М.ӘУезов атындағы ОҚУ-нің «рухани жаңҒыру» жобалық кеңсесінің (қоғамдық ұйымы) «мирас» рухани жаңҒыру академиясы



бет5/6
Дата18.10.2023
өлшемі21,6 Mb.
#118371
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
 
Лекция № 6.
 Абайдың дінге қатысы туралы
2.Абай танымдағы - Тәңір, Құдай, Алла, Жаратушы Ие.
 
Абайда кездесетін Тәңірі 34-қара сөзінде «Екі ауыз сөздің басын қосарлық не ақылы жоқ, не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «ой, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?» адамның бітім болмысы құр кеудем соқтықпен тұрмайды, айналаңдағы көзі ашықтардың ойымен санас, оның ғылымына жетуге асық сонда ғана сен адамсың дегенді меңзейді. Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романының сегізінші тарауынан «Татьяна сөзін» 1888-1889 жылдары аударма жасаған Абай ұзақ аудармасын «Тәңірі қосқан жар едің сен» деп бастапты. М.Ю.Лермонтовтың «Демон» поэмасынан 1898 жылы Абай аударған «Шайтан» үзіндісінде «Жалғыздық – бір тәңірінің сыбағасы» деп, жаратушы жалғыз, жаратушыға серік қоспау қағидасын ақын сақтап отыр.
Ойшыл Абай шығармашылығынан тәңірдің бірнеше мәнге ие сөздерін қарастырсақ өте көп түрлі мағанада кездеседі екен, оның барлығын талдап отыру қомақты зерттеуді талап етуі хақ.
Көп тәңірі атқан мақтай ма,
Ол тәңірі атқан болмасы?
Жоқты-барды шатпай ма,
Көптің өзі оңбаса?;
Тәңірге жазу - ісі оңбау;
«Тәңірге жазып, мінбей-түспей, арып, шөмеңдеп дуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?» деген сөздермен қоса т.б. еңбектерінде кездесіп отырады. Абайдың алғашқы рухани бұлақ көзін 14 жасына дейін Зере мен Ұлжаннан және Барластан (Дулат Бабатайұлы) қала берді қазақ сахарасының өзі өнер мен салт-дәстүрге өлең мен жырға қанық болатын. Мұны айтып отыруымыздың себеп қазақ даласына ислам толық енбей тұрғанда бір жаратқан деп тәірге сенгендігін аңғартады.
Лекция № 6.
 Абайдың дінге қатысы туралы
2.Абай танымдағы - Тәңір, Құдай, Алла, Жаратушы Ие.
 
Қазақ әдебеті тарихы; ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулар поэзиясы, ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларында сопылық сарынның басым екені белгілі. Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығында тұнып тұрған сопылық танымдары деп айтуға болады. Мысалы Абай:
Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі,
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі.
Жүрек, көңіл, көкірек көзі сияқты тіркестер «ызаалы жүрек, долы қол» (Абай) сопылық әдебиетте тұрақты тіркеске айналды. Хақты тану, ғашықтық сезім, «Махабатсыз – дүние бос» (Абай) жарға адалдық, ақиқат шарабын ішу, шын беріліп масаң күйде болу, естен танып Алламен бірігіп кеткенін өзі де байқамау, өлмей тұрып өлу. Шариғатта берілген о дүниеде тіршілік бар ұғымы исламнан алдын зорастрлық таным-сенімінде бар екендігін кейбір теолог ғалымдар жоққа шығармайды. Өйткені исламнан алдынғы о дүниелік болған зиялы қауымдардың жерленуінде ерекшелік бар екенін археолог ғалымдар анықтап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет