М.ӘУезов атындағы оңТҮстік-қазақстан


Инновациялық технологиялардың негізгі қағидалары



бет7/45
Дата10.03.2022
өлшемі118,07 Kb.
#27509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Байланысты:
аспект с ответ

Инновациялық технологиялардың негізгі қағидалары.

Нидерландтық ғалым Карл ван Парререн келтiрген төмендегі қағидалар қазіргі күнгі инновациялық (интербелсендi) технологиялардың идеялары мен практикасын толығымен келтiредi.



  1. қағида.Студенттерде үйренуге деген тұрақты қозғаушы күш (мотивация) қалыптастыру.

Мотивацияны студенттердің жеке тэжiрибесiне негiздеу керек.

  1. қағида. Диалог арқылы үйрету/үйрену.

Оқытушы студенттермен «жоғарыдан төмен» қарай қарым- қатынас орнатпай, олармен тығыз ынтымақтастықта болады.

  1. қағида. Қадағалау арқылы үйрету/үйрену.

Оқу әрекеттерін үнемі бақылау, яғни мониторинг және диагностика жасау; қажет болғанда студенттердi түзетіп және қуаттап отыру керек.


  1. қағида. Бiлiм беру мазмұнын қажетті оқу бiрлiктерiне және мақсаттарға бөлу.

Бұл ұстаным студенттердің әртүрлі таным және бiлiм деңгейлерін ескерiп, көп варианттарға негiзделуi керек. Сонда ғана үйренушілердің түрлі категориялары өздерінің танымдық мүдделері мен қызығушылықтарын қалыптастыра алады.

  1. қағида. Оқу мазмұнын үйрену/үйретуге, пән мен тұлғаға бағытталған әрекеттермен қамтамасыздандыру сан алуан деңгейлерде жүзеге асырылуы керек (материалдық, танымдық, саналық).

Таным процесінің негiзiн белсендi әрекеттер құрайды, адам тек әрекет арқылы ғана үйрене алады.

  1. қағида. Үйренуде қажетті қарқын және соған сәйкес тәсілдер (мысалы, оқу, сөйлеу, жазу, компьютерлiк тiлдер, графикалық модельдер мен символдар) таңдалуы керек.

Таным процесi оңайдан күрделіге қарай ойысып, қарым- қатынас пен өзіндік түсініктің қажетті құралдарымен қамтамасыдануы керек.

  1. қағида. Үйрету мен бiлiм игеруде көмектесу студенттердің оқу тапсырмаларын қандай деңгейде орындағанына байланысты оқытушының сырт көзбен пайымдаған мiнездемесiне сүйенбей, олардың нақты қабілеттеріне (мәселен, қарым-қатынас жасау және ойлау әрекеттері, өз тәжірибесін жүзеге асыра бiлу) негiзделуi керек.

Бiлiм мазмұны оқытушы тұрғысынан субъективтiк тұрғыдан анықталмай, үйренушінің мүдделерінен туындауы керек.

  1. қағида. Студенттердің ой-толғанысы (рефлексия) мен өздерінің даму жетiстiктерiн бағалай бiлуi (құзырлылық сезімі).

Баға қоюды (мәселен, бес балдық немесе жүз балдық жүйемен) оқытушы мен студенттер бiрлесе құрастырып, қабылдаған бағалау талаптарымен (критерийлермен) алмастыру қажет.

  1. қағида. Студенттердің өзіндік тұрғыдан жасалатын жұмыстарына қажетті тапсырмаларды алдын-ала дайындау. Осы әрекет арқылы студенттердің әрекеттерін, сөздерін, ойларын үйренішті қалыптан басқа жаққа бұруға болады.

  2. қағида. Студенттердің бастамашылдығы мен

шығармашылығын ынталандыру.

Бұл арқылы студенттердің танымдық қабілеттерін едәуір көтеріп, олардың оқу мазмұнына тереңірек үңілуіне ықпал жасауға болады.



  1. қағида. Субъективтікті қалыптастыруға ықпал жасау.

Бұл ұстаным студенттердің оқу материалын жағымды тұрғыдан қабылдап, өзін-өзі анықтауына, өз әрекеттеріне деген жауапкершілігіне, өзіндік тұрғыдан өмір сүруіне бастайды.

  1. қағида. Студенттік аудиторияда әлеуметтік қасиеттері

басым және қоғамға кіріктірілген үйренуші тұлғасын қалыптастыруға бастайтын жағдайларды

қамтамасыздандыру.

«Оқудың/оқытудың басты мақсаты - тұлға қалыптастыру» деген қағиданы растайтын ұстаным.[5, 62-63].

Инновациялық технология бойынша оқыту бiлiмдi меңгертуге емес, жеке әлеуметтік тұлғаны қалыптастыруға бағытталғандықтан, субъектінің өзіне тән жеке тұлғалық ерекшелiктерiн, қабілеттерін назарға алып дамыту - басты міндеттердің бiрi. Ә. Әлімов инновациялық технологияларға интербелсендi оқу/оқыту деген атау бередi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет