«БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСЕМІН» ӘБ ОТЫРЫСЫНДА ҚАРАЛДЫ Мектеп директоры: Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары Бірлестік жетекшісі
---------------Елубаева Г И -------------Сенкибаева Х С -----------------Кульжабаева А « »тамыз 202 ж. « » тамыз 2024 ж Хаттама № 1 « » тамыз 2024 ж.
КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Сарсебекова Гүлім
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті Сыныбы: 7, 10 ,11 2024-2025 оқу жылы Түсінік хат Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2012жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығыымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (ҚР нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8170 тіркелген)Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы №467 бұйрығына (6-қосымша) «16» қыркүйегіндегі №399 бұйрығына (56 қосымшасына) «2024-2025 оқу жылында Қазақстан орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері»әдістемелік нұсқаухатына сәйкес әзірленген.
Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
Қазақ тілі оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;
2) тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
3) аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;
4) мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның қолданыстағы бағдарламадан ерекшелігі қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға негізделген:
тыңдалым және айтылым;
оқылым;
жазылым;
әдеби тіл нормаларын сақтау.
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған.
Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялар, оларды жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:
қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;
тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;
тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу және ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;
тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық бағдарын сабақ барысында күшейту.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа негізделіп құрастырылды. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді.