ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ
ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН
86
өзгердi. Жаңа заманға сай жаңа адамдардың типi пайда болды. Нарықтық қатынастарға көшу
барысында түрлi қиыншылықтарды басымыздан кешiрдiк. Осындай түбiрлi өзгерiстер көпте-
ген қазақ қаламгерлерiнiң қиялына қанат бiтiрiп, шабытына шабыт қосты. Оны осы кезеңде
жарық көрген қазақ әңгiмелерiнен анық аңғаруға болады. Әсіресе, жазушылар Думан Рама-
зан, Асқар Алтай, Нұрғали Ораз, Қуандық Түменбай, Талаптан Ахметжан, Қуаныш Жиенбай
т.б. тудырған әңгімелер әңгіме жанрының ерекше бір көркемдік әлемін аша білді. Осы ғылы-
ми жұмыстың жазылуына арқау болған қаламгерлер Мұхтар Мағауин,
Шерхан Мұртаза,
Қабдеш Жұмадiлов, Бексұлтан Нұржекеев те осынау шағын
жанрдың көсегесiн көгертуге
әжептәуiр үлес қосты.
Тәуелсіздік жылдары қазақ жазушылары әңгіме жанрында қалыптасқан дәстүрді жал-
ғастыра отырып, мазмұндық, түрлік ізденістерге барды. Соңғы жиырма жыл ішінде жазыл -
ған прозалық туындылардың ішінде әңгіме жанрының көркемдік үлгі-өнегелері өте күрделі.
Ол қаламгерлердің ұлттық ауқымындағы шеберлік нақыштарымен ғана шектелмей, әлем әде-
биетіндегі көркемдік үрдістерді қазақ топырағында жаңғырта, түлете
білгендігімен көңіл
аудартады. Тәуелсіздік қаламгерлерге тақырып еркіндігін сыйлады. Кезінде қалам қозғауға
тыйым салынған тақырыптар болған жоқ деп айта алмаймыз. Енді сол тақырыптардың жазы-
лу барысына жеке дара тоқталып өткенді жөн көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: