40. Жоғары мектепте оқытудың әдістері мен құралдары. Әдіс- іс- әрекетті жүзеге асырудың бір жолы.
Ол кез- келген адамның сарамандық және теориялық іс- әрекетінде белгілі бір мақсатқа жетудің қажетті мүмкіндіктерін игеруінің тәсілі. Оқыту әдісін тек оқытушының ғана іс- әрекеті, немесе соның ғана қызметі деп түсінуге болмайды.
Оқыту әдістері дегеніміз- белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс- әрекеті мен оқушы іс- әрекетінің үйлестіру түрлері, тәсілі. Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.
Оқыту құралдары – білім алудың, іскерліктерді қалыптастырудың көзі, сонымен қатар оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға арнайы әзірленген материалдық заттар, құралдар, құрылғылар. Сөз – көрнекі әдістер ішінде жиі қолданылатыны - тәжірибелерді көрнекі көрсету (көрнекі көрсету эксперименті).
Ол: оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдысы жеткіліксіз;