Методика и технология



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата22.12.2022
өлшемі0,78 Mb.
#58927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Tayelsizdik zhildarindagi kazak angimelerinin korkemdik ereksheligi

2.Талқылау. 
Әңгіме жанрында қалам сілтеген қаламгерлер тоқырау кезеңіндегі ұлт тағдыры, елдегі 
саяси-әлеуметтік қайшылықтар, өтпелі кезеңдегі адам болмысы, оның ішкі жан-дүниесінің 
айналасындағы ортамен қабыспауы, рухани жадаулық сияқты мәселелерді, сондай-ақ бүгінгі 
демакратиялық қоғамдағы адам мен адам, адам мен қоғам, адам мен табиғат арасындағы бай-
ланыстар мен қайшылықтарды күн тәртібіне қоя білді.
Жалпы проза саласы, соның ішінде әңгіме жанры тақырыптық -идеялық жағынан те-
реңдеп, әдебиетте жаңаша көркемдік ізденістер байқалды. Себебі, адам мен адам, қоғам, та-
биғат арасындағы, сонымен қатар, ой мен сезім, ар мен ұят, арман мен мақсат, іс -әрекет пен 
көзқарас сияқты ұғымдардың ара-жігін ашу, әрқайсысына өз көзқарасын білдіру қалам гер-
лерден жаңа ізденістерді тауып, көркемдік әдіс -тәсілдердің жаңа бір сарындарын табуға 
ынталандырды, осыны талап етті. Сондықтан да, тәуелсіздік жылдары кезеңінде дүниеге кел-
ген қазақ әңгімелері жаңа ізденістің жемісі болды. 
Ғалым-сыншы Р. Нұрғали: «Әдебиет – үлкен құбылыс, жанды дүние, күрделі процесс. 
Бір әдебиет – дария, бір әдебиет – бұлақ, бәрі де ағады, өседі, өрбиді. Халық бар жерде әде-
биет бар» – деген екен. 
Ең алдымен, саяси тұрғыда аумалы-төкпелі кезеңде өмір сүріп, еліміздің егеменді ел 
болуы үшін жасалған күресте бар өмірлерін сарп еткен қазақ әдебиетіндегі «Бес арыстар» 
және сол кезеңде өмір сүрген барлық қаламгерлер тағдыры тарихтан да, әдебиеттен де белгі-
лі. «Алашордашылар» деген желеумен жазықсыздан жазықсыз тағдыр тауқыметіне тап бол -
ған оқыған қазақ азаматтарының тағдыры, шын мәнінде, қайғымен аяқталып отырғаны тари-
хи шындық. Тәуелсіздік жылдарындағы әңгіме жанрында жазылған шығармалардың ішінен 
осы көріністі дәлелдейтін туындылар жарық көрді және олар тарихи тұрғыда шынайы сурет-
телді. Тар заманда өмір сүріп, замана қайшылықтарын мойнымен көтере білген, мойымаған 
аға, апаларымыз келер ұрпаққа ел үшін, жер үшін бейбіт күнде күресудің сара жолын қалып-
тастырып кетті. Олар сол кездегі саясаттың құрбанына айналмай, еліміздің елдігін, тілімізді, 
дінімізді сақтап қалу үшін өмір айнасына айнала алды. Сол кезеңдегі әріптес қаламгерлері 
басын ашып айта алмай, жаза алмай кеткен осы бір та
қырыпты тәуелсіздік жылдарына тән 
жазушылар шарықтау шегіне жетпесе де, дамыта білді. Осы тақырыптағы әңгімелердің бірі – 
Мұхтар Мағауиннің «Салах-ад-Дин» әңгімесі.
Бұл кезең бойынша атап өтетін тақырыптардың бірі – желтоқсан көтерілісіне байла-
нысты тақырып. Дүниені дүр сілкіндірген, қазақ рухының құрсаулы империяға қарсы азат-
тық аңсарын көрсеткен Желтоқсан көтерілісін көркем бейнелейтін туындылар арқылы қа-




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет