М.ӘУезов атындағы ОҚУ-нің «рухани жаңҒыру» жобалық кеңсесінің (қоғамдық ұйымы) «мирас» рухани жаңҒыру академиясы



бет6/6
Дата18.10.2023
өлшемі21,6 Mb.
#118371
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция № 6. Абайдың дінге қатысы туралы

Лекция № 6.
 Абайдың дінге қатысы туралы
2.Абай танымдағы - Тәңір, Құдай, Алла, Жаратушы Ие.
 
Арабтың «Иллаһ» сөзінен алынып дыбыстық өзгерістерге түсіп қазақша «Алла» болып айтылады.
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңінде:
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті. - деп адамзаттың бәрін бауырға басып, адамзатты махаббатпен жаратқан Алладан бастау алатыны шындық екендігін меңзеп тұр. Бұл өлеңде Абай Алланы тану мәселесін шындықтың шыңы деп қарайды. Қазақ топырағында Абайға дейін Алланы тану жолдарымен шұғылданған бірнеше зиялылар болды. Абай алланың насихатшысы емес, оны танушы, зерттеуші ойшыл.
Алланың өзі де рас, сөзі де рас.
Рас сөз еш уақытта жалған болмас,-
деп, Абай мәселені діни сана ауқымында қарастырып, Алланың растығына айрықша көңіл бөлген. Жалған болмайтын «рас» не дегенде, Абай дүниетанымында Алла - шындық, шындық рас болса, Алла да рас. Шындықты мойындау - Алланы мойындау.
Алла ішімді айтқызбай біледі, ойла,
Бендесіне қастықпен кінә қойма.
Распенен таласпа, мүмин болсаң,
Ойла, айттым, адамдық атын жойма!..
Үшінші жолдағы «Распенен таласпа...» деп отырғаны, ақынның Алла сөзіне күмәнданба дегені. Абай дүниетанымында Алланың орны бір басқа. Ұлы Абайдың бұл ойы 38-қара сөзінде «Алла тағала өлшеусіз біздің ақылымыз өлшеулі, өлшеулілімен өлшеусізді біліп болмайды» деген өсиетнамасы еске түседі. Абай ұғымында түп иен атаулары әртүрлі болғанмен олардың деңгейі бірдей екендігіне күмәнданбайды. Тәңіріні жарлық иесі, Құдайды жаратушы, Алланы ақиқат бесігі деп қарап, ол ақылға сыймас шындық, сондықтан ол Алла мен Адам арасындағы жалғастырушы күш – сенім деген тоқтамға келген.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ !

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет