Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет3/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
 
 
 



1  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  (Т2)»  кіріктірілген  пәндерін  оқыту  кезіндегі 
тәсілдер мен принциптер 
 
Р.  Декарттың  «Барлық  ғылымдардың  байланыстылығы  сондай,  олардың 
бәрін бірден оқыту – олардың біреуін басқасынан бөліп оқытудан оңай» деген 
пікірін  еске  алсақ,  пәнаралық  байланыс  білім  берудің  кіріктірілген 
технологиясының құрамына енеді. Оның ұғымының ауқымы кең.
 
Философиялық-педагогикалық  ұстаным  жағынан  бұл  технология  –  жеке 
тұлғаның ойлау дәрежесі мен бүкіл адамзат қауымы санасының сан ғасырлық 
даму дәрежесін ретке келтіруші, үйлестіруші қозғаушы күш.
 
Кіріктіру  ұстанымының  басты  қағидасы  –  ғылыми-жаратылыстану  және 
қоғамдық-гуманитарлық  білімдерді  жеке  білім  аймағында  шартты  түрде 
қарастыра  отырып,  оқушыларға  әлемнің  біртұтастығы  жайлы  ғылыми  - 
синтездік білім беру болып табылады.
 
Кіріктіріп  оқыту  ұстанымдары  кіріктіріп  оқытудың  басты  мақсатына  – 
оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына тікелей бағытталған. Яғни: 
1.  Білімдердің  синтезі.Оқу  материалын  тұтас,  жинақталған,  жүйеленген 
түрде қабылдау оқушының ой-өрісінің кеңдігін қамтиды. Кіріктіру әдістерімен 
зерделенетін  мәселені  шешу  ойлау  қабілетін  белсенділігі  мен  мақсаттылығын 
дамытады. 
2. Оқу материалын тереңдету.Оқу материалын терең ұғыну кең ауқымды 
ойлауға ықпал етеді. 
3. Мәселенің өзектілігі, немесе мәселенің практикалық маңыздылығы. Оқу 
материалын  меңгеру  барысында  практикалық  мәселені  шешу  оқытудың 
тәжірибелік  бағытын  күшейтеді,  оқушының  сын  тұрғысынан ойлауын,  теория 
мен практиканы салыстыра алу қабілетін дамытады. 
4.  Баламалы  шешім.  Белгілі  жағдайда  жаңа  тәсілдерді  қолдана  алу, 
мәселені  ерекше  шеше  алу,  шешу  жолдарын  таңдай  алу,  ойлау  ерекшелігін 
дамытуға  ықпал  етеді.  Шешімдерді  салыстыру  ой  ұшқырлығын,  сын 
тұрғысынан  ойлауды,  ойдың  жинақтығын,  жүйелілігін  дамытады. 
Оқушылардың  дұрыс  шешімді,  мақсатқа  жетудің  қысқа  жолын  таңдау 
барысында ұтымды, тиімді, мақсатты ойлау қабілеттері арта түседі.  
5.  Шешімнің  дәлелдігі.  Мәселені  дәлелді  шешу  ойлау  қабілетін 
дамытады [2].  
Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары 
жүйелі.  Зиялы  азаматты  –  әлеуеті  жоғары  дамыған,  жаңашыл  ойлай  білетін, 
рухы  мықты,  өз  білімін  қоғамның  алға  басуына  жұмсай  алатын  адамды 
тәрбиелеуге  ұмтылатын  білім  беру  бағдарламасында  тәрбие  мен  оқыту 
ажырамас байланыста болады.  
«Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңында:  «Білім  беру 
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым 
мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға 
және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау» 
деп  көрсетілген.  Осы  тұста  кіріктірілген  білім  бағдарламасы  көп  табыстарға 



негіз  болады.  Өйткені,  кіріктірілген  бағдарлама  бірнеше  құндылықты  негізге 
алады. Олар:  

құрмет; 

ынтымақтастық; 

азаматтық жауапкершілік қалыптастыру; 

ашықтық; 

өмірбойыбілімалу[2]. 
Белгіленген  құндылықтар  аясындағы  мақсат  –  жоғары  білімді, 
шығармашыл адамның үйлесімді тұлға ретінде дамуы үшін қолайлы білім беру 
кеңістігін жасау.  
Міне,  тек  осындай  сипаттағы  қолайлы  білім  беру  кеңестігінде  оқып  – 
тәрбиеленген  мектеп  түлегі  кең  ауқымды  дағдыларға  ие  болады.  Нақтырақ 
айтқанда: 

сын тұрғысынан ойлау; 

білімін шығармашылықпен пайдалана білу; 

зерттеушілік дағдылары; 

АКТ дағдылары; 

топта және жеке ынтымақтастықта жұмыс істей білуі; 

коммуникативтік дағдылары (тілдік дағдыларын қоса алғанда); 

қойылған  міндеттер  мен  күрделі  мәселелерді  шеше  білу  дағдылары  т.б. 
бірнеше дағдылар қалыптасады [2]. 
 
Ал  жалпы  кіріктірілген  оқу  дегеніміз  не?  Кіріктірілген  оқу 
бағдарламасының  артықшылығы  неде?  Осы  сұрақтардың  жауабын  зерделеп 
көрелік. 
Кіріктірілу – бұл бір оқу мазмұнының пәндік концепцияларға сай әртүрлі 
саладағы  жан-жақты  білімдермен  тоғысуы,  бір-бірімен  араласып  кетуі. 
Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара 
байланыстары  туралы  біртұтас  мағлұмат  береді,  олар  құрылысы  бойынша 
белгілі  қалыпқа  сыймайды,  сондай-ақ,  оқу  сағаттарын  барынша  үнемді 
пайдалануға мүмкіндік береді. Осы сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі 
дамып,  пәннің  жалпы  мазмұнын  өмірмен  байланыстыру  арқылы 
шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы 
нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы 
оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық 
мүмкіндігімен ерекшеленеді.  
Оқу процесінде пәндерді кіріктіріп оқыту: 

ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға; 

сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға; 

жеке  тұлғаның  зерттеушілік  типін  қалыптастыратын  оқушының  ойлау 
әрекетін белсендіруге; 

оқушыға  бір  мезгілде  әрекетті  орындауда  барлық  мақсат  қоюдан 
нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға; 

білім  берушілік,  дамытушылық  және  танымдық  үшбірлікті  ұстаздың 
шексіз шығармашылығы тұрғысынан жүзеге асыруға; 

сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға; 




оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу - танымдық әрекетін 
белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға; 

сабақ  процесінде  өтілетін  тақырыптың  күнделікті  өмірмен  тікелей 
байланысына мән беруге; 

оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға; 

олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі [2]. 
Қазақ тілі – қарым-қатынас жасау негізі және Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік  тілі.  Оқушылар  қазақ  тілін  үйрене  отырып,  айтылым,  тыңдалым, 
оқылым  және  жазылым  дағдыларымен  қатар  түсіну  және  жауап  беру,  анализ, 
салыстыру және бағалау дағдыларын дамытады, сонымен бірге оларды өмірде 
тиімді  қолдана  білуді  үйренеді.  Тілді  меңгеру  әлемдік  деңгейде  жаңа 
өзгерістерге  бейім,  жаңашыл,  ұлттық  құндылықтарды  түсінетін  жеке  тұлға 
қалыптастыруға ықпал етеді. 
«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  кіріктірілген  пәні  –  өзге  тілде  білім  беретін 
мектептердегі  оқу-тәрбие  процесінің  маңызды  бөлігі  болып  табылады.  Қазақ 
тілі  мен  әдебиетінің  тақырыптық  және  тілдік  ортақтығы  арасындағы  өзара 
байланыстың күшейтілуі арқылы оқушылардың қазақ тілінің түрлі стильдерін 
бір оқу бағдарламасы аясында меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені ортақ тақырып 
қазақ тілінен мен әдебиеттен алынатын білімдердің ерекше синтезін жасайды. 
Оны меңгерту үшін жаңа деңгейдегі оқу - танымдық процесті ұйымдастыратын 
әдістер мен тәсілдер жүйесі де айқындалуы керек. 
Қазақ тілі мен әдебиетін екінші тіл ретінде оқытатын мектептерде кіріктіре 
оқытудың басты мақсаты – оқушыны қазақ тілінде сауатты сөйлету, оқығанын, 
естігенін,  тыңдағанын  түсінуге,  сауатты  түсініп  қазақ  тілінде  барлық 
коммуникативтік әрекеттерді (1-сурет) жазуға дағдыландыру [2].  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет