М.ӘУезов атындағы ОҚУ-нің «рухани жаңҒыру» жобалық кеңсесінің (қоғамдық ұйымы) «мирас» рухани жаңҒыру академиясы



бет3/6
Дата18.10.2023
өлшемі21,6 Mb.
#118371
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция № 6. Абайдың дінге қатысы туралы

Лекция № 6.
 Абайдың дінге қатысы туралы
Қорқыттан бастау алатын түркі сопылығы, Мұхаммед (п.ғ.с.) қайтыс болғаннан соң исламды таратушы сахабаларына сопылық ағымы таптырмас құралына айналды. Ежелгі түркі тайпаларының «тасаттық» деген сөзі сопылықты айқындайтын «тасауф» ұғымына айналған болса керек. «Тасауф» ұғымы – араб тілінен алынған рухани «тазалық» дейтін, «Сопы» сөзімен қатарлас, мазмұндас қолданылады. «Тасаттық – көпшілік қауым болып жиналып, құрбандық шалып, сауабын аруақтарға бағыштап, құран оқылып, құрғақшылық жылы құдайдан жаңбыр тілеп ниет қылады. ... жиынның соңын мереке сауыққа айналдырады» дегеніне қарасақ сопылықта мерекелеу, шаттануға тиым салынған. «Тұранның қара шаңырағына ие болған қазақ жерінде ономастикалық атаулардың жеті түрлі қабат жатыр. Ол қабаттарда біздің жерімізді басып өткен отаршылдардың қанды ізі жатыр» дегенін ескерсек «тасаттық» беру исламға дейін қазақтардың мерекелеу дәстүрінде болғандығы өзінен-өзі расталып тұр. Шығыстың «Тасауып» ақындардың бастау алар қазына көзі «Ләйлі-Мәжнүн» болса, қазақтың Абайы:
Сенсің - жан ләззаті,
Сенсің – тән шәрбәті,
Сұлуды сүймектік –
Пайғамбар сүндеті. - деген өлең сарыны Шығыстық екені белгілі болып тұр. «Пайғамбардың сүндетінен» соң суф – таза, сап - таза, сап – алтын, саф - асылданып тазарған жанмен құдайыңды, жаратушы иеңді танисың «Онымен сезімді тазалыққа кіргендігіңді кәміл ыхыласыңды көрсетіп, ішімнің сафлығының соңында халық көрер сыртымды да пәк етемін Һам көзге көрінбейтін ағзаларымды да пәк етемін, бұл пәктіктің үстінде аллаға дұға айтамын деп әзірленесіз».
Сопылық әдебиеттің мақсаты Алланы әрқашан еске ала отырып, одан тыс қалмау көңілге тоқу арқылы әмірлерін түсіне білу және оны сүйу. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңінде түп иені танып білудің бастауы жүректе екенін ұлы ақын шығыстық шайырлардың ұстанған жолы болатын дегенге тоқталған.
Лекция № 6.
 Абайдың дінге қатысы туралы
Сопылық әдебиет Түркістан елді мекеніне Иран өлкесі арқылы келді. Ең алғаш Бағдат, Куфе, Шам, Герат, Нишапур, Мерв т.б. қалаларда дамыды. Қарахан мемлекеті тұсында (ХІІ) Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Қожа Ахмед Ясауидің «Даналық кітабы» еңбектері арқылы сопылық әдебиет дамыды. Қазақтың төл әдебиетіндегі Сыпыра Жыраудан басталып, кітаби ақындар және Абай мен Шәкәрімге келіп жетіп, Мағжан мен Мәшһүр Жүсіптермен жалғасын тапты.
Алланың, пайғамбардың жолындамыз,
Ынтамызды бұзбастық иманымыз – деген Абай сөзімен аяқтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет