Мұғалім жобасы менің бұл мақсаттарыма жетуде кәсіби көмек көрсететіне кәміл сенімдімін. Оған осы аталмыш жобада оқитын таныстарым дәлел. Сөздеріне сенсем, Мұғалім жобасында



Pdf көрінісі
Дата14.10.2023
өлшемі126,96 Kb.
#113933
Байланысты:
Ұсыныс



Ұсыныс хат
Мен
, Теміржанова Көркем 2022-2023 оқу жылында Қазақ Ұлттық Қыздар Университетінің 
«Қазақ тілі және әлем институтына» 6B01701-мамандығы бойынша оқуға түстім. Бастапқы 
кезде ақылы бөлімде оқи жүріп, оқу сапасының жоғары көрсеткішіне байланысты грантты 
ұттым. Мұғалімдер отбасында дүниеге келе отырып, білім мен ұстаздықтың құндылығын 
жақсы білемін деп айта аламын. Мамандығым қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогы 
болғандықтан, төл әдебиетіміздің жілігін шағып, майын ішіп жүрмін десем артық айтқандық 
емес. Қызығушылықтарым мамандығыммен тығыз байланысты. Кәсіби маман болуға 
университет қабырғасынан бастап машықтанып, факультеттің жеке үйірмелері мен ғылыми 
ұйымдарына кіріп, оқытушы-профессорлармен бірге машықтанып жүрмін. ҚызПу университеті 
қара шаңырақ ордасы болғандықтан, әдебиет майталмандары жиі мейман болып, әдеби 
кездесулер көп болады. Сол жиындарда Д. Исабеков секілді ірі классиктеріміздің қолтаңбасын 
алып, жүздесіп жүрміз. Бұл өз кезегінде қазақ әдебиетінің көп адам қадіріне жете бермейтін 
жоғары бағасын біз секілді тіл жанашырларына үлкен септігін тигізуде. Мені мұғалім болуға 
ынталандыратын дүниелер көп-ақ. Атай өтсем, қазір біздің ана тіліміз көп жерде назардан 
тысқары қалуда. Ұстаздық мансабым басталмай жатып, айналамдағы өзімнен кіші оқушыларға, 
балаларға қазақ тілінде сөйлеуден тартынбацға шақырып, тіліміздің мәртебесін көтеруге күш 
жұмсап жүрмін. Осы орайда 
Мұғалім
жобасы 
менің бұл мақсаттарыма жетуде кәсіби көмек 
көрсететіне кәміл сенімдімін. Оған осы аталмыш жобада оқитын таныстарым дәлел. Сөздеріне 
сенсем, 
Мұғалім жобасында 
олар өздерін басқа қырынан танып, беделді әрі елімізге танымал 
іскер-білімпаз адамдардың ортасында тұлғалық қабілеттерін шыңдап жүр. Мұғалім жобасына 
іріктеуден өткім келетінінің бірден бір себебі осы. Болашақ ұстаз ретінде нағыз шеберлерден 
ақыл-кеңес алып, сол кісілердей білімнің құдығынан су ішсем деймін.Қазіргі уақытта 
бакалавриат дәрежесіндегі білімнің болуы нағыз маман болуға аздық етеді. Мұғалім 
жобасымен қатар, өзімді Магистратура, Доктарантура секілді деңгейде дамыту алдағы жалғыз 
мақсатым болып отыр. Әлеуметтік желідегі Мұғалім жобасының парақшаларындағы іс-
шараларда өзімді сынап көріп,кешегі өткен Ахметтердей ұлт ұстазына айналу-басты арманым 
һәм қазақ қоғамына тарту еткен үлесім болушы еді.

Document Outline

  • Ұсыныс хат


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет