Методика и технология


ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата22.12.2022
өлшемі0,78 Mb.
#58927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Tayelsizdik zhildarindagi kazak angimelerinin korkemdik ereksheligi

ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ
ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН 
87 
ламгерлер заман өзгерісінің адамға әсерін аша біл ді. Тәуелсіздікке бастау болған осы бір 
оқиға қазақ жұртшылығының абыройын асқақтатып, намыстарына жігер бергені анық. Бұл 
тақырыпқа қалам тартқан жазушылардың туындылары оқырман назарынан тыс қалған жоқ. 
Қайсар қазақ жастарының жасаған әрекеттері келер ұрпаққа үлгі-өнеге, әлі талай ұрпақ өз қа-
ламының шыңдалуына негіз етіп алары айдай анық. 
Осы кезеңнің жемісі болып саналатын тақырыптардың бірі – діни тақырыптарға жа-
зылған туындылар. Кеңес үкіметі тұсында бұл тақырыпқа қалам тартпақ түгілі, тұрмыс-тір-
шілігімізде еркін қолдануға да болмайтын еді. Ал, қазір, Аллаға шүкір, мешітіміз көбейіп
ата дәстүрлерімізбен қайта қауышудамыз. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптей-
тін әңгімелер де тәуелсіздік жылдарындағы шығармалар тақырыбын түрлендіруде ө зіндік 
үлес қосты. Адам, оның бойына тән адамгершілік қасиеттерді сомдау, оның кейіпкер харак-
терін ашудағы идеялық құндылықтарын баса жазу ерекше дамыды. Бұл да – тәуелсіздік же-
місі. Алашұранды әдебиет тұсында басын ашып анық талдап жазуға мүмкіндік болмаған мә-
селелер тәуелсіздігіміздің арқасында қанатын кеңге жайғаны анық. «Дәстүрлі ұлттық таным 
тәуелсіздік тұсындағы әңгімелерде, сонымен қатар, батыс әдебиетінде қалыптасқан әр түрлі 
ағымдармен жалғасты. Сондықтан да қазақ әңгімелерінде модернистік, постмодернистік 
ағымдар пайда болды» (
Зайкенова З. Зарлы шындық жаршысы// «Жұлдыз» журналы. 1987 ж, №11, 
15 б.
).
Осы кезең жаңалықтарының бірі ретінде жазушыларымыздың адам мен табиғат арақа-
тынасын бейнелеуге арналған туындыларын талдау болып табылады. Мысалы қазақ проза-
сында қасқыр тотемінің бейнесі М. Әуезовтен бастап әртүрлі тарапта, әрқилы таным тұрғы-
сынан зерттеліп келгені белгілі. Бүгінгі жаңарған, кемелденген қазақ прозасында да қалам -
герлер бұл образға қайта оралып, бір-біріне ұқсамайтын өзгеше өрнек сала білді. 
Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі басым үрдістердің бірі ретінде адамның ішкі қасиеттерін 
жандандыру, жеке образдарға дейін әсірелеу арқылы көркем шарттылық іздерін айқындау да 
маңызды мәселе болып саналады.
Тәуелсіздік жылдары шығарма табиғатындағы көркем антропология мен фантастика-
лық антропологияның іздері қалыптасып, түрленді. Осы кезеңдегі әңгімелер негізінде жаңа 
көркемдік айшықтар мен өрнектердің мәні зерделенді. Мысалы, әңгіме жанрындағы вир -
туальдық, мистикалық сарын дамыды. 
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әңгімелерінде жалғыздық, айқай, сарыны әлеуметтік-
психологиялық тұрғыда шебер суреттелді. 
Сонымен қатар, көркем прозаның жаңаша поэтикалық бітімін танытатын аллегория-
лық, символдық, гротескілік тәсілдер басымдылық танытты. 
Тәуелсіздік тұсындағы прозалық туындыларда көркемдік тәсілдер күрделеніп, мета-
форалық, аллегориялық, гротескілік ойлау жүйесі дамыды. Жаңарған проза табиғаты ұлт 
ұғымына сәйкес өз оқырманына тосын құбылыстарды (антропологиялық, мистикалық, вир-
туальдылық) бейнелеу тұрғысынан ерекшеленеді. Абстрактілі ұғымдарды заттандыру, адам 
мен оның барлық ішкі сыртқы болмысын тұлғаландыру арқылы жаңа сипатты ой айтудың 
көркемдік әдістері прозада жаңаша қалыптасты. 
Ежелден ел жадына сінген мұсылмандық қағид а, әлеуметтік жағдай (ауыл, қала өмірі, 
ұлт тағдыры, т.б.), экологиялық апат тақырыптарын жаңаша суреттеудегі көркемдік амал-тә-
сілдер жаңарған, жаңғырған сипатта танылды. «Бұл жанр кеңестік дәуір тұсында тыйым са -
лынған діни-философиялық, эротикалық, интимдік әңгімелермен толықты», – дейді ф.ғ.к., 
доцент Гүлжаһан Орда (
Орда Г. «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгімелерінің көркемдік көк -
жиегі»//Ақиқат. 29.11. 2011 ж.
). Сонымен бірге, жазушылар адам жанының ішкі иірімдеріне 
үңілуде психологиялық әңгімелер қатарын көбейтті. Ішкі күйзеліс, ішкі жан айқайы кейіпкер 
бойын билеп алғаны соншалық, олар көбіне ұйықтаса түсіне кірмейтін әрекеттерге барады. 
Ал, керісінше, кейбір әңгімелерде кейіпкердің ішкі еркіндігі терең талданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет