М.ӘУезов атындағы ОҚУ-нің «рухани жаңҒыру» жобалық кеңсесінің (қоғамдық ұйымы) «мирас» рухани жаңҒыру академиясы



бет2/6
Дата18.10.2023
өлшемі21,6 Mb.
#118371
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
 
Лекция № 6.
 Абайдың дінге қатысы туралы
1.Қазақ Даласында исламның ерекшелігін тану жолдары. Ахмет Ясауи сопылықтың негізін салушы, Қорқыттың сопылық танымы.
 
Лекция № 6.
 Абайдың дінге қатысы туралы
1.Қазақ Даласында исламның ерекшелігін тану жолдары. Ахмет Ясауи сопылықтың негізін салушы, Қорқыттың сопылық танымы.
Сопы – арабтың «жүн» деген сөзінен шыққан. Қыл-жүннен тоқылған ұзын шекпен киген тақуа адамда сопы деп атаған. Адамның өзін-өзі тануына мүмкіндік беретін діни-философиялық ағым. Адамның өзегі жүректі тыңдау болып, соның әмірімен жүріп, жолынан алшақ кетпеу сопылықтың негізі. Дененің патшасы – жүрек иман мен сенімнің тұрағы, Алланы тану орталығының мекені.
Сопылық ілімнің дені адам мен оның Аллаға қатысы болып табылады. Оны қолдаушылар «адам Алладан», «адам Алламен», «адам Алла үшін» адам баласының Аллаға деген сенімге негізделген. Сопылық жолы арқылы ол шынның шыңы болған «Ақихатқа жету» болып табылады. Сопылық ілімнің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи:
Өтті ғұмырым шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тарихатқа өте алмадым.
Хақиқатсыз мағрипатқа бата алмадым, - деп, мойындап отырғандығын Шариғат, Тариғат, Марифат, Ақихат осы төрт басқышты меңгергеннен соң тасауфта (рухани тазалық) бас қосады.
Шариғат та, Тариғат та, Ақихат та, Мағрипатсыз (ғылым-білім) ешнәрсеге аспайды екен. Шындыққа апаратын бірден бір жол ғылым болып табылады.
(1093–1166)
Лекция № 6.
 Абайдың дінге қатысы туралы
Шариғат та, Тариғат та, Ақихат та, Мағрипатсыз (ғылым-білім) ешнәрсеге аспайды екен. Шындыққа апаратын бірден бір жол ғылым болып табылады.
Алғаш шариғаттың барлық талаптарын мұқият орындап, екінші басқыш тариғатқа көтеріліп өздері пір тұтқан ұстазына қол ұстатады. Осы сенімге ие болғандар, үшінші басқыш марифатқа көтеріледі, мұнда сопылық сенім кеңістігін оймен емес жүрекпен сезіну керектігін «сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айнасына анық рәушан болып түседі» деген Абай ақихатқа табан тірейді. Ақихатқа жету сопылық ілімінде пенделіктен өтіп Аллаға жақындау болып табылады.
Қоғамдағы қай көрініс болсын әдебиетте өз бейнесін бермей тұрмайтындығы белгілі. Баба Кухи (- 1050), Әбділмажид Санои (- 1150) т.б. Орталық Азияда сопылық әдебиеттің негізін салса, Жүсіп Хамадани мектебінің жалғастырушысы, сопылық ілімді қалыптастырушы Ахмед Яссауи болды. Сопылық әдебиет тек дін мәселесімен шектелмей адам баласының өмір сүру құлқы туралы яғни адам деген атқа ие болу үшін неге мән беру керек немесе қандай жат әдеттен сақтану керек мәселесі бірінші тұрады. Ахмед Ясауи өз хикметінде баса айтылатын ел басқаратын биліктің құлқы туралы, нәпсіні тыйу, ел байлығын көздің қарашығындай сақтау, адал өмір сүру «инсанияттың кәмәлаттығы» (Абай) туралы айтылады. Иасаудің мұратын тікелей жалғастырушы Сүлеймен Бақырғани сопылықтың ірі өкілдерінің бірі болды. Ахмед Иасауидің тарихат ілімін жалғастырушы шәкірті болып танылған. Халық арасында «Хакім Ата» атымен белгілі. Бұл атауды өзінің ұстазы Қожа Ахмед Иасауи берген. Шығармашылығында исламды, шариғат ережелері арқылы адамдарды о дүниенің бар екеніне сенуге, тариқат Алланың кереметін сезінуге және ол толық адамды тәрбиелеуге, марифат арқылы Алланы тану және оған үнемі тәу етуге шақырды. Бақырғани қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік және ұрпақтар үшін жауапты кісілерді тірідегі іс-әрекеттің есебі о дүниеде екенін Абай: «Махшарға барғанда құдайтағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт - соларды қатар қойып, сұрар дейді» - деп, 35-қара сөзінде ұмытпауға шақырады.
Сопылық дамыған кезде қаламгерлердің шығармаларында пантеизм (Алла мен табиғатты бірге қарастырушылар) философиялық ілімі байқалады. Әсіресе, Шығыстың біртуар ақындары Аттар мен Руми өлеңдеріндегі, Нақышбанди мен Ансари жазғандарындағы пантеистік көзқарастар Жәми, Науаи еңбектерінде де көрініс берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет