ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
45
жеке қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде білім жинақтайды, өзара талдайды,
бірін-бірі бағалайды. Бағалау өлшемдері бойынша жүзеге асырылады:
мазмұндаудың
түсініктілігі,
шынайлығы,тыңдаушыны
қызықтыруы,
тақырыпты толық аша білуі, шығармашылығы. Оқушының таным қызметі
неғұрлым өзі іздеп тапқан білімге көбірек тәуелді болса, соғұрлым материалды
меңгеру нәтижелі болады. Мәселен, терең ойлы оқушының тұлғасын
қалыптастыру үшін «Абай жолы» роман-эпопеясын оқудың маңыздылығын
дәлелдеуге бағытталған жобаларды қорғауға болады. Бірінші тапсырма: «Абай
жолы» туралы жазылған зерттеу жұмыстарын талдау; осы шығарма бойынша
сұрақтар әзірлеп, оның қорытындысын талдау; әртүрлі әлеумет өкілдерінен
сұхбат алу арқылы М.Әуезовтің аталған туындысының тартымды эпизодын
анықтау және оның себептерін түсіндіру [11].
Дебат әдісі оқушылардың қабілетін ашуға, дамуына бағытталған.
М.М.Бахтин «Эстетика в словесном творчестве» кітабында: «диалогизм
является формой взаимодействия между равноправными и разнозначными
сознаниями, в то же время как монологизм завершен и глух к чужому ответу, не
ждет его и не признает за ним решающей силы»,- деп диалогтық сипаттағы
оқыту әдістерін жоғары бағалайды. Шын мәнінде бұл әдіс ғылыми принциптің
белсенділігіне сәйкес келеді. Осы әдістің негізін қалаушы К.Поппер күрделі
практикалық мәселелерді интуитивтік жолмен шешуді ұсынған («метод
мозговой атаки»). Интуицияның өзі философиялық интуиция (интуиция –
суждение) және психоэвристикалық интуиция (интуиция – догадка) деп екіге
бөлінеді. К.Поппер жоғарыда көрсетілген әдістемедегі дедуктивті жолды
таңдайды. Қорытындылауда жалпы ұғымнан жекеге келуді дедукция деп
атайды[11].
Саралап оқыту әдісі. Саралап оқытуды жүзеге асыру мақсатында
кіріктірілген қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында деңгейлік тапсырмалар
жүйесін қолдануға болады.
Өзге тілдегі мектеп оқушыларын қазақ тілінде сөйлету немесе үйретуде
саралап оқытуды қолданудың екі бағытын атап көрсетуге болады.
Біріншіден, оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетін білу деңгейлерінің
түрлі болып келуін ескеру.
Екіншіден, тіл мен әдебиеттен берілетін тапсырмалар жүйесіне саралау
тұрғысынан қарауды білдіреді.
Коммуникация – адамдардың танымдық еңбек қызметінің процесінде
өзара қарым-қатынас жасау формасының ерекше түрі болып табылады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас, негізінен, тіл арқылы жүзеге асады.
Тілдің коммуникативтік функциясында оның құралдық-белгілік мәні
ашылады. Осыған орай коммуникация кез келген жеке адамның әлеуметтік
тұлға ретіндегі қалыптасуының және сол әлеуметтің жеке және топтық
ниеттерін қалыптастырушы тетігіне айналады.
Тілде
коммуникацияға
қатысушылар
«коммуниканттар»
мен
«тыңдаушылар» болып табылатын коммуникативтік актілерден тұрады. Олар
өз кезегінде мәтін тудырушылар мен ол мәтіннің түсініктеме берушілері болып
МЕТОДИЧЕСКОЕ
ПОСОБИЕ
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
46
табылады. Қазақ тілі арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның бастапқы
және қорытынды кезеңдері ішкі сөйлеу механизмдеріне, оның терең
құрылымдарына барады. Кез келген коммуникация экстралингвистикалық
факторлармен шартталады. Ол факторлар жағдаяттылық, ұлттық-мәдени
дәстүрлер т.б. болып бөліне береді. Осыған қатысты коммуникация сонда
«ақпарат алмасудың ерекше түрі және де ол ақпарат алмасулар эмоционалдық
және интеллектуалдық мазмұнда болады. Коммуникацияда маңызды болып
табылатыны – ақпарат және пікір алмасу. Коммуникация адам қызметінің
талаптарын толықтай қанағаттандыруы тиіс. Сондықтан да, тілді меңгеру екі
жолмен жүреді: табиғи және арнайы ұйымдастырылған. Ал олардың екеуінің де
түпкі мақсаты – тілді қарым-қатынас құралы ретінде игеруді көздеу.
Қазақ тілін оқушы толық игеруі үшін коммуникативтік бағыттағы
жаттығулардың міндетті түрде динамикалық тәртібінде болуын қамтамасыз
етіп отыруы керек. Ондай жағдай тек қана коммуникативтік жаттығулардың
көмегімен ғана жүзеге асып отыратыны белгілі. Сонымен, ауызша сөйлеу
формасы сөйлеуді есту арқылы түсіну болып табылады, яғни түсініп тыңдау
және сол сөйлеуге дұрыс жауап беру. Ал жазбаша сөйлеу графикалық сөйлеуді
көздейді, яғни басылған мәтінді түсіну, яғни графикалық берілген ақпаратты
пайдалана отырып, өз ойын жазбаша түрде жеткізу.
Түсініп-тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу оқушылардың қарым-қатынас
жасауын қамтамасыз етуге қажет қалыптастырылатын сөйлеу қызметінің түрі
болып табылады. Сондықтан да осы сөйлеу қызметі түрлерін негізі міндетті
түрде оқушылардың бойында қалыптастырылуы керек.
Қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан оқыту – функционалдық-
мағыналық тұрғыдан меңгертуді білдіреді. Коммуникативтік технология,
негізінен, сөйлеу әрекетінің есту, сөйлеу, оқу, жазу түрлерінің өзара біртұтас
байланыстағы кешенді оқытуға сүйенеді.
Коммуникативтік технология жүйесімен қазақ тілін үйрету арқылы тіл
үйренуші қазақ тілінің түрлі салада қызмет ету тетіктерін түсінеді және қолдану
дағдыларын меңгереді. Ондай қызмет ету тетіктері:
1)
тілдің құрал болу қызметі – тілді бір нәрсе туралы ақпарат алу үшін
қолданғанда;
2)
тілдің реттеушілік қызметі – сөйлеуші тілді өз айналасындағы
адамдардың мінез-құлығын реттеу үшін қолданғанда;
3)
тілдің интерактивтік қызметі – сөйлеуші тілді басқа адамдармен өзара
байланысу мақсатында қолданғанда;
4)
тілдің жеке тұлғалық қызметі – сөйлеуші тілді жеке басының ойы мен
сезімін білдіру үшін қолданғанда;
5)
тілдің эвристикалық қызметі – тілді әлемді танып-білу үшін
қолданғанда;
6)
тілдің бейнелік қызметі – тілді қиял әлемін бейнелеу үшін қолданғанда;
7)
тілдің репрезентативтік қызметі – тілді ақпаратты жеткізу
үшінқолданғанда [11].
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
47
Қазақ тілін коммуникативтік технология негізінде оқытуда басты
ерекшелік – сөйлеу жағдаяттары мен сөйлеу іс-әрекеттерінен құралатын жеке
тұлғаның сөйлеу барысындағы мінез-құлығы.
Тілді оқытудың мақсаты – ол «коммуникативтік құзыреттілікті»
қалыптастыру. Бұл терминді алғаш рет Хаймс (Hymes) енгізген болатын.
Хаймстің коммуникативтік құзыреттілік теориясы сөйлеушінің нақты бір
сөйлеу қауымдастығында өзін түсінгендігін білуі болып табылады.
Білім беруде коммуникативтік құзыреттілік – оқыту процесінің негізгі
мақсаты болуы тиіс. Осыған байланысты біз сипаттамаларды көрсетеміз.
Үйренушінің тілді жетік білуі, орташа білуі, нашар білуі көптеген
факторлармен байланысты. Коммуникативтік құзырет үйренген тіл құралдарын
тілдік қарым-қатынаста таңдап пайдалана білуге қабілет, тақырыпқа сәйкес
коммуникативтік жағдаятты бағалауы, жағдаятқа тез арада кері
байланыс/реакция жасап, екінші тілде жауап беруі. Коммуникативтік
құзыреттілік – қарым-қатынастағы мәдени мәнмәтін, вербалды емес, мінез-
құлықтық міндеттерді дұрыс түсінуі және бағалауы.
Коммуникативтік құзырет дегеніміз – оқушының қазақ тілін қолдана
отырып, тұрмыстық, оқу, кәсіби, мәдени өмірінде өзіне өзекті болып
табылатын қазақша тілдік міндеттерді шеше алуы; қазақ тілінің нормасына сай
қазақ тілінде сөйлеу және жазу, тыңдау-түсіну, оқу-түсіну міндеттерін шеше
алуы. Коммуникативтік құзырет адамның жеке тұлғалық қасиетіне бірден
айналмайды, ол қазақ тілінде қарым-қатынас жасау барысында ғана танылады.
Еуропалық тіл үйрету жүйесінде тілдерді үйрену мен үйретуге
коммуникативтік-бағдарлық тұрғыдан келудің мақсаты:
•
түрлі тілдердің ұлттық болмысын, тілдік және мәдени жәдігері болып
қалған тілдік қорды сақтап қалу;
•
адамдардың ел арасындағы мәдени, ғылыми және техникалық
жетістіктерді өзара оңтайлылықпен алмаса отырып игеруіне мүмкіндіктер
жасау болып белгіленген.
Коммуникативтік-бағдарлық тұрғыдан келудің негізгі бір түйіні –
еуропалықтардың басқа тілді үйренуде нақты өмірлік жағдаяттарды бастан
кешу мүмкіндіктерін тіл үйрету сабақтарында қолдану қажеттілігін таныту.
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту тәсілі. Негізгі орта
білім беру деңгейіне арналған бағдарлама мақсаттарының бірі – түрлі
әлеуметтік топтармен тиімді тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Осы
мақсатқа жетуге қажетті дағдыларды дамыту үшін ынталандырушы және
қолдаушы ортаны құру керек. Коммуникацияның түрлі формаларын қолдану
құнды болып саналатын мұндай ортада оқушылар өз пікірін еркін білдіре
алады.
Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын игеру үдерісінде
оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер.
Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы
мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық
МЕТОДИЧЕСКОЕ
ПОСОБИЕ
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
48
әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған
әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді.
Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде практикалық
және ойлау әрекетіне талпындыру жатыр. Онсыз білімдерді игеруде алға
жылжу болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы
оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық
қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше
ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер
қойылуымен байланысты. Жаңа міндеттердің пайда болуы ақпараттың
қарқынды дамуына тәуелді. Егер бұрын мектепте, оқу орындарында алынған
білімдер адамға ұзақ уақыт қызмет ете алса, қазіргі ақпараттық заманда оларды
үнемі жаңартып отыру қажет. Бұл өз бетінше білім алу жолымен жүзеге асуы
мүмкін, ал бұл адамнан танымдық белсенділікті, өз бетінен ізденуді талап етеді.
Әрбір мұғалімнің басты міндеті – оқушыларға белгілі бір білім
жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызығушылықты
дамыту, оқи білуге үйрету. Жақсы ойластырылған оқыту әдістерінің көмегінсіз
оқу материалының игерілуін ұйымдастыру қиын.
Мектепте қолданылатын неғұрлым тиімді белсенді әдістерге:
1. Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы – сабаққа эмоционалдық
бетбұрыс (эпиграф, сахналанған көрініс, бейнеүзінді, ребус, жұмбақ,
анаграмма), мақсаттарды, күтілетін нәтижелерді айқындау.
2. Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру.
Сабақта қолданылатын проблемалық жағдаяттардың типтері: күтпеген нәрсе
жағдаяты; шиеленіс жағдаяты; белгісіздік жағдаяты; болжам жағдаяты; таңдау
жағдаяты.
3. Релаксацияны және қорытынды шығаруды ұйымдастыру.
4. Оқу материалының презентациясы – ақпараттық технологияны,
электронды оқу құралдарын, интерактивті тақтаны және т.б. пайдалану.
5.
Индуктивті және дедуктивті логикалық сызбаларды пайдалану.
6. Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың элементтерін
пайдалану: «жобалар әдісі», «миға шабуыл», «пікірталас», «түрлі
кейіпкерлерден сұхбат алу» жатады [8].
Белсенді оқыту әдістерін таңдау бірқатар факторларға тәуелді. Белгілі бір
дәрежеде ол оқушылардың санымен анықталады. Көптеген оқыту әдістерін
шағын топтарда пайдалану ұсынылады. Бірақ әдісті таңдау, бірінші кезекте,
сабақтың дидактикалық мақсатымен анықталады. Сабақта төмендегі белсенді
оқыту әдістерін пайдалануға болады.
Сабақтың әр кезеңінде қолданылатын өзінің белсенді әдістері болады.
Ұйымдастыру кезеңдері:
1.
«Күншуақ». Оқушыларды топқа бөлу, тақтаға түрлі-түсті шуақ шашып
тұрған күннің суреті ілінеді. Оқушыларға кірген бетте өзіне ұнаған түсті
шуақты таңдап алу ұсынылады (осы әдіс арқылы оқытушы баланың сол
сабақтағы көңіл күйін де аңғаруына болады).Таңдап алынған түсіне
байланысты топқа бөлінеді.
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
49
2 .«
Шынтақпен сәлемдесу»:
Мақсаты: сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.
Оқушы саны: барлық сынып оқушылары.
Уақыт: 2-3 минут.
Дайындық: оқушылар емін-еркін қозғалатындай жағдай жасау үшін алдын
ала парталар мен орындықтарды жылжыту қажет.
Барысы:
Мұғалім оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, бір оқушыдан бастап бір,
екі, үш ретімен санауды сұрайды.
Содан соң:
Әр «бірінші» оқушы қолдарын желке тұсында айқастырады ал
шынтақтары екі жаққа жазылады;
Әр «екінші» оқушы шынтақтары екі жаққа жазылатындай етіп қолдарын
мықындарына қояды;
Әр «үшінші» оқушы еңкейіп қолдарын тізелеріне қояды, шынтақтары екі
жаққа қарауын ескертеміз.
Енді әр оқушы бір-біріне шынтақтарын тигізіп неғұрлым көп оқушымен
сәлемдесіп шығуы керектігін және осы жаттығуға қанша уақыт берілетінін
ескертеді. Мұғалімнің өзінің де қатысуы оқушыларға еркіндік береді.
3.«Жеміс бағы»
Мақсаты: Сабақтың мақсатын айқындау (оқушылардың сабақтан не
күтетінін, қандай күдіктерінің барын анықтау).
Оқушы саны: бүкіл сынып оқушылары
Уақыт: 5-7 минут
Дайындық: алдын ала лимон мен алманың пішінінде әзірленген түрлі-түсті
қағаздар, скотч, маркерлер. Тақтада «Алма ағашы» мен «Лимон ағашы»
суреттері ілінген.
Барысы: мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтағы күтетін және күдіктерін
неғұрлым нақты етіп жазуларын сұрайды. Оқушылар «алмаға» бүгінгі сабақтан
не күтетінін (нені білгілері келетінін), «лимонға» қандай күдіктері барын
жазып, «алма ағашы» мен « лимон ағашына» іледі (күтетіні мен күдіктеріне:
сабақтың өту әдістері, іс-әрекет түрлері, сыныптағы атмосфера, оқушылар
арасындағы қарым-қатынас, оқушының көңіл-күйі жатады). Тапcырманы
мұғалімнің өзінің де орындауы оқушылардың өздеріне деген сенімділігін
арттырады.Оқушылардың барлығы тапсырманы орындаған соң оқушылардың
жазғанын мұғалім дауыстап оқып, сабақты қай бағытта жүргізу керектігі
жөнінде қорытынды жасайды.
Жаңа сабақтың презентациясындағы белсенді әдістер:
1. «Автобус аялдамасы» әдісі.
Мақсаты: берілген тақырыпты шағын топтарда талдау, өз беттерімен
меңгеру.
Оқушы саны:барлық сынып оқушылары шағын топтарға 5-7 адамнан
бөлінген.
Уақыты: 20 - 25 мин.
МЕТОДИЧЕСКОЕ
ПОСОБИЕ
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
50
Алдын ала дайындық:А3 беттер,ватман, плакат, флипчарт беттері, түрлі-
түсті маркерлер.
Барысы: мұғалім меңгерілуі керек тақырыпты сыныптағы топтардың
санына байланысты бірнеше тақырыпшаларға бөледі. Әр тақырыпша бойынша
4-
5 сұрақ жазылған бетті топтардың қасындағы қабырғаға жапсырады. Әр
топтың мүшелері сұрақтарға жауап іздеп өзара талдайды. Алдарында жатқан
плакатқа сызба немесе сурет, қысқаша негізгі ұғымдар жазуға болады.
Мұғалімнің қалауы бойынша тақырыптың күрделігіне байланысты тапсырманы
орындауға берілетін уақытты алдын ала хабарлайды. Мысалы, 5 минут. Уақыт
біткен соң әр топтың мүшелері өздері жазып отырған плакатты немесе беттерін
сол жерге қалдырып, сағаттың бағытымен келесі «аялдамаға» барады. Келесі
тапсырма бойынша берілген қабырғаға ілінген сұраққа жауап іздейді (3 минут).
Өздеріне дейінгі топ мүшелерінің жұмысымен танысады, олардың бастап
жазған түсіндірмелерін жалғастыруға болады немесе өздері қалаулары
бойынша толықтырады, бірақ түзетуге болмайды. Осы әрекет бірнеше рет
қайталанған соң, әр топ өз «аялдамаларына» қайта оралады. Толтырылған
парақтағы түсіндірмені қорытындылап, ортаға шығып өз тараулары бойынша
тұсаукесер жасайды.
Екерту: бұл әдістің басқа әдістерден (тақырыпты бірнеше абзацқа бөліп әр
оқушы өз абзацын оқып, түсіндіру) тиімділігі – әр топ мүшелері бүкіл
тақырыпты меңгереді.
2. «Ақ бет» әдісі
Мақсаты: жаңа сабақты ұсыну, оқушылардың зейінін тақырыпқа
шоғырландыру.
Оқушы саны: барлық сынып оқушылары.
Уақыт: тақырыптың күрделілігіне байланысты.
Алдын ала дайындық: ватман беттері, әртүрлі түсті маркерлер.
Барысы: мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбын атайды. Қабырғада ақ
ватман жапсырылған беттің ортасында тақырып жазылған. Беттің басқа бөлігі
таза ақ қалпында, бірақ секторларға бөлініп нөмірленген. Мұғалім 1 сектордан
бастап тақырыпша жазады да, оқушылардан осы тақырыпша бойынша қандай
аспектілер туралы сөз болғалы тұрғаны туралы ойланып жауап берулері
сұралады. Оқушылардың айтқандарын маркермен мұғалім секторға жазып
шығады. Оқушылардың ойларын негізгі ұғымдарға, дұрыс жауапқа бағыттап
толықтырады. Осы әрекет алдын ала бөлінген секторлар бойынша қайталанады.
Нәтижесінде бүкіл «ақ бет» толтырылады, жаңа сабақ меңгеріледі (оқушы
енжар тыңдаушыдан, сабақты түсіндірудің белсенді мүшесіне айналады). Осы
әдіс арқылы жаңа тақырыпты секторларға, негізгі ұғымдарға бөлу арқылы
меңгереді.
Ескерту: егер сабақ барысында оқушылардың шаршағанын байқасаңыз,
сергіту сәтін ұйымдастырыңыз.
Сергітудің белсенді әдістері.
1.«Жер, ауа,от және су»
Мақсаты: оқушылардың белсенділігін арттыру.
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
51
Оқушы саны: бүкіл сынып оқушылары.
Уақыт:2-3 минут
Барысы: мұғалімнің нұсқауы бойынша оқушылар жер, ауа, от және су
күйлерін көрсетулері керек.
Ауа.Оқушыларға терең тыныс алу, одан кейін, біртіндеп, тыныс шығару
жаттығуын жасау ұсынылады. Тыныс алу кезінде ауаның мұрын қуысынан өтіп
барлық жасушаларына сіңіп жатқаны туралы ойлану тапсырылады.
Жер. Мұғалім оқушыларға аяқтарымен еденге салмақ салып қатты басып,
орындарында бірнеше рет ақырын секіріуге болатыны және аяқта нық тұру
оқушының өзіне деген сенімділігі мен тұрақтылықты білдіретіні жайлы нұсқау
береді.
От. Оқушылар қолдарын жоғары көтеріп қимылдатып, денелерін жан-
жаққа қозғап оттың жалынын бейнелейді.
Су. Оқушылар көздерін жұмып ойша сынып бөлмесін бассейн деп
елестетіп, суда жүзген қимылдар жасауларына болады.
Ескерту. Осы жаттығуларды мұғалімнің балалармен бірге орындауы
оқушыларда, әсіресе, ұялшақ оқушылардың ашылуларына мүмкіндік туғызады.
Сабақты қорытындылаудағы белсенді әдістер.
1. «5 – 5 –
1» әдісі
Мақсаты: оқушылардың жаңа сабақты меңгеру деңгейін анықтау.
Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақта қалыптасқан ұғымдарды 5 сөйлем
түрінде жазуды тапсырады.
Келесі қадамда осы 5 сөйлемді негізгі деп ойлаған 5 сөзге қысқарту
қажеттігі айтылады.
Ең соңында осы тақырып бойынша бір маңызды сөзбен қорытындылайды.
Ескерту: Оқушылар бірін-бірі қайталамауы керек.
2. «Мейрамхана» әдісі.
Мақсаты: оқушылармен кері байланыс орнату.
Уақыт: 5 мин.
Құралдар: стикерлер, түрлі түсті маркерлер
Барысы: мұғалім оқушыларға бүгінгі күнді мейрамханада өткіздік деп
ойлап, сұрақтарға жауап беру керектігін айтады.
-
мен тағы ..... тапсырыс берер едім
-
маған бәрінен ұнағаны...…
-
менің асқазаным қорытты…
-
келесіде маған қосыңызшы…
Оқушылар өздерінің жазғанын оқып, қысқаша түсіндіріп тақтаға
жапсырады.
Ескерту: мұғалім үшін осы кезең ең маңызды, себебі оқушылар нені ұғып,
нені ұқпағаны соған қарай келесі сабақта мұғалімнің қандай әрекет жасау
керектігі көрінеді.
«Сократ стиліндегі әңгіме»әдісі.
Белсенді оқытудың анық көрінісі. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге
бір-біріне бетпе-бет орналасады. Алдымен ішкі шеңберде тұрған оқушылар
МЕТОДИЧЕСКОЕ
ПОСОБИЕ
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
52
тақырыпты талқылудағы өзінің пікірін жеткізеді. Мұғалімнің бағыт беруімен
сыртқы шеңбер сағат тілімен ауысып отырады. Екі шеңберді кезекпен сөйлетіп
отыруға болады. Берілген сұрақ аясында немесе бірнеше оқылым мәтінін түсіну
мақсатында ұйымдастыруға болады. Осылайша шеңберде орналасқан
оқушылар бірлескен білім ортасында өздерінің білік, дағдыларын жетілдіре
түседі. Өз пікірін бірнеше оқушыға баяндап беруі және сонша оқушының ойын
тыңдауы өтілген тақырыпты бекіте түсуге, мәтін мазмұнын толық түсінуге,
түрлі көзқарастарды талқылай алуға, пікір алмасуға алып келеді.
«Бос орындық»әдісі.
Мақсаты: нақты қойылған сұраққа пікір алмасу жолымен жауап табу. Бұл
ізденіс оқушыларды шындықты ашуға, заттардың фактілік күйін анықтауға
әкелуі тиіс. «Бос орындық» әдістемесі сыни ойлауды дамытады, өз ойын
дәлелдей білуге, сұрақ қоюға үйретеді, оқушылардың көпшілігін белсенділігін
арттырады, оларды пікірталас мәдениетіне үйретеді.
3-
4 орындыққа ақ қағазға жазылған проблема жайлы түрлі адамдардың
пікірлері және «?» сұрақ белгісі бар парақ қойылады. Оқушылар түрлі
пікірлермен танысады және өздері таңдаған пікірдің қасына барып тұрады.
Басқа пікірдегі балалар «?» сұрақ белгісі бар жерге тұрады. Әр топ таңдаған
пікірін талдайды және пікірталас үшін өзінің өкілін ұсынады. Пікірталасқа
қатысушылардың барлығы дөңгеленіп отырады. Пікірталасты бір-біріне
қарама-қарсы орындықтарда отырған топтың өкілдері бастайды. Жүргізуші
(мұғалім) тағы бір орындық қояды. Егер де басқа біреу пікір айтқысы келсе,
онда ол бос орындыққа отырады. Жүргізуші (мұғалім) ең басты болып
табылатын нәрсені естіген кезде пікірталасты тоқтатады.
«Идеялар кілемі»
Проблеманы шешу әдістерінің бірі. Ол үш кезеңде өтеді. Оқушылар 3-4
топқа бөлінеді.
Бірінші кезең – проблеманы түсіну. Оқушыларға «бұндай проблема не
себепті орын алып отыр?» деген сұраққа жауап беру ұсынылады. Әр топқа
түрлі-түсті қағаздар мен стикерлер таратылып беріледі. Оқушылар
проблемалық сұраққа жауап береді, мысалы, Мектепте оқу неге қиын? Топ
жауапты стикерлерге жазады, содан соң «Идеялар кілемі» плакатына іледі.
Екінші кезең – шешімдерді іздеу. Нені өзгертуге болады? Әр топ өз
жауаптарын береді және оларды әртүрлі қағаздарға жазады.
Үшінші кезең – әрекетті жеке даралау. Орын алған жағдаятты өзгерту үшін
мен не істеймін?
Төртінші кезең – идеяларды бағалау. Жеке дара шешім қабылдау:
проблеманы шешу үшін не істей аламын және не істеуге тырысамын?
Практикалық жағдаятты талдау.
Шешім қабылдау дағдыларына оқыту әдісі. Оның мақсаты: оқушыларды
ақпаратты талдауға үйрету, негізгі проблеманы айқындау, шешімнің баламалы
жолын құру, оларды бағалау, оңтайлы шешім қабылдау және әрекеттер
бағдарламасын құру.
|