6-параграф. Ауыл шаруашылығы
34. Қоғамды ауыл шаруашылығынан ластану бөлігінде қоршаған ортаның жағдайы және оны қорғау туралы ақпараттандыру үшін мынадай негізгі көрсеткіштер зерттеледі:
1) минералдық және органикалық тыңайтқыштарды себу;
2) пестицидтерді себу.
35. Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды себу көрсеткіші тыңайтқышты себу арқылы қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік береді (топырақтағы биогенді заттардың артық мөлшерінің жинақталуы, осымен негізделген беткі және жер асты суының ластануы, сондай-ақ биогенді элементтердің трофикалық тізбектер бойынша миграциясы және олардың қоршаған ортаның басқа кешендеріне енуі).
Көрсеткіш өңделетін жерлердің және көпжылдық екпелер алаңының бірлігіне себілген минералдық және органикалық тыңайтқыштардың мөлшерін көрсетеді. Минералды тыңайтқыштар үшін гектарға килограммен және органикалық тыңайтқыштар үшін гектарға тоннамен есептеледі.
Ауыл шаруашылығында минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану туралы зерттеумен ауыл шаруашылығының дақылдарын өсірумен айналысатын және көп жылдық екпелері, шабындықтары және жайылымдары бар барлық заңды тұлғалар қамтылады. Шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша деректер алу үшін шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында тыңайтқышты пайдалану бойынша іріктемелі байқау өткізіледі. Көрсеткіш жыл сайынғы кезеңділікпен қалыптастырылады.
Минералды тыңайтқыштар мөлшерінің көрсеткіші қоректік заттардың құрамын 100%-ға қайта есептеуде қалыптастырылады. Қоректік заттар құрамының пайызы туралы деректер, әдетте, шоттардан, төлем талаптарынан және сертификаттардан алынатын – жабдықтаушы зауыттардың, бөлімшелердің, базалардың, қоймалардың ілеспе құжаттарында болады.
Күрделі тыңайтқыштар бойынша (мысалы, нитрофоска) нақты салмақта тыңайтқыштарды екі рет есепке алуға жол бермеу үшін нақты салмақтағы тыңайтқыштардың мөлшері азот тыңайтқыштар бойынша ғана, ал сіңімділерде – азот, фосфор және басқалар бойынша көрсетіледі.
Органикалық тыңайтқыштардың тобы бойынша көңді, әртүрлі қордаларды, органикалық-минералдық қоспаларды, құстардың саңғырығы және басқаларды себу қадағаланады.
Ауыл шаруашылығында минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану бойынша деректерді қалыптастыруды СК ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша жүзеге асырады. Бұдан басқа, іріктемелі байқау әдісімен шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында минералдық және органикалық тыңайтқыштардың пайдалану көлемі анықталады.
36. Пестицидтерді себу көрсеткіші пестицидтерді пайдалану қарқындылығы тұрғысынан алғанда қоршаған ортаға әсерін өлшеуге мүмкіндік береді.
Көрсеткіш ауыл шаруашылық жерлері алаңының бірлігіне себілген пестицидтердің жалпы мөлшері ретінде анықталады. Гектарына килограммен өлшенеді.
Деректер сатылатын пестицидтердің (сату көлеміне) мөлшеріне сүйене отырып есептеледі. Пестицидтердің шығыстары жыл сайын бағаланады. Инсектицидтерді, гербицидтерді, фунгицидтерді және басқа топтарды жеке бөле отырып, топтар бойынша пестицидтердің шығыстары туралы деректерді жинау жүзеге асырылады. Бұл ретте бар белсенді компоненттер санына ғана негізделген қоршаған ортаға пестицидтердің әсерін талдауды толық деп санауға болмайды. Себу тәсілдері, климат, жыл маусымы, сондай-ақ топырақ типтері және өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдары сияқты факторларды ескеру маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |