МҰҒалім көшбасшылығын дамыту сапалы білім негізі


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата31.12.2016
өлшемі1,2 Mb.
#836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Использованная литература:

1.

Руководство для учителя/обоснование необходимости изменений подходов в преподавании и обучении, стр 101



2.

Статья Назарбаева о модернизации Казахстана, АСТАНА, 10 июля – ИА Новости-Казахстан.

3.

Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана от 28 января 2011



4.

Материалы сайта: http://www.lanu.ru/?page=3, Алиса Анна Бейли «Образование в Новом Веке».

5.

Материалы сайта: http://ru.wikipedia.org/    



6.

Материалы сайта: http://www.akorda.kz/

7.

Материалы сайта: http://profit.kz/                



8.

Материалы сайта: http://www.vestifinance.ru/articles/20254                    

9.

Материалысайта:http://news.mail.ru/inworld/kazakhstan/society/14398104/?frommail=1 



10. Сайт министерства образования и науки республики Казахстан.

* * * * *



ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУДАҒЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС - САПАЛЫ ЖӘНЕ ТАБЫСТЫ ОҚЫТУДЫҢ КЕПІЛІ

Ибраш Қансұлу Зайымқызы. жоғары санатты, математика пәні мұғалімі

І деңгей бағдарламасын меңгерген. Атырау қаласы , №10 мектеп

              Бүгінгі  заманды  сәуленің  жылдамдығындай  қарыштап  дамыған  ғарыш  заманы  десек  артық  айтқандық  емес.

Мұндайда заман ағымына ілесіп, көркемдеп айтсақ, арындап аққан асау толқынмен жарысып, керек сәтінде қасқая қарсы

тұра алғандар ғана барлық сын сағаттарға  төтеп береді. Міне, осындай   сәтте  өзін-өзін тек қана бәсекеге қабілетті

жағдайлар ғана ақтап, алдағы үдеріске жауап бере алады. Сондай-ақ, бүгінде көп айтылатын сол үдеріс өзгерістерге

әкеліп тірейді. Өзгеріс қай тараптан қарасақ та,  жаңаға ұмтылу, өткенді саралау дегенді білдіреді. Өткеннің бәрі көмескі,

жаңаның   бәрі   жаңғырық   емес.   Тек   соларды   сараптай   алатын   сарабдал   сана,   сәулесі   бар   жүрек   керек.   Жаңалыққа

құмарлана   отырып,     биік   жетістіктерге   жету,   бір   сөзбен   айтқанда,   жаһандық   идеяларға   ой   қосумен   қатар,   өзіңдік

жаңалықтарыңды да жаһанға тарату, толымды жетістіктерге қол жеткізу үшін керек. Ол көптеген уақыт, адамның ерік-

жігерін, қуат- күшін қажет еткенмен, түбінде парасатты талғамға, шығармашылық биіктерге жеткізеді.   Ал кез-келген

ортада   ұмтылыс,   жаңалыққа   деген   құмарлық,   шығармашылық   шабыт   болмаса,   жаңару   мүмкін   емес.   Жаңалық   жоқ

деген- жаңғыру жоқ, алға қарай ұмтылу жоқ дегенге саяды. 

       Қазіргі  әлемде  болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті.

Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы    саясаткерлер үшін де , жалпы мектептер үшін де, мұғалімдер үшін

де ең бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды? [1, 5].

Елбасымыз    Н. Ә. Назарбаев кезекті жолдауында «... барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар.

Ұлттық   білім   берудің   барлық   буынының   сапасын   жақсартуда   бізді   ауқымды   жұмыс   күтіп   тұр»[2].  Қазақстан

Республикасы педогог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында алғашқылардың бірі болып

бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған соң , жаңа бағдарламаны жүзеге асыруда бәрін жаңаша

бастауды қолға алдым. 7 модулді ықпалдастырып, орта мерзімді сабақ жоспарын жасап болған соң , қысқа мерзімді

сабақ жоспарымды «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»  бағдарламасының стратегияларын  жүзеге асырдым.

Алдыма қойған мақсатым  оқыту  мен оқуда  күтілетін нәтижелерді жақсартуда  , оқыту үшін бағалауда  кері байланыс

түрлерін   тиімді   пайдалану,   оқушылардың   математика   пәніне   деген   қызығушылығын   арттыру,   білім   беру   мен   білім

алудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану.

      Сапалы және табысты оқыту жайында бірінші деңгей бағдарламасы :

1.

оқыту   мен   зерттеуге   ынта   жігерін   салып,   белсенді   жұмыс   істейтін   және   оқушыларға   қамқорлық   көрсете



отырып, ықпал ететін және бағдар беретін мұғалімдерді;

2.

әрбір оқушының пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы көзқарастар



тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын; сондай-ақ оқушының білім беру бағдарламасы бойынша ілгері

жылжуын дамыту мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар мұғалімдерді;

3.

оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, өзі мен оқушылардың бұл өлшемдерге



қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін, оқушылардың игерген білімі мен оқушылар мойындаған «Біз қайда бара

жатырмыз?»,   «Қандай   іс-әрекет   жасау   керек?»,   «Одан   әрі   не   істеу   керек?»   деген   табыс   критерийлері   арасындағы

алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білетін мұғалімдерді;

4.

  бастапқы идеядан туынды идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылардың өздері



құрастырып, жандандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып, тереңдете бере алатын, дайын білім мен идеяларды

ұсынбай   ,   сол   білім   мен   идеяларды   оқушылардың   өздерінің   құруына   түрткі   болатын   мұғалімдерді   даярлауға

бағытталған. [1,13].

Осы  бағытта   сабақтың   нәтижелі   де,   табысты   өтуіне   бар  ынта   –  жігерімді   салдым.   Оқушылардың   қызығушылығын

арттыруда «Оқытуды бағалау мен оқыту үшін бағалау» модулының білім алудағы аса пайдалы құрал екенін түсіндім. 

Бұрын оқушыға өзбетімен тапсырма беріп, қате болса қызыл сиямен түзетіп, «2» деген бағасын қойып жігерін басып

тастағанымды,  не болмаса қатесіз орындаса бірден «5» -тік бағасын қойып асыра мақтап жібергенімді байқадым. Енді

ол бағалардың орнын  «Әдемі жазғансың,  дұрыс есептегенсің , бірақ соңғы есебіңді қайта қарап шықшы!», «Ол сенің

қолыңнан келеді!», «Жарайсың!», «Керемет!», Сенімен  мақтанамын!» т.б  оқушылардың жүрегіне сенім ұялататын, өз

қателіктерін түсінетін оқыту үшін бағалау деп аталатын мадақтау   сөздермен алмастырдым.

       Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушылар өзінің оқуын жақсарту үшін

кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу  қажет. Бұл оларды түсінушілікті , қызығушылықты  және

ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да, өзекті. [1,25]


Осы орайда математика сабағында  жазбаша  және ауызша кері байланыс түрлері арқылы оқыту үшін бағалауға қол

жеткізуге болатынын түсіндім.  

            Жазбаша   кері   байланыс   –   мұғалімнің  оқушы   жұмысына   жазбаша   түсініктеме   беруі.   Жазбаша   кері   байланыс

математика сабағында оқушының жазбаша жұмысын, үй тапсырмасын, өзбетімен жұмысын, бақылау жұмыстарын т.б.

тексеру барысында пайдаланылады. [3, 21].

           Осы орайда   6 сыныпта  «Рационал  сандарға  амалдар қолдану» сабағын  қорытындылау  барысында  өткізілген

деңгейлік  тапсырмалар  орындау барысындағы  Құралай   есімді      оқушының  бір жұмысына  жазылған жазбаша  кері

байланысқа тоқталайын.

  А деңгей: 1 есеп: Амалдарды орында:

1) 8 ∙ (−3) + (−7) = − 24 − 7 = −  31

2) (−2) ∙ (−5) − 12 = 10 − 12 = − 2                                                                

3) 32 : (−4) + 5 = − 8 + 5= − 3

4) 64 : (−16) − 9= 4 – 9 = − 13  

       Керемет !  Амалдардың орындалу  тәртібін білесің, рационал сандарға амалдар қолдануда таңбалар ережесін жақсы

меңгергенсің.  Келесі деңгейге өттің.

В деңгей:

1.

Есептеңдер:



1) ( − 1,3 − 0,7) : ( −3,2 : 1,6 ) = −2 : ( − 2) = 1

2) ( 0,6 −  1) ∙ ( 5,6 : ( − 0,7 ))  =  0,5 ∙ ( −8) = − 4

3)  − () −  =   =  = − 

      Жарайсың !  1-ші және 3- ші  тапсырмаларды  өте жақсы орындағансың, бірақ 3- ші тапсырманы тағы бір мұқият

қарап шықшы, ең кіші ортақ еселік нақты  табылған деп ойлайсың ба?

2 - ші тапсырманы орындау барысында натурал саннан ондық бөлшекті азайту ережесін есіңе түсіріп, есепті



қайта шығарып көрші.

Осындай үлгідегі   мұғалімнің берген жазбаша түсініктемесіне қарай оқушы   тапсырмада кеткен қателіктерді түзетуге

тырысып   ,   өзінің   әлсіз   жағына   сын   көзбен   қарап,   өз   бетімен   іздене   білуге   дағдысы   қалыптасып     ,   жақсы   нәтиже

көрсетуге талпынады. 6 сыныпта математикадан Али есімді оқушы басқа оқушыларға қарағанда қабылдауы жай, «3-ке»

үлгеретін оқушы еді, сол оқушым күнделікті сабаққа жақсы дайындалып, өзін сабақта еркін сезініп, жақсы жағынан

көріне бастады. Оқушының бойындағы жақсы жағынан өзгерістерді байқап, анасымен пікірлескенімде,  анасы: Апай, сіз

дәптеріне «Жарайсың, Али!» деп жазғансыз сол  сөзіңіз балама қатты әсер етті, «Біздің апай өзгерген», «бұрынғыдан да

мейірімді болып кеткен» деп үйге қуанып келетін болды - деді. Оқыту үшін бағалаудағы ауызша кері байланыс. 

             Ауызша кері байланыс -   сабақ үдерісінде оқушының іс – әрекетін толықтай байқау, қадағалау   нәтижесінде

оқушымен ауызша байланыс жасау. [3, 26]. 

Оқушы сабақта   тапсырманы дұрыс орындағанда : « Рахмет, тапсырманы  дұрыс орындадың » , « Рахмет, бәрі дұрыс» ,

« Қараңдаршы , Аружан есептің шешімін қалай дәл тапқан...» , « Рахмет, сен дұрыс және толық жауап бердің» .

 Тарсырма  қате немесе толық орындалмаса, оқушыны басып тастамай : « Жақын тұрсың ...», «Талпынысың жақсы ...» ,

«Бағытың дұрыс ...», « ... ал, сен қалай ойлайсың ?».  Мысалы :    Оқушы: ( − 3)

  5

 = 243 . Мұғалім : Рахмет, жақындап



тұрсың , тағы бір ойланшы , теріс санның тақ дәрежесінің таңбасы қалай еді ? 

 Мысалы :  Мұғалім : Рахмет,  оқушылар  Ануардың осы берген жауабы    



(a+b)

2

 = (a – b )∙(a + b)  дұрыс па, сендер қалай ойлайсыңдар ? 



Демек   жоғарыда   айтып   өткендей     сапалы   және   табысты   білім   беру   үшін   бірінші   деңгей   бағдарламасының     4-ші

бөліміндегі «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет жасау керек?», «Одан әрі не істеу керек?» деген табыс

критерийлері арасындағы алшақтықты жоюда оқыту үшін бағалауда   оқушылармен орнатылғын   кері байланыстың

тиімділігін   айтып   өтуге   болады.   Оқытуды,   әдістерді   және   осы   мүмкіндіктерді   іске   асыру   түрлерін   жақсарту

мүмкіндіктерін анықтау үшін бағалау қалыптастырушы немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. [1, 23]. Олай болса

оқыту үшін бағалау – оқу үрдісіндегі шешуші кезең, сондықтан ол сапалы және табысты оқытуды іздестіретін әдіс. Ең

бастысы   оқушының   психологиясына   ерекше   көңіл   бөле   отырып,   оқушылардың   оқуына   ықпал   ету.   Оқыту   үшін

бағалаудағы тиімді пайдаланылған кері байланыс түрлері  оқытудың жеке оқушылардың ортаға бейімделіп, белсенділігі

артып, оқушымен, олардың ата-аналарымен орнықты қарым-қатынас орнатуда оң нәтиже беретініне көзім жетті. Оқу

үрдісіне жаңа тәсілдерді енгізгеннен кейінгі өткен оқу жылында   сабақ беретін сыныптарымда математикадан білім

сапасы 43%-дан  48%-ға артты. Оқушыларды оқыту үшін бағалаудағы түрлі әдіс-тәсілдер , мадақтау түрлері жекелеген

оқушының өзіндік оқуға белсенді қатысуына, оқытудың нәтижесін жақсартуда тиімді әдіс деп білемін. Осы өзгерістерді

ескере  отырып,  өзге әріптестеріммен де жеке  оқушының  қабілетін арттырудағы  сұрақтар төңірегінде  кеңесіп, түрлі

шешімдер қабылдауда бірлесіп  жұмыстар атқарудамыз.

       Қорытындылай келе: оқушы оқуын жақсарту үшін кері  байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істейді;

оқушы мақсатқа жетуге мұғаліммен бірге талпынады;  оқушы мен мүғалім арасында сенімділік пен өзара түсіністік

дамып,   ынтымақтастық   орнайды;   сыни   ойлауға   үйренеді;     жеке   өздігінен   ізденуге   мүмкіндік   беріледі;   іс-әрекет

барысында білім алады; алға қойған мақсатқа, жақсы нәтижеге жетуге талпынады; білім, білік дағдыларын дамытуға

қызығушылығы артады;  ең бастысы оқушыға қолдау көрсетіледі.      Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың   «Жаңа формация

мұғалімі үшін айтылған гуманистік тәсілдері бар этика: «Бақылаудың орнына ынталандыру , мәжбүрлеудің орнына кеңес

беру, ауыстырудың орнына  сенім білдіру, үгіттеудің орнына түсіндіру, жоюдың орнына  тегістеу, басқарудың орнына

қатысу, айғайлаудың орнына әзілдеу, кінәлаудың орнына қорғау, бұйрық беріп тексерудің орнына көмек көрсетіп , қолдау

жасауға ұмтылу керек»[4] деген сөздері оқушы мен мұғалім арасында сабақ үдерісіндегі қарым – қатынасты айқындап

бергендей.   Олай   болса    еліміздің    ертеңі   -  білімді   ұрпақ   қолында,   оқушыны  бүкіл   өміріне   жеткілікті   сапалы   және

табысты біліммен қамтамасыз ету біздің  басты міндетіміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 Мұғалімге арналған нұсқаулық. І деңгей. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012 ж.



Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы -2050» : Бір мақсат , бір мүдде, бір болашақ.2014

Қыргызская академия образования. «Формативное оценивание на уроках математики»



Практическое пособие для учителя. Бишкек 2012.

Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» стратегиясы. Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде.  2007



* * * * *

БАЛАЛАРДЫҢ  ӨЗІН – ӨЗІ  ТАНУЫ –АДАМ  БОЛУДЫҢ  АЛҒЫ  ШАРТЫ

Қызылорда облысы, Жалағаш  ауданы, Жаңадария  ауылы №203 орта  мектептің 

информатика  пәнінің  мұғалімі Шолпан  Мұрынбаева  Ахметқызы

  Жаңадария     кеңшары     ілгеріде     облыстағы     қаракөл     қойын     өсіретін     озат

шаруашылықтардың     алғашқы     ондығына     кіретін,   берекелі     тіршілік     тынысы

болған     ауыл.     Елдегі     урбанизацияға     орай     жұрттың   қалаға     үдере     көшуімен

тұрғындар   саны   сәл   азайғанымен, ауыл заман   ағымына   ілесіп, тіршілік   етіп

ауылды  тарап  кетуден  сақтап  қалған.

 Ауылдағы  өркениет  нысандарының  бірі һәм  бірегейі №203 жалпы  білім  беретін

орта  мектеп – мемлекеттік  мекемесі  ұрпақ  тәрбиесінде  қоғамға өз  үлесін  қосып

келеді.   Мектепте    2015 жылғы    ақпан   айының    2-12 жұлдыздары   аралығында

дәстүрлі  «Өзін – өзі  тану:Махаббат  пен  шығармашылық»атты  онкүндік  іс – шаралар  жоспарланып  оқушылардың

қызығушылығы  мен  творчестволық  ізденістеріне, сананың  қалыптасып  және  дамуына  ізгі  жол  ашылды.

 Республикалық «Бөбек» қоры  мен «Өзін – өзі  тану» тағылымының  негізін  құрған  Сара  Алпысқызы  Назарбаеваның

өмір  жолы мен  өнегелі істері  жөнінде  айтылды  және  оқушылар  арасында  өнер  сайыстары  өткізілді.

 Балалардың  өнер  сайыстары  тоғыз  бөлімде  өтті,бірінші  орын  иеленген оқушыларды  атап  айтар  болсақ;

«Алтын  жүрек» анамыз  көркемсөз  оқуда  Мұратбай  Нұрбол  жеңімпаз  болды.

 «Не  сыйласам  екен  саған  Анашым» бөлімінің  марапатталушысы  Ізбасхан  Назерке бәйгеге  лайық деп  табылды.

 «Мейірімді  жүректен»бөлімінде 6-7-8 сыныптардың  оқушылары  ұжымдасып  қойлымды  шебер  орындап  шықты.

 9-10 сынып  аралық  пікір  сайыста  10-сынып  оқушыларының  ойлары  өмірлік  проблемаларды  шешудің  дұрыс  

жолдарын  көрсете  білді.

 Қазақ  халқының  ұлы  ақыны  Мұқағали  Мақатаевтың  туған  күніне  және 84 жасқа  толуына  орайластырылған «Бүгін

менің  туған  күнім, ой, пәлі-ай» бағдарламасымен ұлы  ақынның өлең –жырлары  оқылып, әндері  шырқалды.

 «Ән – көңілдің  ажары» концерттік  бөлімінде  ән  шырқаған  жас  әншілер Шалабай Нұрболат,Бөбеш  Әділет,Күмісбай  

Сұлтан,Қойшығұл  Аида  әдемі  сазды  дауыстарымен,жарасымды  қимыл  қозғалыстарымен  көрермендерді  риза  етті.

Іс – шараларды  өткізуде  пән  мұғалімдері  Қ.Бақтыбаева  мен  И.Смаева  белсенділік  танытты, ал  мектеп  директоры  

Ш.Төлегенов  творчестволық  сайысқа  қатысушыларға  алдағы  уақытта  да  табысқа  жетулеріне  тілек  білдіріп, өнерлі 

өрендерді  құттықтап,марапаттады..

* * * * *

ТАҚЫРЫБЫ: ЖАСАНДЫ ЖЕР БЕДЕРІ

    

Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия

Бастауыш сынып  мұғалімі Кажимова Бакыт Айткалиқызы 

                 

      Тақырыбы: Жасанды жер бедері.

 Мақсаты: 1) Жердің  беткі  қабатының пішімінің өзгеруі мен    таныстыру,өзгеру себептерін     түсіндіру.

2) Жердің беткі қабатына  қамқорлық жасауға дағдыландыру.

3) Ойлау  әңгіме айту қабілетін  дамыту,пікір айта  білуге,  өндірістік  көзқарастарын  қалыптастыруға 

дағдыландыруға баулу.

Әдісі: Сұқпат түріндегі  сұрақ – жауап.   Түрі:Баспасөз  конференция  сабағы.

Көрнекілігі: Сөздік.Террикон, карьер , сурет ,Карта, бақылау жұмысы.

Пән байланыс: Тарих,география,экология,этнография.

                                                            Сабақ барысы 

І Ұйым бөлімі

Біз қандаймыз қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

Үй тапсырмасы: 2-3 мазмұнын сұрау 

Жаңа сабақ.   Қызығушылығын ояту.

-Жасанды деген  сөзді қалай түсінеміз? -Жер беті деген не?

Жердің беткі  қабаты қалай  өзгеріске  ұшырайды?

-Тау жыныстарының  бұзылуына  не ықпал етеді?

                                     Жер бедерінің  өзгеруі

Табиғи құбылыс 

Адам әрекеті

Күтпеген апат

Құз бен тас бұзылыстары

Жер сілкіну,су тасқыны,дауыл

Температура ,су,жел ,

Жел,су

өсімдіктер

Мағынаны тану

     -Тақтадағы  суретке мұқият қарайық.

     -Осы  суреттер арқылы  не айта  аласыңдар?

Кіріспе:  Батыс Қазақстанның жер бедері негізінен жазық болып келеді. Солтүстігімен шығыс бөлігнде  онша  

биік емес қыраттар кездеседі. Орталық және  оңтүстік бөлігі ойпатты  жазық. Тайпақ ауылынан бастап Атырау  

облысының территориясында Каспий  теңізіне  дейін жетеді.

Жер бедері бірнеше  өзен  аңғарларымен тілінген. Каспий  маңды  ойпатынан тұз  күмбездер көп кездеседі.  Тұз 

күмбездерді  орта  пермь  дәуірінде   жинақталған ас  және колий  тұздарының  шөгінділері  қалыптасқан 

ойыстарда  пайда  болған.

Сөздік. Террикон – бос  жыныстардан немесе жұтаң  кендерден  конус  тәрізді  етіп жасалған    жасанды үңгіме.Әдетте 

кенішке  берілген  жер бетіне жасалады. Оны кеніш  астынан шығаратын  төңкерілген  вагоншалар немесе скиппен  

темір жол  арқылы  үйменің  үстіне көтеріп шығрады. 

Карыр –(француз  carrier –ынатын шұңқыр )-кен  байлықтарын  ашық  кен   өндіру    әдістерімен   алу  кездінде  пайда 

болатын тау  кен  қазбаларының  жиынтығы.  Кен  байлықтарын  ашық  әдіспен   өндіретін  тау-кен  кәсіпорны. 



Обалар – көне дәуірлерден  сақталған   жерлеу ескерткіштері. Обаларға  жерлеу     орындарының  бәрі  емес, тек  қабір 

үстіне тас,топырақтан  үгітінді    тұрғызылғандары  ғана жатады.



Баптармен таныстыр. 37,38,31  Оқулықпен  жұмыс Мәтінді іштей  оқу

Тілші: Филологтар . Мәтін  неліктен   «жасанды  жер бедері»  деп аталады?

Филолог   .   Адамдардың     әрекеттерінен     жер     бедері     өзгереді.   Мыс:   арық       қазады,егін   егеді   т.б.   ағашты   кесіп

ауыл,шипажай тұрғызады. Пайдалы қазбаларды  игеру   кезінде  жер бедері  қатты  өзгереді. Адам техниканың көмегімен

пайдалы     қазбалар қойнауын игереді. Шахтаның маңында бос жыныстарды   төбе   етіп   үйеді. Бұрында   өмір сүрген

тайпалар   өз сарбаздарын   топырақты төбе етіп     үйіп жерлеген . Содан төбелер пайда болған. Оның үстіне шөп өсіп

төбелерге   айналған.

Тілші:Этногрофтар. Халқымыздың  қандай  дәстүрі  суреттелген?

Этногрфтар  Ата-бабамыздың  ежелгі  дәстүрі   жерлеу. Ежелде өмір сүрген тайпалар     топырақты  биік етіп үйіп,өз 

сарбаздарын жерлеген . Мұны  обалар деп    атаған. Олар  топырақ, тас  және   қойтастарынан тұрғызған обалар. 

Геогрофтар

Тілші: Мәтінде  баяндалған  терриктон  корыр  туралы  не білесің? Ол қай  қалаларда    кездеседі. 

Геогрофтар   Терриктон  (лат.  Тілінен  аударғанда  «терро»-«жер», кон – «конус» деген    ұғымды білдіреді)Қарағанды  

қалаларында көп. Шахталардың  маңында  бос     жыныстарды  төбе етіп  үйіп тастайды.                                                        

Көптеген пайдалы  қазбаларды  ашық  әдіспен  өндіреді. Терең шұңқыр –   корьер  қазылады. Корьердің   маңында  бос  

жыныстар  тау  болып  үйіліп     жатады. Оба -  жасанды төбе.

Тілші: Экологтар адамдарға  қандай ақыл-кеңес айтасыңдар?

Экологтар: Жердің беткі  қабатын берекетсіз пайдаланбау керек. Пайдалы қазбаларды   өндіргенде  су толтыру арқылы  

жасанды көл жасау, ол  жерлерге ағаш пен   бұта  отырғызған  жөн. Демалыс орны  ретінде пайдалану. 

Тілші: Тарихшылар  осы  мәтіннің тарихи сипаты  туралы  не айта  аламыз?

Тарихшы: Қазақстан жер бедерінде жасанды  жер  бедерлері  көптеп кездеседіМысалы   көне   қалалардың орындарында 

жасанда  төбелер  болды. Сол төбелерге    археологтар  қазба жұмыстарын  жүргізді. Шыққан заттарды мұражайға    

қояды.Оны киінгі ұрпақ  көреді. Жер бедерін   тонауға, ата-бабаларымыздың     қалған  жерлерін  қорғаймыз.

Тілші: Заңгерлер  жер  бедерінің  өзгеруіне  не себеп  болды? Қандай заңдар бар?

Заңгер: Жер бедерінің  өзгеруіне  адамдардың  іс-әрекет  әсер  етеді.Бірақ дұрыс   пайдаланбаған  адамды, мекемелерді  

заңға  тарту керек. 37,38,31  баптарды  табиғатта  қорғау  керек   екені  айтылған. Қолда бар –алтынның қадірін  білуіміз  

керек.

Қосымша сұрақтар  Сергіту  сәті. 

Пайдалы  қазбалардың  шартты белгілерін картаға  орналастыру.

                 -Мұнай

- мыс 

    -    алтын 

-Табиғи газ                  -тас көмір                     -    темір 

Батыс Қазақстан –мұнай,газ   Оңтүстік Қазақстан- мыс,көмір 

Солтүстік Қазақстан –темір   Шығыс Қазақстан –алтын

Бақылау  жұмысы. Тапсырманы орындап, тексеру . Сигнал 

Қорытынды. Әр ғалымдар «Халыққа   ашық хат жолдау»

Бағалау. Кім көп балық  жинайды?

Үйге тапсырма: Оқып, мазмұндау.

* * * * *



САБАҚТЫҢ  ТАҚЫРЫБЫ: «ҚАЗАҚСТАН»

Оңтүстік Қазақстан облысы Мактарал ауданы № 8 Н. Оңдасынов атындағы

 жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Ерманова Әлия 

Сабақтың  тақырыбы: «Қазақстан».   Ауыт Мұқибек

Сабақтың мақсаты:       1) Өлең тақырыбының  мағыналық мазмұнын ашу.

2) Өлеңдегі  сөздерге  мән  бере  отырып,   төл  мерекеміздің идеялық  мазмұнын  ашу. Оқушыларды  шығармашылыққа  

баулу, өмірмен байланыстыру арқылы  жаңа   ұғымдарды тану.

3) Отанын,  туған жерін  сүюге, оны тани  білуге,  құрметтеуге  тәрбиелеу.



Сабақтың  көрнекілігі: автор  суреті, қималар, суреттер, кесте, АКТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет