Адамзат дамуымен қатар адамдардың еңбек қызметі де жетілдірілді. Бұл әртүрлі заттардың, еңбек құралдарының, жаңа еңбек тәсілдерінің пайда болуымен көрініс тапты. Мұнда адамдар қайталап қолдану мақсатында еңбек өнімділігінің сәтті нәтижелерін таңдап ала бастады. Ежелгі дүниеде бірыңғай өлшем жүйесін, стандартты өлшемді құрылыс бұйымдарын, стандартты диаметрлі су өткізгіш құбырларын сол кезден қолдануы стандарттау саласының мысалдарын көрсетеді. Ол осы заманғы ғылыми тілде «көпшілік және көп реттік қолдануға арналған белгілі бір салада ережелерді қалыптастыру арқылы тиімді реттілік дәрежесіне қол жеткізу» деп түсіндіріледі.
Машиналық өндіріске өту кезеңінде стандарттаудың керемет жетістіктері орын алды, оған мысал ретінде 1785ж. француздық В.Н. Лебланмен құрастырылған алдын-ала келтірүсіз бір уақытта дайындалған қарулардың кез келгені үшін әрқайсысы жарамды болған 50 қарулы құлыптар (өзара ауысымдылық және стандарттау жетістіктерінің мысалы); жаппай өндіріске көшу мақсатында Германияда корольдік қарулы зауытында қаруға деген стандарт бекітілген, ол бойынша соңғылардың калибрі 13,9 мм болып анықталған; Ұлыбританияда 1845 жылы бекітуші бұранда жүйесі енгізілді және сол уақытта Германияда теміржол колеясы стандартталды.
Халықаралық стандарттаудың бастамасы деп 19 мемлекет өкілдерімен 1875 жылы қабылданған Халықаралық метрикалық келісімді және Халықаралық өлшем және салмақ бюросының бекітілгенін атауға болады.
Кеңес дәуірінен кейінгі кеңістікте стандарттаудың даму бастамасы ретінде өлшем және салмақ метрикалық жүйесінің енгізілгенін қарастыру қажет. Алғашқы стандарттау бойынша орталық орган – Еңбек және Қауіпсіздік Кеңес жанында стандарттау бойынша 1925 жылы Комитет құрылды. Комитеттің негізгі міндеттері ретінде тізімдеме стандарттарын әзірлеу бойынша тізімдеме жұмысын жетекшілік ету ұйымы, сонымен қатар стандарттарды бекіту және жариялау болды. Ортақ кеңестік стандарт (ОКС) –стандарттар категориясы енгізілді. Комитет бидай сорттарына, шойынға, қара металдар илеміне және халық тұтынуына арналған кейбір тауарлардың алғашқы жалпы Кеңестік стандарттары 1926 жылы әзірленді.
Стандарттау бойынша 1940 жылы Жалпы Кеңестік комитет құрылды. ОКС және әртүрлі салалы стандарттар орнына мемлекеттік ортақ кеңестік стандарт – МемСТ (ГОСТ) категориясы енгізілді. Одан ары Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) Министрлер Кеңесінің жанындағы стандарттау бойынша Жалпы Кеңестік комитет өлшем және өлшеуіш құралдар стандарттары Комитетіне түрлендірілді.
«Мемлекет ішіндегі стандарттау бойынша жұмыстарды жақсарту туралы» КСРО Министрлер Кеңесінің 11.01.1965 жылғы Қаулысымен қабылданған алғаш рет әлемдік тәжірибеде мемлекеттік стандарттар комплексі «Мемлекеттік стандарттау жүйесі» (МСТЖ) әзірленді және бекітілді. Cтандарттардың төрт категориясы 1.0-68 МСТ сәйкес енгізілді: КСРО Кеңесінің мемлекеттік стандарты (МСТ), республикалық стандарт (РСТ), салалы стандарт (ССТ), кәсіпорын стандарты (КСТ).
Стандарттау дамуының белгілі бір жоғарғы сатысы болып 07.01.1985 жылғы «КСРО стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы» КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы танылады. Бұл қаулыда стандарттаудың басты міндеті ретінде өнімге, ережелерге деген қарқынды талаптарды айқындайтын, оның әзірленуін, өндірісін және қолданылуын, сонымен қатар бұл құжаттаманың қолдану дұрыстығының бақылануын қамтамасыз ететін нормативті-техникалық құжаттама жүйесінің әзірленуі көрсетіледі.
КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысында 25.12.1990 жылғы №1340 «Стандарттау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру туралы» ел экономикасының нарықтық қатынасқа өту жағдайларындағы міндеттері және оның әлемдік экономикалық кеңістікке ықпалдастық етуі анықталды. Қаулыда концепциядағы мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі ережелері жүзеге асырылды, ондағы басты идея – ұлттық стандарттау жүйесін халықаралық тәжірибеге келтіру. Негізгі ережелері болып табылады: стандарттарда өнім сапасына қойылатын – міндетті және ұсынылатын екі категорияның бекітілуі.
Міндеттіге қауіпсіздікті, экологиялық тазалықты, өнімнің өзара ауысымдылығын және сыйымдылығын айқындайтын талаптар кіреді. Ұсынылатын талаптар болып талаптары ауыл шаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыратын шет елдік халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдану.
Бұрынғы Кеңес Одағының аумағындағы 1992 жылы тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы бұл елдердің стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы жаңа ынтымақтастық формдарының ізденісін тудырды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) қатысушыларының мемлекет басшылары бұл салада келісілген техникалық саясаттың жүргізілуінің қажеттілігін мойындай келе 1992 жылғы 13 наурызда стандарттау, метрология және сертификаттау аумағында келісімді саясатты жүргізу туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекет аралық кеңес құрылды, ондағы міндетке стандарттау (сонымен қатар метрология және сертификаттау) бойынша жұмыстарды мемлекет аралық деңгейде ұйымдастыру. Келісімге қол қою, ҚР мемлекеттік стандарттарының әзірленуі қазақстандық стандарттар жүйесінің қалыптасуының бастамасына әкелді.