аламын … »
4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім
...».
Оқылым тапсырмасы. Мәтінді оқып, сауда туралы өз ойларыңызды жүйелі
жеткізіп, пікір айтып, бағалаңыздар. «ПОПС» формуласын пайдаланыңыздар.
Оқушылардың оқу белсендігін арттырып, әрі сабақта оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалауда тиімді әдістердің бірі Блум таксономиясын қолдану.
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум
таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935
жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен
бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады.
«Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами
мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын
жүйелеу.
Таксономия– белгілі бір критерийлер мен ұстанымдар бойынша объектіні
жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын
ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына
және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен
жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық
процесінің қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді
әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді.
Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістерінің мәні – оқушыларды кәсіби
іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына
салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында
оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ
қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды
пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім
арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді
деп күтілді [12].
Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
1) Білім;
2) Түсіну;
3) Қолдану;
4) Талдау;
54
5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);
6) Бағалау.
І. Білу.
Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi
қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады,
мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
ІІ Түсіну.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды
атауға болады:
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру
(мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген
мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша
баяндау;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы
болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
ІІІ Қолдану.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа
жағдаятта қолданады. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды,
қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу
нәтижелері материалды тереңірек игеруді талап етеді.
IV Талдау
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге
бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара
байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл
категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын
қалайша құралатындығын көрсетеді.
V Синтез (жинақтау, жүйелеу).
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені)
құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін
хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады.
Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап
шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
VI Бағалау
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру,
ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол
жеткізуді меңзейді [12].
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Бұл технология Кеңес өкіметі
кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен
жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте
55
қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар
Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлау технологиясы» RWCT Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –
әлемнің түпкір-түпкірінен жинақталған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл
технологияда Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Эльконин-Давыдовтардың және басқа
да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар
тоғысып, біріктірілген іспетті.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан
қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға
сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты,
«Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ
тілдерінде мектеп тәжірибелеріне енгізілген.
Бұл ұғым белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты
екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра
алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға
сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сыни деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып
оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да
бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы
шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Технология
жобасының
әдіс-тәсілдері
оқушыларды
тынымсыз
ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс
жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім
беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда
нәтижесі жақсы болды.
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны
мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің
ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып,
қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Оны үйрету үшін төмендегі іс-шаралар орындалуы шарт:
1) уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға
айналдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті
болуын талап ету;
7) бағалау.
Ал оқушылардан осыған байланысты:
-
сенімділікпен жұмыс жасау;
-
бар ынтасымен оқуға берілу;
-
пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
-
өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
56
Тек сонда ғана олар:
-
мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
-
осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетіні
сәйкес пе?
-
осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?
-
маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар
төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау– өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін
талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып,
шешімін өзі айқындайды. Сыни ойлау– әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту
идеясы. Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сын
тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім
қабылдауға сабақтарға үйрету. Бұл бағдарлама оқулықтардың талаптарын
жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды
шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім
қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. Сын тұрғысынан
ойлау (бұдан әрі – СТО) технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өзінің
педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа
деген де көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды.
Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады:
I
. Қызығушылығын ояту(«көпір жасау», ой қозғау). Эвокация – қызу оқу
жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы. Бұл кезеңде мұғалім
бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды.
Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы
шыңдалып, ашылады. Сабаққа белсенділігі, ынта-жігері артады. Бұл кезеңде
мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс жасауға негіз
болады. Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға
көмектеседі.
II. Мағынаны таныту (мағынаны ажырату). Реализация – оқып жатқан
тақырыптардың қажетін түсіну.. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан
оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.
III. Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады). Рефлексия
тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Бұл бағдарламаның
қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен
өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын
көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін
бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.
Келесі құрылымы: ER ( ERR) R. Бұдан шығатын тұжырым: сабақ кезеңі
тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты
оқу процесінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға
құштарлықтарын дамыту болып табылады. СТО – дамыту сабақтарының
мақсаты біреу нақты сабаққа байланысты. Міндеттері үш түрлі болады. Олар:
мазмұнға байланысты, технологияны дамытуға байланысты, топпен жұмысқа
байланысты. Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын
57
стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған (7-
кесте). Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады. Сабақ
кезеңдері байланысты қолданылатын стратегияларға тоқталып өтейік:
7-
кесте – Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Cабақ кезеңдері
Қолданылатын стратегиялар
Қызығушылығын ояту
Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диаграммасы, Т
кестесі,
Бір
айналым
күнделік,
Блум
таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру
Мағынаны тану кезеңі
Т кестесі, Пікір – талас, Аквариум, İNSERT, RAFT,
ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар,
Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау,
Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру
Ой толғаныс кезеңі
Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т
кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT,
Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды
таблица, Бір айналым сұхбат.
Достарыңызбен бөлісу: |