Бейбарыс, Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулати сияқты мемлекет қайраткерлері осы сопылық жолда болған. Ал Мұхасиби, Араби, Ясауи, Руми, Жәми т.б. біз жоғарыда атап өткен мутасауфтар исламның қайнар бастауына сүйене отырып сопылық жолдың әдіс-тәсілдерін қалыптастырған еңбектерді дүниеге алып келді.
«Худо» сөзі парсы тілінен сол қалпында қазақ арасына «Құдай» болып енді. Бұл ұғымы Тәңір ұғымының орнына қолдана бастаған уақыт ертеректе-ақ қалыптасты. Құдай бүкіл әлемді, табиғаттағы тіршілікті сонымен қатар адамды жаратушы құдірет иесі деп қалыптасқан. Құдайды табиғаттан тыс тұрған, бірақ барлығын қамтитын бірден-бір күш, оның бірлігі, даралығы, мәңгілігіне шүбә келтірілмейді. «Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абайдың айтқан жұбатуында» өзінің «Патша құдай» Әбдірахманнан айырылса да, асыл жарынан айырылған жас келіні Мағыштың Құдайдан өзіне өлім тілеп өксіген, аса аянышты халін Абай:
Ұмытқаның жарамас
Жаратушы құдайды, - деп басу айтып, әрі қарай ақын:
Кімнің гүлі солмайды?
Артын тіле құдайдан. – деп жұбатады.
. Лекция № 6. Абайдың дінге қатысы туралы 2.Абай танымдағы - Тәңір, Құдай, Алла, Жаратушы Ие. «Тәңір», «Алла», «Құдай» үш сөздің шығу төркіні мен мағынасына Абай танымындағы бөлек бағыт. Ұлы Абай Тәңір сөзін өз шығармашылығында өте көп қолданған және оны жай қолдана салмай құдіретті сөз, қасиетті ұғым деп қараған.
Ұлы Абайдың ұлы Әбдірахманның 27 жасында қайтыс болғанда жазған «Әбдірахман өліміне»атты өлеңінде
Петербурда-ақ кідірмей,
Біліпті дерттің барлығын.
Тәуекел қып білдірмей,
Күтіпті тәңірі жарлығын. –
деген ақын, ұлының табандылығын, бойындағы таудай талап, өнер, білім барлығын өзінің орнын басатын жаңаның жаршысы болатынына бек сенген Абай тәңірі жарлығына бас иуден басқа шарасы жоқ екені аңғарылады.
Ұлы Абайдың «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңінде 3 рет қайталанатын Тәңіріні тани алмай, мақсатсыз болғандарды шенейді «Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі», деп, келеді де «Өзіне құмар қылған оның әмірі» дейді. «Түп иесін көксемей бола ма екен?» адамзат қай дінде болғанымен түп иесі болуымен жалғасады, данышпан ақын «түп иесі» деп, тәңіріні тануға меңзеп отыр.