М.ӘУезов атындағы оңТҮстік-қазақстан


Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары



бет31/45
Дата10.03.2022
өлшемі118,07 Kb.
#27509
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
аспект с ответ

Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:

– оқу материалының бөлшектенуі,

– оқушының белсенді өзіндік жұмысы,

– тұрақты тексеру,

– оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,

– техникалық оқыту құралдарын пайдалану.

Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:

– бағдарлама жасауға көп уақыт, күш,

– мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.


  1. Проблемалық оқыту.

Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми –оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог – ғалымдар Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, “жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді”.
24. Оқытудың диалогтық сипаты. Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысты жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілген диалог оқушылардың қызығушылығын, танымын арттырады. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде айтып кеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдаған, демек оқушылардың көбірек білетін сыныптастары мен мұғалімдермен жүргізілген диалог болған жағдайда ғана, білім беру жеңіл болады. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болғанымен, жақын арада даму аймағы аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ, деп көрсетті. (МАН, 38-бет) 

        Диалогты оқытуды таңдаудағы себебім – менің пәнім тарих болғандықтан баланың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу және баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тәсілі деп ойлаймын.

      Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог көбіне мұғалім мен оқушы арасында өтіледі және бірнеше ғана оқушы арасында диалог өтілетін, онда да диалогқа оқушыларды таңдап шығарылатын, сондықтан  оқушылар ашылып ойындағысын нақты сұрай алмай, тұйықталып қалатын. Ал курстан кейін  сабақтарымда жұптық жұмыс ретінде алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытып отырды.  Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін  ойлау қабілетін кеңейте отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді. Курста оқып келген мұғалімдердің сабағына қатыстым. Олардың оқушыларға диалог құрған кезде қандай жұмыс жасап жатқанын көргім келді. Сол мақсатпен сабақтарына қатысқанымда менде кездесетін проблема оларда да кездесіп жатқандығы байқалды. Сабақтан кейін бәріміз бірлесе отырып, сабағымызды талдау барысында диалогты оқытуды жақсарту үшін не істеуіміз керек деген сұраққа сабағымызда күнделікті диалогты пайдалану арқылы және баланы сабақта да, сабақтан тыс кезінде сөйлескен кезде де сыни тұрғыда ойлауына ықпал ететіндей сұрақтар қойып отыру керек деген ойға келіп тоқтадық.

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. 

Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:

• Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне, түсіндіруіне  мүмкіндік береді;

• Басқа адамдарда түрлі ойлардың  болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

• Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

• Мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. (МАН, 38,39-бет).

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. 

 

 

 



Негізгі бөлім

         Диалогтық оқыту мәселесін осы уақытқа дейін бірнеше педагог ғалымдар зерттеп келген. Атап айтсам, бразилиялық педагог Фриери, орыс педагогы Выготский, француз педагогы Дьюи. Фриери , әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, басқа адамдармен диалогтық қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірлеген.  Фриери, мұғалімнің міндеті-оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен  оқушылармен диалогқа түсу, деп санайды. Фриери Выготский мен Дьюидің теорияларын анықтап, зерттеп, дамыта келе назарын ондағы үрдісі мен ол үрдістегі  мұғалімге бағыттамай, негізінен  оқушыларға бағыттады. Дьюи тәжірибе  бір қалыпта тұрақты  болмауға тиіс дейді; ол  үнемі өзгеріп, бұрын  болғанға сүйене отырып, ары қарай өсу үшін нақты әлеуеті болуға тиіс. Ол мұғалімнің  қызметі   басқа кәсіптерге қарағанда, көрегендікті көбірек талап етеді деп айтқан.

       Атақты педагогтардың зерттеу жұмыстарына сүйене келе, сабақ жоспарын құру барысында аталмыш диалогтық оқыту бағытын кеңінен қолдануға тырыстым.  Яғни, сабақтың басынан бастап аяғына дейін сауалдар арқылы оқушылардың тілдік барьерін азайтуға жұмыс  жасадым. Сыныптың білім деңгейін анықтауда, алдыңғы сабақтарды қайталауда және негізгі бөлімде диалогтық  оқыту бағыты пайдаланылды. Осы жерде сөйлеу мәдениеті туралы айтып кеткім келеді. Диалогтың ары қарай жалғасын табуы немесе таппауы сөйлеушілердің әңгімелесу барысында «егер де, ойлаймын, мен есептеймін, бірақ сіз ойламайсыз ба, сонымен сіз айтасыз ба, иә, бірақ, сіз қайдан білесіз және мүмкін» деген сияқты және де басқа осы тәрізді мәдени лингвистикалық сөз мәнерлерін қолдануына көп байланысты деп ойлаймын. Мұғалім оқушыларға тек теориялық немесе практикалық білім беріп қана қоймай, олардың мәдениетті сөйлеу нақыштарына да назар аударулары керек сияқты. Осы әрекеттер үрдіске айналғанда барып сыныптағы өзара әрекеттесу процесі  толық ынтымақтастықта дамиды деп санаймын.

       Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтік оқытудың  маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Арнайы зерттеушілер диалог сабақта оқушылардың  қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейлерін өсіруге үлес қосатынын атап көрсеткен. Зерттеулерде ересектермен қарым-қатынас пен достарымен бірігіп  жүргізілген жұмыстың нәтижесі  балалардың оқуына және коллективті дамуына әсер ететінін көрсетеді. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болуы, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға  болады. Түрткі болу дегеніміз сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет.

Сынақтан өткізу дегеніміз сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей  етіп  құрылуы қажет.

        Қайта бағыттау дегеніміз сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау болып табылады. Мысалы «Көмектесе алатындар бар ма?» Білім беруді тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын  қарастыратын болсақ ,сұрақ қою арқылы  мұғалім:

- Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

- Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

- Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

- Оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;

- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;

- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына көмектеседі;

- Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;

- Әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді,іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;




  • 25. Педагогикалық процесті ұйымдастыруға гуманистік көзқарас. Гуманистік педагогика – XX ғасырдың 50-ші жылдарының аяғында 60-шы жылдардың басында АҚШ-та пайда болған гуманистік психология идеясының қазіргі кездегі тәрбие теориясы мен тәжірибиесіндегі педагогиканы қайта жаңғыртуға бағытталған саласы. Оның өкілдері болып К. Роджерс, Р. Барт, Ч. Ратбоун мен т.б. жатады. Аталған педагогикалық бағыттың негізгі тенденциясы – білімге тұлғалық-бағдарлық қасиет беруге талпыныс, оқуда және тәрбиеде авторитаризмді жою, оқушылардың білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды меңгеру процесін репродиктивті және шығармашылық әрекеттерін эмоционалды етіп жасауды көздейді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет