«М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп» кмм



бет2/3
Дата30.03.2023
өлшемі108 Kb.
#77657
1   2   3
Байланысты:
1 СЫНЫП

Түсінік хат
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні. 1 сынып
Жаңартылған мазмұны бойынша үлгілік оқу жоспары 20 тамыз 2021ж. №415 1- қосымша және «ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығының 14-тармағында бастауыш сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән мазмұны мен оқу жүктемесі өзгертілген жоқ.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген № 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына (4-қосымша) өзгерістер енгізілді).

Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету болып табылады.



«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1-сыныпта 2022 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі.

«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі:


1-сынып аптасына 1 сағаттан, ІІ жартыжылдықтан бастап 19 сағат

«Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:

1) «Ақпараттық этикет: Өз денсаулығымызды сақтаймыз; Біздің айналамыздағы ақпарат; Ақпарат және компьютер; Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік.


2) «Менің алғашқы суретім»: Фигуралар; Фигуралармен орындалатын іс-әрекет.
3) «Біздің өміріміздегі алгоритмдер»: Біздің өміріміздегі алгоритм.
4) «Бағдарламалау»: Scratch бағдарламасымен танысу; Менің алғашқы бағдарламам.

Ақпараттық этикет – 6


Өз денсаулығымызды сақтаймыз -2
Біздің айналамыздағы ақпарат – 1
Ақпарат және компьютер – 1
Интернет желісінде жұмыс істеудегі қауіпсіздік – 2
Менің алғашқы суретім – 4
Фигуралар – 2
Фигуралармен орындалатын іс-әрекет – 2
Біздің өміріміздегі алгоритм – 2
Алгоритмдер мен орындаушылар – 1
Сызықтық алгоритм – 1
Бағдарламалау – 7
Scratch ойын программалау ортасы – 3
Менің алғашқы программам – 4




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет