Казақстан Республикасының Туы туралы
Көк аспанға қараймын,
Қыран құс биік самғайды,
Алтын күннің шапағы
Жан-жағына тарайды.
Тау шыңындай көрінер
Көрініс бұл ұнайды.
Ұлттық ою-өрнекті
Шетіне қосу қалғаны.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы туралы
Халыққа мемлекеттен берілген
Абыройлы Елтаңба мен Туымыз.
Еркіндігін мәңгі сақтасын
Тәуелсіз Қазақстан еліміз!
Біздің Туымыз көгілдір түсті. Көгілдір түс түркі халықтарында дәстүрлі
түсі болып саналады. Ол Туда бүкіл жер мен адамдардың төбесіндегі көк
аспанның шексіздігін білдіреді, сонымен қатар жалпы әл-ауқаттың,
тыныштықтың, бейбітшілік пен бірліктің нышаны болып табылады.
Күн – өмір мен қуаттың кайнар көзі. Сондықтан күн бейнесі өмірдің
символы болып саналады. Көшпенділер уақытты күннің қозғалысымен
анықтаған. Геральдика заңдылығы бойынша күн бейнесі байлық пен берекенің
нышаны болып табылады. Сол себепті Тудағы күннің барлық 32 шуағы береке
мен әл-ауқаттың негізі – дән пішіндес болуы кездейсоқ емес.
Көшпенділердің көзқарасында қыран немесе бүркіт маңызды орын
алады. Қазақстанды мекендеген халықтар мен этникалық топтардың
елтаңбалары мен туларында оның көрініс табуы ежелден келе жатыр.
Символика тілінде қыран құстың бейнесі мемлекет билігін, дала халқының
жүрегінің кеңдігін білдіреді. Далалықтар үшін бұл – еркіндіктің,
тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке талпынудың, болашаққа самғаудың нышаны.
Сонымен бірге, алапат күшке ие қыран құс жарқын болашағына кедергі
келтіргендерге лайықты жауап бере алады. Қыран бейнесі жас егеменді
Қазақстанның әлем өркениетінің биіктеріне ұмтылуы идеясынан пайда болды.
Тудың сол жағында, сабын өрлей, Қазақстанның мәдениеті мен салт-
дәстүрлерін айқындайтын ұлттық өрнек салынған. Қазақтың ұлттық өрнегі
қошқар мүйіз түрінде жасалған. Бұл – оны басқа тулардан ерекшелендіретін
мемлекеттің ұлттық белгісі.
Елтаңба шеңбер пішіндес. Шеңбер геральдика элементі ретінде көп
жерлерде қолданыс тапқан, бірақ ол шығыс көшпенділерінде ерекше құрметке
ие. Бұл – мәңгіліктің, өмірдің нышаны.
Елтаңбаның ортасында киіз үйдің жоғарғы бөлігі – шаңырақ бейнеленген.
Әлем тәжірибесінде әлі шаңырақ бейнесі бар елтаңба кездеспеген. Шаңырақ
44
халық арасында ерекше құрметтеледі. Бұл – отбасылық әл-ауқаттың, берекенің,
бейбітшілік пен тыныштықтың нышаны. Бұл – біздің ортақ үйіміздің,
Қазақстанда тұратын барлық адамдардың ортақ Отанының белгісі.
Шаңырақтың беріктігі оның әрбір уығының мықтылығына байланысты
болғаны сияқты ондағы бақыт әр адамның әл-ауқатына байланысты.
Елтаңбаның ортасынан көгілдір кеңістігіне бірдей таралған уықтар өмір
мен жылу көзі – күннің шуақтары іспеттес. Шаңырақтан бастау алған кереге –
киіз үйдің жылжымалы, жиналмалы тор көзді негізі. Ол оның беріктігін
қамтамасыз ететін үш жүздің бірлігін білдіреді. Геральдика тілімен авторлар
қазақ халқының бейбітшілік сүйгіш болмысын көрсеткілері келген.
Жылқы – қазақ стихиясы. Ежелден «Қазақ жылқы мінезді» деп айтылады,
яғни мінезі жағынан қазақтар жылқыға ұқсас келеді. Елтаңбада қарапайым
жылқы емес алтын қанатты пырақ бейнеленген. Бұл көп ұлтты Қазақстан
халқының қуатты, өркендеуші, дамушы мемлекет орнатудағы арманын
білдіреді.
Мемлекеттік рәміздерде жылқылардың бейнеленуі ежелден келе жатыр.
Осыған қарамастан, авторлар ұсынған нұсқа қабылданбас бұрын қызу талқы
мен таласқа түсті. Жылқылар бейнесі арыстанның айбарлығын, қыран құстың
қырағылығын және адамның ерік күші сияқты ұғымдарды білдіреді. Аңыздарда
кездесетін жарты ай пішіндес мүйіздері мен алтын қанаттары бар екі пырақ
шаңырақты екі жағынан қорғап тұрғандай. Олар ортақ үйіміз – Отанымызға
қызмет ету идеясын айқын білдіреді.
Мемлекеттік Елтаңба бейнесінде тағы да бес бұрышты жұлдыз бен біздің
мемлекетіміздің қазақ тілінде атауы «Қазақстан» бар.
Адамзат жұлдызды ежелден өмірде жетектейтін, мақсатқа жетелейтін,
асқақтық пен мәңгілікке ұмтылудың, биліктің нышаны ретінде колданады.
Мемлекеттік Елтаңбада жұлдыз, сонымен бірге, замануи жоғары өркениетті
қоғамдарға қосылу, барлық мемлекеттер мен бес контитенттің халықтарына
ашық болу сияқты біздің асқақ армандарымызды да білдіреді.
Мемлекеттік Елтаңбада қолданылатын негізгі түс – байлықты,
шынайылық пен мейірбандылықты білдіретін алтын түс. Алтын түс
Қазақстанның бейбітшілікке, келісімге, достыққа және ғаламшарымыздың
барлық халықтарымен бірлікте болуға ұмтылуының нышаны ретіндегі аспан-
көгілдір түспен жақсы үйлеседі.
Тапсырма. Жаңа материалды меңгеруін тексеретін «Аукцион» ойынына
қатысу.
Астана – еліміздің бас қаласы
Қазіргі кезде Қазақстанның саяси және мәдени орталығы жас елорда –
Астана қаласы болып табылады. Дегенмен, көрнекті археолог К.Акишев
бастауымен ғалымдар зерттеген қаланың ежелгі тарихы бар. Орта ғасырларда
қала аумағында, Есіл өзенінің сол жақ жазықтығында Бозоқ қалашығы болған.
Бозоқ қалашығы керуен жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан. Бозоқ
45
маңызды саяси және қолөнер орталығы болған. Қала, сонымен қатар, керуендер
мен жолаушылардың демалатын және түнейтін орны қызметін атқарған.
Астана бірден «Астана» болып аталмады. 1998 жылға дейін әр түрлі
атаулары болды. Осылайша, 1830 жылдан 1961 жылға дейін астана Акмолинск,
1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін
Ақмола деп аталып келді.
Қазақстанның жаңа, замануи астанасын құру идеясы Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевқа тән. Еуразия құрлығындағы оңтайлы орналасуы Астананы Еуропа
мен Азия арасындағы экономикалық тиімді көпір етіп тұр.
Жаңа астананың басты символы - «Бәйтерек» кешені. Қайталанбас
архитектуралық ғимараттардың ішінен пирамида пішіндес «Бейбітшілік және
келісім сарайын», әлемдегі ең биік шатыр пішінді ғимарат «Хан Шатыр» сауда-
ойын-сауық орталығын, теңізден өте алшақта орналасқан «Думан» мұхит
аралын, «Қазақстан» орталық концерт залын, жасыл гулзарлары, түрлі-түсті
жолдары, әуенді субұрқақтары бар «Ән салатын субұрқақтар аллеясын» атап
көрсетуге болады.
Астананың спорт нысандары – 30 мың көрерменге арналған «Астана-
Арена» жабық стадионы, 2011 жылы әлемдегі ең керемет деп саналған 10 мың
орындық «Сарыарқа» велотрегі, «Алау» мұз айдыны.
1999 жылдың шілде айында ЮНЕСКО Астананы «Бейбітшілік қаласы»
деп атады. 2000 жылдан бастап Қазақстанның бас қаласы Халықаралық
астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының мүшесі болды және әлемнің ең
жақсы 30 қалалары тізіміне кірді.
Астананың басты мақсаты – еуразия кеңістігінде мәдени және зияткерлік
орталық болу және Қазақстанның басты даму генераторы болу. Қысқа мерзім
ішінде Қазақстанның Бірінші Президентінің қалауымен пайда болған жаңа
астана тәуелсіздік символы және жас мемлекеттің жаһандық жетістігінің
символы болды.
Бүгінгі таңда Астанада, бүкіл Қазақстандағы сияқты, жүзден астам ұлт
өкілдері тұрады. Халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтамақтастық –
Астана мен жаңа Қазақстанның құрылу негізі.
Сұрақтар:
1) Астананың бірінші атауын атаңыз.
2) Қазақ тілінен Астана қалай аударылады?
3) Қазақ тілінен Ақмола қалай аударылады?
4) Қазақстанның жаңа астанасын құру идеясы кімге тиесілі?
5) Бәйтерек қазақ тілінен аударғанда қандай мағына береді?
6) Бейбітшілік және келісім сарайы ғимараты қандай пішінде?
7) Сарыарқа стадионы қандай?
8) Ақорда деген не?
Тақырыптық парақ.
I кезең: Астана туралы мәтінді пайдаланып, тапсырмаларды орындаңдар.
1. Атауларды қолданып, дұрыс реттілігін табыңыз (Астана, Целиноград,
46
Акмолинск, Акмола) Бозоқ қалашығы, Акмолинск, Целиноград, Ақмола,
Астана.
2. Артығын сызып тастаңыз
Қазақстан
Ресеймен,
Қытаймен, Түрікменстанмен,
Украинамен,
Өзбекстанмен, Қырғызстанмен шекаралас.
3. Суреттер мен атауларды бағдар көмегімен қосыңыз
Президент Сарайы «Ақ Орда»;
«Сарыарқа» велотрегі;
«Бәйтерек»;
«Бейбітшілік және келісім сарайы»;
«Хан Шатыр» кешені.
4. Қазақ тілінен «Астана» сөзі қалай аударылады?
«Бәйтерек»
Монумент 1997 жылы астананың Алматы қаласынан Ақмолаға
ауыстырылуының нышаны ретінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
қолдауымен бой көтерген. «Бәйтерек» әлемдер тоғысқан жерінде Әлем өзені
ағып жатыр деген ежелгі көшпенділердің танымын көрсетеді. Оның жағасында
аспанмен тірескен, тамыры тереңге жайылған Өмір ағашы – Бәйтерек (қазақша
Бәйтерек «терек», «тірек, қорғаушы» деген мағынада) өсіп тұрады. Бұл
ағаштың тамырлары, сәйкесінше, жер асты әлемінде, ағаштың өзі, оның діңі –
жерде, ал жапырақтары – аспан әлемінде болған.
Әр жылы қасиетті Самұрық құс ағаштың ұшар басына жұмыртқа салады
екен. Жұмыртқа – Күнді өмір ағашының түбінде өмір сүретін айдаһар Айдархан
жұтып қояды. Бұл жаз бен қыстың, күн мен түннің ауысуын, Жақсылық пен
Жамандықтың күресін білдіреді.
«Бәйтерек» жас, мықты, өсіп келе жатқан ағаш деген сөз. Ол тарихи түп-
тамырларын сақтай отырып, мықты тірегі бар және болашақ өркендеуге
ұмтылатын мемлекетті білдіреді.
«Бейбітшілік және келісім сарайы»
«Әлем уақыттан қорқады, ал уақыт пирамидалардан қорқады» деген ескі
мақал бар. Шынында да, олардың қарапайым пішіні мен көлемі біздің
ойымызда бұл ғимараттардың мықты, бұзылмас келбетін елестетеді. Дегенмен,
жуық арада, 2006 жылы кейбіреулер Әлемнің сегізінші кереметі деп атап кеткен
тағы да бір пирамида қосылды. Әңгіме Астана қаласындағы Бейбітшілік және
келісім сарайы жайында.
Бұл ғимарат әлемге әйгілі архитектор Норман Фостермен «Әлемдік және
дәстүрлі діндер көшбасшыларының Конгресін» өткізу үшін арнайы салынды.
Оның ерекшелігі оны салудың мақсатымен ғана шектеліп қоймайды.
Мұнда 1500 орындық концерттік-опералық зал орналасқан. Сондай-ақ
пирамида ішінде конференц-залдар, көрме орындары, т.с.с орын алған. Аумағы
47
2000 шаршы метрден аса орынды алып жатқан ең ірі «Хеопс Атриум» залы
өзінің көлемімен таң қалдыратын «Астананың 2030 жылға дейінгі бас
жоспарын» сыйғыза алған.
Бейбітшілік және келісім сарайының ең жоғарғы қабатында бүкіл әлемге
әйгілі әлем діндері көшбасшыларының конференциясы өткен «Бесік» залы
орналасқан. Залды айнала таң қалдырарлық «Қысқы бақта» дүние жүзінің әр
түрлі өсімдіктері өсірілген. Пирамиданың төбесі 130 көгершін бейнесі бар
үлкен шыны күмбезбен көмкерілген. Бұл көгершіндер – Қазақстан
халықтарының нышаны.
«Ақ Орда» Президент Сарайы
Дүние жүзіндегі барлық астанада Президенттің (ел басшысының)
Резиденциялары болады. Қазақстан Республикасының жаңа астанасын
жариялағаннан кейін 5 жылдан соң «Ақ Орда» Президент Сарайының ресми
таныстырылымы болды. Бірақ бұл ғимарат енді жабық мемлекеттік нысан емес.
Президенттің қалауымен бұл жерде үнемі экскурсиялар өтіп тұрады.
Мемлекеттің бірінші тұлғасының Резиденциясы жаңа технологияларды
қолдана отырып, 3 жыл бойы салынды. Ғимараттың биіктігі 80 метрді, соның
ішінде бірінші қабаттың биіктігі 10 метрді құрайды.
Бірінші қабат бойынша экскурсия кезінде 1800 шаршы метрді құрайтын
Орталық Салтанатты Холлды, пресс-конференциялар залын, салтанат залын,
қысқы бақты көруге болады. Екінші қабатта кеңсе орындары ораналасқан.
Үшінші қабат толығымен әр түрлі халықаралық сипаттағы іс-шараларға
арналған: Мәрмәр Залында шет мемлекет басшыларымен құжаттарға қол
қойылады, Алтын Залында тар аядағы тұлғалармен кездесулер өткізіледі,
Доғал Залда жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Сонымен бірге,
үшінші қабатта киіз үй түріндегі Шығыс залы, Қонақ бөлмесі, Кеңейтілген
келіссөздер залы, Қауіпсіздік Кеңес Залы бар.
Төртінші қабатта ел басшыларының жоғары деңгейдегі жиналыстары
өтетін Күмбезді зал, Республика Үкіметімен жиналыстарын өткізуге арналған
Отырыс залы, кітапхана және т.б. орналасқан. Әр зал, әр бөлме ерекше әдемі
әрленген, көрнекті жиһаздар қойылған.
Ақ Орда ішіне кіру үшін бір маңызды шарт бар: Президент
Резиденциясында болған жағдайда, егер Сіз басқа мемлекеттің Басшысы
болмасаңыз, онда кіре алмайсыз.
Дұрыс жауаптарын қойыңыз:
Бәйтерек мынаны білдіреді........................................................................
Бәйтерек қазақ тілінен аударғанда мынаны білдіреді..............................
Бейбітшілік және келісім сарайы мына түрде салынған...........................
Бейбітшілік және келісім сарайы .... жылы салынған
Ақ Орда - ....... (кімнің) резиденциясы
Ақ Орда .......... жылда салынды
48
Тапсырма: хат жазыңыз.
Хат үлгісі
Құрметті менің досым (құрбым) ______ (аты). Саған Қазақстаннан Сенің
досың (құрбың) ______ жазып отыр. Мен хатымда өзім туралы, елім туралы
және біздің астанамыз туралы әңгіме қозғағым келеді.
Менің жасым ___. Мен №___ мектепте _____ сыныпта оқимын. Маған
менің мектебім өте ұнайды, себебі ________________________________.
Мен Қазақстан Республикасында тұрамын. Қазақстан өте жақсы ел. Біздің
Президентіміз ___________________________________.
Біздің Республикамыздың әдемі атауы бар:_________________.
Досыңның аты, мен астанамыз туралы толығырақ айтып берейін деп едім.
Менің әңгімем Саған ұнайды деген және Сен бізге қонаққа келіп, екеуіміз
Астана қаласы бойынша серуенге шығамын деген сенімдемін.
1. «Астана» сөзі нені білдіретінін жаз.
2. Астананың көрнекті орындарын жаз, оларды атап шық.
3. Ең бірінші кезекте қандай көрнекті орынды көруге барар едің және
неліктен?
4. Астананы қалай көретініңді жаз. Мысалы: әдемі, үлкен, есте
қаларлықтай, таза, жарық, жарқыраған, керемет ....
Құрметті досым (құрбым), менің әңгімем осымен тәмам. Менің әңгімем
Саған ұнаса, және осы хаттан кейін өз көзіңмен көруге келетін болсаң, өте
қуаныштымын. Себебі, «Мың рет естігенше, бір рет көзіңмен көр» деген рас.
Көріскенше!
5.2 5-8 сыныптарда.
Сабақтың тақырыбы: «Мен - өз Отанымның патриотымын». 5-8-
сыныптардағы білім сабағында «Мәңгілік Ел – бұл Жалпы әлемдік және
аймақтық мәселелерді шешудегі Ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстанның
жаһандық қатысуы» жетінші құндылығы түсіндіріледі.
Сабақтың ұсынылатын кезеңдері(тақырыптық бөлімдері):
1.
Ұлттық қарулы күштер.
2.
Батырлар және ерліктер.
3.
Экстремизм және терроризм – қазіргі заман мәселелері.
4.
Қазақстан Республикасының бейбіт ішкі және сыртқы саясаты.
5.
Рефлексия.
6.
Сабақты қорытындылау.
Технологиялар: ақпараттық Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері
туралы имидждік видеороликтер көру: «Ұлы Отан соғысының 70-жылдығы»
видеоролигі 55 сек.; «Десанттық биатлон» видеоролигі 1мин. 26 сек.; «Күндік
қызмет» видеоролигі 2 мин. 47 сек.; «QR-коды» видеоролигі 1мин. 22 сек.;
«Батыр арулар» конкурсының жеңімпаздары» видеоролигі 2мин. 12 сек.),
сабаққа шақырылған әскери бөлімнің офицерлері және жауыңгерлері, құқық
қорғау органдарының өкілдері, интернационалист-жауынгерлер, Жас Ұлан
49
Республикалық мектебі оқушыларының қатысуымен іскерлік ойындардан
«пресс-конференцияны» қолдану.
Сабақ материалы
1.
Ұлттық қарулы күштер
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992
жылғы 7-мамырда ұлттық қарулы күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойды.
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы»
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7-қаңтардағы заңына сәйкес, қарулы
күштерге ҚР Қорғаныс министрлігі құрылымындағы барлық құрамалар мен
мекемелер жатады.
Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің әскери басқарма
органдарының құрамына:
әскери басқарма органдары;
қарулы Күштердің түрлері:
құрлықтағы әскерлер;
әуе қорғаныс күштері;
әскери-теңіз күштері;
әскер түрлері:
аэромобиль әскерлері;
арнайы әскерлер;
әскери-оқу орындары;
әскери-ғылыми мекемелер;
басқа да ұйымдар кіреді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамына жұмылдыруды
жариялауда:
ҚР ІІМ-нің Ұлттық гвардиясы;
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғаныс
басқармасының органдары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекаралық
қызметі;
арнайы құрамалар енгізіледі.
Сонымен қатар, ҚР Қарулы Күштерінің құрамына 14 облыс және Астана
мен Алматы қалаларындағы запастағылардан қажет болған жағдайда
құрылатын
бригаданы
көрсететін
жергілікті
әскерлерді
енгізу
де
қарастырылуда. Осы ереже 2016 жылғы 30-майдағы заң жобасына ұсыныс
ретінде енгізілді.
Қарулы Күштердің жеке құрамы:
келісімшарт негізінде әскери қызметке өз еркімен түскен әскери
қызметкерлер;
жалпы әскери міндеткерлік негізінде шақырылған әскери қызметкерлер;
Қазақстан
Республикасы
еңбек
заңнамасы
және
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы негізіндегі азаматтық
50
тұлғалар негізінде алынатын әскери қызметкерлер мен азаматтық тұлғалардан
тұрады.
ҚР ҚК Бас Қолбасшысы әскери ұйымдардың құрылысы, дайындығы мен
қолданылуын, мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жалпы
басшылықты жүзеге асыратын ел президенті болып табылады.
ҚР Парламенті әскери қауіпсіздік және мемлекет қорғанысы мәселелері
бойынша заңдарды қабылдайды, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешеді,
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша халықаралық міндеткерліктерді
орындау үшін Қарулы Күштерді қолдану туралы шешім қабылдайды, қорғаныс
пен әскери серіктестік мәселелері бойынша халықаралық келісімшарттарды
бекітеді және күші жойылған деп жариялайды.
Сұрақтарына жауап беру:
Тапсырма. «Армия туралы мен не білемін?».
ҚР Бас қолбасшысы?
(Н.Ә.Назарбаев)
Мылтықтың оқпанына бекітілген шанышпалы қару қалай аталады?
(найза)
Гренадерлар деген кімдер?
(гренадерлар – бұл саптың алдында жүретін гранаметші солдаттар)
Ағаш пен мылтыққа тән ортақ нәрсе не?
(ағашта да, мылтықта да дің бар)
«Минаның жоқтығы тексерілген бе» Осындай жазбаны кім жасайды?
(саперлар)
2 Діңінің аяғы кесілген мылтық?
(шолақ мылтық)
Қандай құралдың көмегімен улы газдардан қорғануға болады?
(противогаз)
Әскери жабдықтар қоймасы қалай аталады?
(арсенал)
Дәлдеп ату өнерін меңгерген адам қалай аталады?
(мергендер)
«таран» сөзі нені білдіреді?
(танкі, корабль немесе самолет тұрқына соққы)
«Ура!» дауысымен шабуылдау
(шабуыл)
«Соғыс құдайы» - әскерінің түрі
(артиллерия)
Ұшақтарға арналған гараж
(ангар)
Елдің негізгі Заңы
(Конституция).
51
2.
Батырлар мен ерліктер
Интернационалист – жауынгерлер
Интернационалист - жауынгерлер, - олар 1979-1989 жылдары Ауғаныстан
Демократиялық Республикасында соғысқа қатысқандар. Антын, парызы мен
әскери бауырмалдығын өзгертпей, ауған халқына батырлық, айбындылық, ерлік
пен жолдастық өзара көмек көрсеткен солдаттар, офицерлер және генералдар.
Осы соғысқа 22 269 қазақстандық қатысты, оның 924 қайтыс болған, 1015
мүгедек болды және 21 адам із-түссіз жоғалып кетті.
Жауынгерлік еңбегі мен ерлігі үшін ондаған мың қазақстандықтар
ордендермен және медальдармен награтталды. Ауғаныстанда өздерінің
интернационалдық парызын атқарған әскерлердің көпшілігі бүгінгі күні
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің қатарында қызмет етеді. Олар
генералдар Бақытжан Ертаев және Сәкен Жасұзақов, полковниктер Юрий
Кравцов және Александр Алексеев және тағы басқалар. Ауғаныстанда соғысқан
офицерлердің және солдаттардың бір бөлігі ҚР ҚҚ запаста.
Бүгінгі күні Астана қаласы бойынша Ауған соғысының ардагерлері 1200
адамды құрайды. Астана қаласының «Ауған соғысы мүгедектері мен
ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігі 2000 жылы 6-мамырда құрылды.
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов – ұшқыш-шабуылшы, екі мәрте Кеңес
Одағының батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры, 1922 жылы 5-
тамызда Қаз КСР Ақмола облысының Майбалық ауылында туылған. Ұлты
қазақ.
1940 жылы Саратов әскери ұшқыштар мектебіне түскен, содан кейін
Орынбор әскери авиациялық ұшқыштар мектебіне ауыстырылып, оны 1942
жылы бітіреді.
1943 жылдың қаңтарынан Ұлы Отан соғысының майданында жаумен
шайқасады. Сол жылы КОКП/БКП(б) қатарына кіреді. Ил-2 ұшағымен соғысқа
қатысады. Кеңес Одағының батыры С.П.Плшивальниковтің эскадрильясында
ұшқан. Кейіннен оның орынбасары болды.
1944 жылғы 26 қазанда гвардия аға лейтенанты Талғат Жақыпбекұлы
Бигелдиновке Знаменка, Кировоград қалаларын азат етуде көрсеткен ерлігі мен
әскери шеберлігі үшін, әуе соғысында 4 жау ұшағының көзін жойғаны үшін
Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1945 жылғы 24 маусымдағы Жеңіс Парадына қатысушы.
Екінші «Алтын Жұлдыз» медалі гвардия капитаны Талғат Жақыпбекұлы
Бигелдиновке 1945жылғы 27-маусымда Краков, Оппельн (қазіргі Ополе),
Катовице, Бреслау (қазіргі Вроцлав) және Берлин қалалары үшін жаудың әскері
мен техникасын шабуылдаудағы эскадрильядағы шебер басшылығы мен әскери
ерлігі үшін берілді.
52
Соғыстың екі жылында Т.Ж. Бигелдинов жаудың жердегі әскерін
шабуылдауда 305 әскери ұшу амалын жасады, әуе соғысында 7 самолеттің
көзін жойды. Өзі де соққы алды.
Соғыстан кейін 1950 жылы Әскери-әуе академиясын бітірді және 1956
жылға дейін КСРО Әскери-Әуе Күштерінде қызметін жалғастырды. 1957-1970
жылдары азаматтық авиацияда жұмыс атқарды. 1968 жылы Т.Ж.Бигелдинов
Москва инженер-құрылыс институтын бітірді, кейіннен Қазақ ССР
Мемқұрылыс жүйесінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
И.С. Полбин атындағы Орынбор жоғары әскери-авиациялық ұшқыштар
училищесінің құрметті курсанты.
Фрунзе қаласында (қазіргі Бішкек) Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновке қола мүсін орнатылған.
Ақтөбе қаласында Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты Екі мәрте
Кеңес Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов атымен аталады.
Қарағанды қаласында Республикалық Әскери мектеп-интернат Екі мәрте Кеңес
Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов есімін иеленеді.
Т. Бигелдинов 2014 жылғы 10 қарашада өмірден өтті.
3.
Қазақстан Республикасының бейбіт ішкі және сыртқы саясаты
Жас, тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін елдің ұлттық мүддесін
жоғары қоя отырып, қоршаған халықаралық жүйелердің сын-тегеуріндерін өз
уақтында ұстап қалып және оларға лайықты жауап бере отырып сыртқы саясат
жүргізу ерекше маңызды.
Өткен жылдары республика халықаралық қауымдастықтың толыққанды
мүшесі болды, бастамасы әрқашан халықаралық қолдауға ие болатын және
тәжірибеде жүзеге асатын, барлық көршілерімен тұрақты айтарлықтай қарым-
қатынас орнатты. Байыпты және сенімді серіктес ретінде республиканың
халықаралық беделі қалыптасты.
Қазақстанның сыртқы саясаты саласында Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық
Одақпен, Орталық Азия елдерімен және мұсылман әлемімен тығыз байланыс
дамуда. Бүгінгі күні Орталық Азияда, әлемдік қауымдастықта Қазақстанның
ұлттық мүддесіне және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін мемлекет жоқ. Күрделі
аймақтық және ғаламдық процестерге қарамастан, біздің республика өз
көршілерімен және алдыңғы қатарлы әлемдік державалармен тығыз серіктестік
қатынас орнатуда. Қазақстан негізгі халықаралық келісімге қосылды, өзінің
халықаралық терроризмге қарсы ғаламдық күресті қолдайтынын бірнеше рет
көрсетті, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселесі бойынша салмақты
және жауапты ұстаным орын алған.
Тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты саласында қандай мемлекеттермен
тығыз байланыс дамуда?
-
Әлемдік аренада Қазақстанның қандай беделі қалыптасты?
53
5.3 9-11сыныптарда
Сабақтың тақырыбы: 9-11 сыныптарда «Мен - өз Отанымның
патриотымын» бірыңғай білім беру сабағында алтыншы құндылық «Мәңгілік
Ел – бұл Ортақ тарих, Мәдениет және Тіл» түсіндіріледі.
Сабақтың ұсынылатын кезеңдері (тақырыптық бөлімдер):
1.
Қазақстан халқының мәдени көптүрлігі.
2.
Мемлекеттік тіл – қоғамдық бірігу негізі.
3.
Үштілділік ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты жағдайы ретінде.
4.
Рефлексия.
5.
Сабақтың қорытындысы.
Технологиялар: іскерлік ойындар, дискуссия.
Сабақ материалы.
1.
Қазақстан халқының мәдени көптүрлілігі
«Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы,
парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын
ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан
үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті
арқылы ғана басқаға танылады»
Н.Ә. Назарбаев
Қазақ халқы көпғасырлық тарихы бар, әлемдік өркениет қазынасына
енетін мәдени құндылықтардың иесі болып табылады. Ескерткіштердің
көптүрлілігі мен саны бойынша Қазақстан Индия, Қытай, Жерорта теңізі және
Қиыр Шығыс мемлекеттері сияқты елдерге орын бермейді және ашық аспан
астында өзіндік мұражай болып табылады.
Қазақстанның мәдени мұрасы өзіне оның территориясында тұратын
халықтардың мәдени құндылығының көптүрлілігін сіңірген. Бұл - 25 мыңнан
аса жылжымайтын тарих, археология, сәулет және монументті өнер
ескерткіштері, экспозициядағы және 89 мемлекеттік мұражай қорындағы 2 млн.
56 мың мәдени құндылықтар бірлігі, 3495 мемлекеттік кітапханаларда
сақталатын 66 млн. 840 мың том кітаптар, сирек кездесетін қолжазбалар мен
басылымдар.
Қазақстанның тарихы «орталық» жағдайы – еуразиялық - планетаның ең
кең континентінде – оның көптеген белгілі өркениетті процестер мен
оқиғаларға қатысын қамтамасыз етеді. Ежелден кең байтақ қазақ жері бүкіл
еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі болды. Ертеде Қазақстан даласы бойынша
Шығыс пен Батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолы өтті. Керуен жолының
бағытында көптеген мәдениеттер, салт-дәстүрлер, ислам, христиан, будда және
конфуциандық діндер болды.
54
Сол дәуірдің мұрасы тарих пен мәдениеттің сансыз көп ескерткіштері
болып табылады. Бұл ежелгі, ортағасырлық, шығыс сәулет өнері мен
мәдениеттің нағыз қазынасы. Осындай 218 нысан Қазақстанның тарихи және
мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енді.
Бүгінгі күні осы ескерткіштердің көбі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік
маңызы бар ескерткіштері ретінде танылды. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мұра
Орталығымен Дүниежүзілік Мұра ескерткіштері тізіміне Қожа Ахмет Яссауй
кесенесі және Алматы облысындағы Тамғалы петроглифтер кешені енгізілді.
Қазақстанның мәдени бренді Алтын Адам ескерткіші, Қожа Ахмет Яссауй
кесенесі, Отырар, Түркістан қалалары.
Қазақстанның музыкалық мұрасы да бірегей. Халық арасында «Құдай әр
қазақтың жанына ол туылған сәттен бастап күй бөлігін салған» деген сөз бар.
Мүмкін, XVIII-XIX ғасырлардағы қазақтардың өмірі мен тұрмысын бақылаған
«сырттан»
келген
адамдардың
көзге
бірден
түсетін
халықтың
шығармашылыққа, музыкалық-ақындық суырып-салмалыққа шапшаңдығына,
сәбилерден қарттарға дейін барлық халықтың музыкалық шығармашылыққа
еліктіргіштігіне таңырқай және таңдана қарауы бекер емес. Шаруашылықтың
көшпелі және жартылай көшпелі түрі халықтық музыкалық аспаптар мен
дәстүрлердің ерекшелігін анықтады. Ең танымал және белгілі лиро-эпикалық
қазақ поэмасы «Қыз-Жібек» ЮНЕСКО желісі бойынша әлемдік мәдени мұраға
енгізілді.
Қазақстанның әдеби мұра қорында әлемдік гуманистік рухани мәдениет
қазыналары саналатын, өткеннің көрнекті ойшыл ғалымдарының: әл-Фараби,
Қорқыт-ата, Абай, Шәкәрім еңбектері, халық ауыз әдебиеті ескерткіштері бар.
Жыл сайын 21-мамыр қарым-қатынас пен даму жолындағы дүниежүзілік
мәдени әралуандылық күні ретінде атап өтіледі. Ол 2002 жылы желтоқсанда
Дүниежүзілік мәдениетті дамыту күнінің орнына БҰҰ Бас Ассамблеясымен
жарияланды.
2. Мемлекеттік тіл – қоғамды біріктіру негізі.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік
тіл болып табылады.Бүгінгі күні қоғамда мемлекеттік тілге және оның
мәртебесіне қойылатын талаптар өсе түсті.
Қазақстанды мекендейтін басқа ұлттар мен ұлыстардың толыққанды өмір
сүруі үшін мемлекеттік тіл қажетті даму деңгейі болып табылатынын өмір
көрсетіп отыр. Ұлы Дала тілі бүгінгі күнде көпұлтты этностардың барлық
өкілдеріне қадірлі, өйткені оны білмей олардың өмір сүруі мүмкін емес.
Мемлекеттік тіл барлық этностар мен ұлыстарды біртұтастыққа
біріктіреді, себебі Қазақстан – олардың әрқайсысын бір-біріне дос, бауыр ететін
ортақ үй.
Бүгінгі күні біз қазақ тілінің табысты дамуы үшін, оның басқа ұлттарға
маңыздылығын көрсету арқылы қайта жаңғыртудамыз. Тіл – біздің басты
табысымыз, сонымен қатар, ұлтаралық келісім болып табылады.
55
Қазақ тілін білу әрқашанда қазақстандық патриотизмді қалыптастырумен
байланысты, себебі қазақ тілін білу бұл ең алдымен елдің мемлекеттік тілін білу
болып табылады. Қазіргі уақытта қазақ тілін меңгеруге барлық жағдай
жасалуда. Мемлекеттік мекемелерде және кәсіпорындарда курстар ашылуда,
ғылыми-әдістемелік материалдар шығарылып, таратылуда. Елбасы тапсырмасы
бойынша мемлекеттік тілді меңгерген ұлты қазақ емес мемлекеттік орган
қызметкерлерін материалдық ынталандыру қарастырылған. Біздің көптеген
отандастар қазақ тілін үйренуді – өздерінің патриоттық борышы санайды.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілді білу кез келген қызметтік салада алға
жылжудың және бәсекеге қабілеттіліктің факторы болып табылады деген
түсінік туындаған. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарымен теледидар,
радио, газет бағдарламаларында, мемлекеттік тілді зерделеу бойынша айдарлар
енгізілді. Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес түрдегі мектепке дейінгі
мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, орта арнайы және жоғары оқу
орындарында қазіргі ісқағаздарын жүргізуге, тұлғааралық және іскерлік
қарым-қатынасты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік тілді оқыту
қамтамасыз етілген.
Мемлекетаралық қатынас тәжірибесінде мемлекеттік тілді қолдану
міндетті нормаға айналады. Ресми тұлғалардың қатысуымен болатын барлық
шаралар қажет болған жағдайда басқа тілге синхронды аудармамен қамтамасыз
етілген, мемлекеттік тілде өткізіледі. Заңнамалық актілер, ресми тұлғалардың
баяндамалары,
қызметтік
құжаттар,
әдеттегідей
мемлекеттік
тілде
дайындалады.
Мемлекеттік,
кәсіпкерлік,
банктік
құрылымның,
қоғамдық
бірлестіктердің бірлескен күшімен қазақ тілін қолдаудың қайырымдылық қоры
құрылды.
3. Үш тілді білім беру - ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты.
22 қыркүйек Республика Президентінің Жарлығымен Қазақстан
халқының тілдері күні деп жарияланды.
Тарихи қалыптасу бойынша Қазақстан аумағында 100-ден астам тіл
қолданыста және дамуда, ал қазақ тілі - мемлекеттік тіл.
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған»
мемлекеттік бағдарламасында атап өтілгендей бағдарламаны жүзеге асырудың
негізі «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің басты факторы» , Қазақстанның
барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі, мемлекеттік тілдің қолдану
мәртебесін көтеру бойынша жүйе құру жұмыстарын ұйымдастыру көзделеді.
Мемлекеттік ұйымдарда, сондай-ақ жергілікті басқару органдарында
мемлекеттік тілмен қатар, ресми түрде орыс тілі де пайдаланылады.
Мемлекеттің негізгі Заңы – ҚР Конституциясында – орыс тілі ұлтаралық
қатынас тілі деп жазылған.
Бұл орыс тілінің қазіргі уақыттағы бар, толық көлемдегі әлеуметтік
функцияларын сақтауға кепілдік береді.
56
Болашақта орыс тілі ғылым мен техника әр қырынан алынатын басқа да
ақпараттың негізгі көздерінің бірі, жақын және алыс шетелдермен байланыс
құралы болып қала бермек. Орыс тілінде алынатын білімнің қажеттілігін елдің
экономикалық және ғылыми-техникалық даму мүддесі анықтайды.
Орыс тілі дүниежүзіне кең таралған, әлемдік тілдердің бірі. Оны
Қазақстанның барлық халқы біледі және оқиды. Орыс тілін білу біздің тәуелсіз
еліміздің халықтарын жақындатады, республикалар және басқа да шет ел
халықтары арасындағы достықты нығайтады.
Қазақстанда орыс тілінің тамыры тереңде және бәсекеге қабілеттіліктің
маңызды құралы ретінде қаралады.
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған»
мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанда орыс тілінің коммуникативтік-тілдік
кеңістіктегі жұмыс істеуін сақтауда, оны үйренуде қолайлы жағдай жасау үшін
жүйелі жұмыс ұйымдастыруды көздейді.
Мемлекеттік тілден өзге Қазақстанда шағын этникалық тобынан құралған
басқа тіл тасымалдаушылары да ұсынылды. Әдетте, ол тілдер отбасы-
тұрмыстық қатынастар саласымен шектелген.
Біздің Президентіміз Н. Ә. Назарбаев білім мен ғылымға көп көңіл бөледі.
Оның «Тілдердің үштұғырлығы» жобасында былай делінген: «Қазақстанды
бүкіл әлем тұрғындары үш тілді жетік меңгерген және пайдалануға тиісті
жоғары білімді ел ретінде қабылдауы тиіс. Қазақ тілі бұл – мемлекеттік тіл,
орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – біздің мемлекетіміздің
экономикасының жаһандық дамуының табыс тілі . Назарбаев курсы - орыс тілін
сақтау, ағылшын тілін Enjoy English жұмыс дәптерлері бойынша үйрену, қазақ
тілін дамыту болып табылады.
Ана тілін меңгеру– оны сақтаудың шартты негізі және мемлекет
Қазақстан халқының өзгеде тілдерін үйрену және оның жұмыс істеуі үшін
жағдай жасау міндетін өз мойнына алады.
57
6. Қосымшалар
6.1 Қосымша 1
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі
«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан
Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел – бұл
ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері
қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне
арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен
2014 жылғы 15 желтоқсан.
Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жады арқылы
байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған
Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік туралы арманын іске
асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды, бейбітшілік пен
келісімнің, бірлік пен тұтастықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен
мемлекеттің жоғарғы мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық
мерейлі жылында осы
М Ә Ң Г І Л І КЕ Л – П А Т Р И О Т Т Ы Қ А К Т І С ІН
қабылдаймыз.
Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік
мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.
Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан
өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның – қуатты әрі табысты
мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз.
Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік
толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел – Мәңгілік Елді құру
жолында біргеміз.
Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз
үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және
еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім
ұғымдары орныққан.
Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және
ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Тәуелсіздік және Астана.
Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.
Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі
ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір –
тағдырымыз ортақ.
58
Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры
мыңжылдықтарға жалғасады.
Мәңгілік Ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.
Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды
табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.
Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен
өркениеттердің жаһандық сұхбатын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық
өсім.
Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын
дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда
білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін
боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Елдің барлық табыстары мен жетістіктері – барша қазақстандықтардың
күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін
жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына
құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.
Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.
Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің
бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын
боламыз.
Біз – Үлкен Ел – Үлкен Отбасымыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы
әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан
қатысуы.
Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының
қасиетті парызы болып саналады.
Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің
халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.
Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.
Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа
биіктерде желбірететін боламыз.
Бұл – біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен
гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!
Біртұтас Еліміз – Мәңгілік Ел қуатты болсын!
Қазақстанның мәңгілік мекені – Ұлы Дала Еліне бата қонып,
бақ дарысын!
Алға, Қазақстан!
59
6.2 Қосымша 2
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан алу
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол».
Қадірлі халқым!
Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп,
тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы
еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп,
аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан
таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI
ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа
Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан
қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та,
гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр.
Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің
қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат
етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні -
осы!
«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр
бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет
қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры
сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны
өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде
ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан
шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі.
Астана, 11 қараша 2014.
Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, Интернеттің тіліне айналды. Қазақ
тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз
бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Одан
мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға
қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға
өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді
дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте
алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл
болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.
Біз, қазақстандықтар - бір халықпыз! Және біз үшін ортақ тағдыр – бұл
біздің Мәңгілік Ел, біздің лайықты және ұлы Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – бұл
60
біздің жалпықазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, ата-бабаларымыздың
арманы. Барлық қазақстандықтарды біріктіріп, ел болашағының іргетасын
қалаған егеменді дамудың 22 жылында басты құндылықтар жасалды, олар
көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық
жолдың тәжірибесі.
Біріншіден, бұл – Тәуелсіздік және Астана. Екіншіден, біздің қоғамдағы
жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, зайырлы қоғам және
жоғары руханият. Төртіншіден, инновация және индустрализация негізінде
тұрақты экономикалық өсім. Бесіншіден, бұл жалпыға ортақ еңбек қоғамы.
Алтыншыдан, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, Ұлттық
қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды
шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтар арқасында біз
әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.
Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы,
жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.
Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел»
патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын. Біз өз
халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен
барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды
2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене
қатысуға шақырамын. Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия
сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз
жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар.
Немқұрайлылық танытпаңыздар. Елдің болашағын барша халықпен бірге
жасаңыздар!
Қадірлі халқым!
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан
ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы
байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел
болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын
қаладық.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген
сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар
ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік
Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды
тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды
етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ
Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050»
стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі,
61
оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай
халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа
тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне
төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз
өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол
сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді
үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз
да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз
керек.
«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі
жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір
ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын
іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!
Астана, 17 қаңтар 2014 жыл
6.3 Ұсынылатын видеофильмдер.
1-11-сыныптар: «Біз біргеміз»;
1-4-сыныптар: «Отбасылық ағаш деген не?», «Мемлекеттік рәміздер»;
5-11-сыныптар: «Қазақстан халқы Ассамблеясы», «ЭКСПО деген не?»;
5-7 сыныптар: «Қазақстан– біздің ортақ үйіміз», «Патриотизм деген
не?», «Байтерек монументі»;
8-11-сыныптар: «Ұлттық идея», «Демократия деген не?»;
10-11-сыныптар: «Отбасы не үшін қажет».
62
6.4 Глоссарий
Акт – термин, заңды күші бар ресми құжат (құжаттама). Ол іс-әрекетті,
тұрмыс тіршілікті растайтын ресми құжат.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы консультативті-кеңесші орган, бұл органның міндеті мемлекеттік
ұлттық саясатты іске асыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге
жағдай жасау.
Жоғары руханилық – оның тіршілік әрекеті жоғары адамгершілік
құндылықтар
болып
табылатын,
уәждемелі-мағыналы
реттеуіштерге
негізделген кемелденген тұлғаның өзін-өзі реттеу мен дамытудағы жоғары
деңгей.
Азамат — құқықтық негізде белгілі мемлекетке жататын жеке тұлға.
Жаһандық проблемалар – бұл табиғи-әлеуметтік мәселелерді шешуіне
байланысты өркениетті сақтау және адамзаттың әлеуметтік ілгерілеуінің
жиынтығы.
Инновация - латын innovatio – жаңарту, әзірлеу, жаңа идеяларды
синтездеу, құндылықтар, саяси бағдарламалар бар, жиі жеке және қайталанбас
сипатқа ие жаңа үлгілерде әрекет құру.
Қазақстандық патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жауапкершілік
сезімі, оның тағдыры, Отаны үшін қызмет етуге және оны қорғауға дайындығы
мен қабілеттілігі, толеранттылықты сақтау және құрметтеу, ұлттық салт-
дәстүрдің көрінісі, Отанымыздың ішкі өмірі мен халықаралық аренадағы
жетістіктерін көбейту, қазақ тілін үйрену.
Мәңгілік Ел - болашағы біртұтас ұлт.
Діл - (лат. mens, mentis, "ақыл-ой, ақыл, интеллект") бұл жеке тұлғаның
әр түрлі мәдени ортада алған тәрбиесімен ерекшеленеді .
Мораль және адамгершілік –жақсылық пен жамандық туралы түсінік.
Адамгершілік - сананың нысаны. Адамгершілік – адамшылық саласы, әдет-
ғұрпы, практикалық іс-әрекеттері.
Мәдениетаралық коммуникация – түрлі мәдениетке жататын жеке
тұлғалар және топтармен байланыстар мен қарым-қатынастардың әр түрлі
формаларының жиынтығы.
Ұлтаралық келісім – халықтардың бірлігі, түрлі ұлттардың өзара
түсіністікке, өзара құрметке, өзара сенімге, өзара әрекетке қол жеткізуі,
ұлтаралық процестер түрі.
Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, отан үшін мақтаныш және
оның жалпыға бірдей игілігі үшін қызмет ету.
Патриоттық тәрбие – өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін,
туған ел мүддесі үшін өзін-өзі құрбан етуі және елді қорғауын қалыптастыру.
Принциптер – (лат. principium - негіз, бастау) - бұл адамдардың
моральдық тұрғыдан дұрыс деп есептеп өздері үшін құратын, өзіндік шартты
(міндетті емес) ереже немесе өзіндік көз жеткізу.
63
Отан – әр адам үшін оның өткен тарихы және өз халқының рухани
мәдениетімен байланыстыратын, ата-бабасынан қалған тағдырына жазылған
бірден-бір және бірегей туған жері.
Толеранттылық – ұлтқа, басқа көзқарастарға, өмір салтына, мінез-құлқы
мен дәстүрлеріне, сеніміне төзімділік.
Құндылықтар – тұлға, әлеуметтік қоғамдастық, негізінен қоғамның
материалдық, әлеуметтік нысандары үшін, адамдардың көпшілігімен
мақұлданатын және бөлінетін қоғамдық-маңызды жақсылық, әділеттілік,
патриотизм сынды түсінік.
64
Қорытынды
Елбасы бастамасы бойынша жарияланған Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 25-жылдық Жыл теңдік, достық және келісімде құрылатын
барлық халықтардың біріккен саясаты белгісімен өтеді. Осы жылдар Қазақстан
біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының тыныштығы мен өркендеуіне
қол жеткізу үшін, тұрақтылықты халықтың бірлігін қамтамасыз ететін осы
принципке қатты сүйенеді.
Жыл сайын 1-қыркүйекте өткізілетін Білім күні балаларды және оқушы
жастарды өз Отанының игілігіне шексіз сүйіспеншілігі аясында құрылатын
жоғары патриотизмге үйретуі қажет. Жас ұрпақта өз Отанына, өз халқына деген
махаббат басқа халыққа шексіз құрмет көрсету сезімімен жалғасуы қажет.
Қазақ мәдениеті мен мемлекеттілігі тарихында айрықша орын алатын
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еңбектері мен сөйлеген
сөздеріне ерекше мән берілуі тиіс.
Білім күніне арналған «Мен - өз Отанымның патриотымын»
Республикалық біріңғай білім беру сабағында келесілерді атап көрсету
маңызды:
–
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы және оның
құндылықтары, алдағы табысты даму үшін қазақстандық қоғамды нығайтудың
өзегі болып табылады;
−
үштілділік, Қазақстанның табысқа жетуіне және әлемнің ең дамыған 30
мемлекетінің қатарына кіруіне мүмкіндік беретін ашық және толеранттық
қоғам;
−
біздің ұлттық бірлігіміз, Қазақстанмен және оның болашағымен
этникалық шығу тегіне тәуелсіз, өз арақатысының жоғары деңгейінде
негізденеді;
- рухани бастама – бұл ұлтты біртұтастыққа топтастыратын күш, оның
басымдықтары: дәстүр мен патриотизм рухы, жаңару, жарысу және жеңіс рухы
болуы тиіс;
– өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне мемлекеттің патриоттық
саясатының жалпы күші, білім беру жүйесі, тәрбие, мәдениет, БАҚ, этномәдени
бірлестіктер бағытталуы қажет;
Сабақта «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын
жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам– Ұлт Жоспары» контекстінде ел
бойынша жүргізілген әлеуметтік жаңғыру және жаңа индустриалды-
инновациялық экономика мен аймақтарды дамыту бойынша материалдарды
қолданған жөн.
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу халықтың мәдениеті мен
руханиятын сақтаудың бөлінбес бөлшегі болып табылады. Заманауи мектеп
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жаңа құжатында бекітілген базалық
құндылықтарды, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын терең ұғыну үшін
барлық жағдай жасауы керек.
Осыған байланысты, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының
65
құндылықтары негізінде білім беру ұйымдарында барынша патриоттық ортаны
дамыту мен жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.
«Мәңгілік Ел» бағдарламасын жүзеге асырудағы басты рөл мұғалімге
тиісті болуы қажет.
66
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995жылғы 30 тамызда
республикалық референдумда қабылданған. 2011ж. 02 ақпандағы берілген
өзгерістер мен толықтыруларымен).
2
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы.» Қазақстан Республикасының
2008 жылғы 20 қазандағы №70-IV Заңы.
3
«Мәңгілік Ел». Патриоттық актісі. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік.
Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында сөйлеген сөзі. –
Астана қ., 2016.- 26 сәуір.
4
«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
– Астана. 2014. – 17 қаңтар.
5
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана. – 2014.
– 11 қараша.
6
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.
Назарбаевтың
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған, салтанатты жиында
сөйлеген сөзі. –Астана.– 2014. – 15 желтоқсан.
7
Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр-Отан» партиясының
Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың партияның XVI съездінде «Баршаға бірдей осы
заманғы мемлекет: Бес институттық реформа» атты сөйлеген сөзі. – Астана. –
2015. – 11 наурыз.
8
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.
Назарбаевтың
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХII сессиясында «Мәңгілік Ел: бір ел – бір
тағдыр» атты сөйлеген сөзі. – Астана. – 2015. – 23 сәуір.
9
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалды реформаны жүзеге
асыру бойынша «100 нақты қадам − ұлт жоспары». − Астана. – 2015.
10
Н.А. Назарбаев – основатель казахстанской модели межэтнического и
межконфессионального согласия / Под общ. ред. Ж.А. Алиева. – Алматы: Жеті
жарғы. – 2005. – 212 б.
11
Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік
құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873
Қаулысы. 2013.02.07. берілген өзгерістермен толықтырулармен.
12
Тәрбиенің
тұжырымдамалық
негіздерін
бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22
сәуірдегі № 227 бұйрығы. 2016.19.04. берілген өзгерістермен.
13
Магер Ю., Тулешева Г. Одна страна – одна судьба //
Казахстанская правда. – 2015. – 24 апреля.
14
Эффективная государственность Н. Назарбаева – политический
эксклюзив XXІ века // Казахстанская правда. – 2015. – 28 апреля.
67
15.
Қазақстан Республикасының Президентімен Қазақстан халқы
Ассамблеясының ХV сессиясында ұсынылған Қазақстанның ел бірлігінің
доктринасы.- Астана, 2009- 26 қазан.
16.
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
2015
жылғы
28
желтоқсандағы № 147 Жарлығымен бекітілген. Қазақстандық бірегейлік пен
бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы.
17.
2010 жылға Қазақстанның ел бірлігінің доктринасын жүзеге асыру
бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 468 Қаулысы
18.
Кульжанова
Г.К.
Патриотическое
воспитание
казахстанской
молодежи: проблемы и перспективы. – 2016.// articlekz.com/article/10988
68
Мазмұны
Кіріспе
3
1 Қазіргі әлемдегі патриоттық тәрбие жүйесі .................................... 5
1.1 Жақын шетелдердегі патриоттық тәрбиенің тәжірибесі ............ 5
1.2 АҚШ, Швейцария, Үндістан, Жапония елдеріндегі
патриоттық тәрбие ...............................................................................
8
2 «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің негізінде Қазақстан
Республикасы білім ұйымдарында білім беру процесін
ұйымдастыру .......................................................................................
12
2.1 «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын оқу және пән бойынша
сыныптан тыс іс-әрекеттің өзектілігін арттыру ...............................
12
2.2«Мәңгілік Ел» құндылық жүйесіндегі тәрбие кеңістіктігін
модельдеу ..............................................................................................
19
2.3 «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары
негізінде білім алушыларға патриоттық тәрбие берудің
формалары ............................................................................................
24
3 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру
ұйымдарында «Мәңгілік ел» Патриоттық актісін түсіндіру
шегінде «Мен - өз Отанымның патриотымын» тақырыбы
бойынша Білім сабағын өткізуге әдістемелік ұсыныстар
..........................................
34
Қорытынды ........................................................................................... 64
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі............................................................ 66
69
Введение
В настоящее время в Республике Казахстан модернизируется система
образования. Необходимость совершенствования отечественного образования
вызвана рядом приоритетных государственных задач: формирование
конкурентоспособного человеческого капитала для вхождения в 30 развитых
стран мира, повышение уровня и качества обучения и воспитания
подрастающего поколения в соответствии потребностями мировой рыночной
экономики и открытого гражданского общества, внедрение эффективных
механизмов, инновационных технологий и методик по формированию у
подрастающего поколения этнокультурной и гражданской идентичности,
основанной на знании истории государства, государственного языка,
национальных культурных ценностей народов Казахстана, использование
опыта зарубежных стран по формированию у воспитанников патриотических
ценностей, обогащение национальной системы воспитания на идеях
казахстанского патриотизма.
С этой целью был разработан и принят 26 апреля 2016 годана XXIV
сессии Ассамблеи народа Казахстана «Независимость. Согласие. Нация
единого будущего» Патриотический акт «Мәңгілік Ел».
Президент Республики Казахстан Н.А. Назарбаев обозначил, что
«Патриотический акт «Мәңгілік Ел» – это документальная форма
общенациональной идеи, это емкая, уникальная программа идентичности
единства казахстанцев. Он должен передавать базовый формат наших
духовных ценностей. В нем связаны воедино вопросы экономики, политики,
морали, веры, нашего видения в глобальном мире… В Патриотическом акте мы
на века закрепляем, во-первых, главные общенациональные ценности,
созданные нашим народом, во-вторых, ментальную сердцевину взаимной
нашей ответственности государства, общества, граждан за судьбу, развитие и
процветание Казахстана. С Патриотическим актом мы будем сверять, как с
компасом, верность нашего движения вперед, к новым вершинам».
В документе представлены семь принципов, семь незыблемых основ
общенациональной идеи «Мәңгілік Ел», отражающих базовые ценности
развития нашего государства, общность интересов и исторической судьбы
народа Казахстана. Акт призывает всех укреплять, хранить и передавать из
поколения в поколение семь незыблемых основ «Мәңгілік Ел»: независимость
и Астана; общенациональное единство, мир и согласие; светское государство и
высокая духовность; устойчивый экономический рост на основе инноваций;
общество всеобщего труда; общность истории, культуры и языка; национальная
безопасность и глобальное участие Казахстана в решении общемировых и
региональных проблем.
В полной форме общенациональная идея «Мәңгілік Ел» и главные
ценностибыли озвучены Президентом в Послании народу от 17 января 2014
года «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое
будущее» и Послании «Нурлы жол – Путь в будущее» от 11 ноября 2014 года.
|