39. Педагогика магистрі кәсіби қызметінің міндеттері. Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың жалпы мақсатына және қазіргі заман дидактикасының ұстанымдарына сай болуы
Оқытылатын ғылымның мазмұнына және пәннің тақырыбына байланысты болуы
Нақты оқу пәнінің оқыту әдістемесін және оның арнаулы дидактикалық талаптарына байланыстылығы
Белгілі сабақтың оқыту материалдарына, мазмұнына, мақсатына, міндетіне байланысты болуы
Оқыту материалы өтуге жоспарланған уақытқа да байланысты болады
Оқушылардың жас ерекшелігіне және олардың сабақты қабылдау мүмкіндігіне байланысты болады
Оқушылардың білім алуға даярлық деңгейлеріне байланысты болады
Оқыту мекемесінің техникалық жабдықталуына байланысты болады
Мұғалімнің жеке басының білімділігіне әрі әдістемелік шеберлігіне және теориялық, практикалық даярлығына байланысты болады.
Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуіміз керек. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде КӘСІПТІК АҚЫЛ-КЕҢЕС ерекше орын алады. Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата аналар құрамынан, шеттік мекемелер мен өндіріс орындарындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл кеңес жұмысы өндіріс орындарында кәсіптік колледждер мен өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізілген өте орынды. Бүгінгі таңда қоғамның басты талаптарының бірі әр азаматтың өмірде өз орнын тауып, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады.
Еңбек тәрбиесінің басты мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағды мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
Кәсіптік білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі қағидалары 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасында да көрініс тапты. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру.
Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту.
Мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға жан - жақты ақыл кеңес, бағыт бағдар беру.
Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |