Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет22/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   139
 
Дереккөзі:Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы 
 
СТО технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде 
өтуінің  алғы  шарты  оның  қағидаларында,  яғни,  стратегияларында.  Стратегия 
дегеніміз  –  философия,  әдістемелік  ұстаным.  Мұғалім  мен  оқушы  кез  келген 
стратегияның  әдіс-тәсілін,  қыр-сырын  жетік  түсіне  білуі  қажет.  Сонда  ғана 
жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет 
етуге,  ізденімпаздыққа  баулиды,  еркін,  терең,  жан-жақты  ойлауына,  үздіксіз 
жұмыс  жасауына  жол  ашады,  стратегияның  80-нен  аса  түрі  бар.  Жұмыстың 
ыңғайына  қарай  стратегияларды  өзгертіп  те  жіберуге  болады.  Технологияны 
пайдалана  отырып,  сабақ  құрылымын  жоспарлауға  шығармашылықпен  қарау, 
әдістемелік зертхананы жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады. 
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни 
тұрғыдан  ойлау  қабілеттерін  арттыру  мақсатында  қолданып  жүрген 
стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайық: 
РАФТ.Бұл  стратегияны  «кейіпкерге  хат»  деп  алса  да  болады.  Формасын 
түрлендіруге  мүмкіндік  бар:  хат,  хабарландыру,  жеделхат,  өтініш,  бұйрық, 
жарнама.  Оқушы  жұмысқа  кіріспес  бұрын  мәтіннің  мазмұнын  жетік  түсінуге 
тырысады,  ол  үшін  оны  бірнеше  қайтара  оқып,  ой  елегінен  өткізеді.  РАФТ 
оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру 
арқылы  эссе  жазуға  жетелейді,  ресми  іс  қағаздары  жөнінде  түсініктері 
қалыптаса түседі. 


58 
Жуан-жіңішке  сұрақтар:  оқушылар  мәтінмен  жұмыс  істей  отырып,  мәтін 
мазмұны  бойынша  өздері  тың  сұрақтар  құрастырады.  Бұл  дегеніміз,  оқудың 
барлық  әдістерін  меңгеру  болып  табылады.  Өйткені,  оқушы  алдымен  қатесіз, 
түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа 
оқушылардың  сұрақтарын  мұқият  тыңдап,  сұрақ  құрастырудың  қиын  жұмыс 
екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді. 
Қосжазба  күнделігі:  мәтінде  берілген  оқиғаларға  өзінің  пікір  жазады, 
ендеше,  оның  сөздік  қоры  молаяды,  кейіпкердің  жан  дүниесін  түсінуге 
тырысады. 
Осындай  жұмыстар  арқылы  ең  әуелі  оқушылардың  сабаққа  деген 
қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін 
сөйлеу,  өз  ойларын  жеткізе  білу  дағдылары  қалыптасады,  оқулықпен  жұмыс 
істеуге,  бір-біріне  жүйелі  сұрақ  қоя  білуге  дағдыланады.  Бұл  кестедегі 
көрсеткіштер  арқылы  технологияның  мүмкіндіктері  негізінде  оқушының 
субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады. 
Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін 
іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін 
еркін  тыңдау  арқылы  шешу.  Миға  шабуыл  стратегиясының  өзіндік  ережесін 
сақтап,  дұрыс  пайдаланса  оқушының  стандарты  емес  шығармашыл  ойлауын 
жақсы дамытады. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін 
табуды өтінеді (айтады). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім 
оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс тәжірибеден 
байқағанда  бірнеше  минут  ішінде  көптеген  пікірлер  яғни  шешімдер  табуға 
болады.  Бұл  жерде  пікірдің  көптігі  мақсат  емес,  ол  тек  нақты  саналы  шешім 
қабылдауға негіз болады. Қағидасы: 

ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды; 

жұмыс  пікірдің  сапасына  емес  санына  бағытталған  (неғұрлым  пікір  көп 
болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады); 

барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы; 

белгіленген уақыт сақталуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет