МҰҒалім көшбасшылығын дамыту сапалы білім негізі


Тұжырымдаманы іске асыру жолдары



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата31.12.2016
өлшемі1,2 Mb.
#836
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Тұжырымдаманы іске асыру жолдары:

1.Туған өлкені зерттеуді ұйымдастыру жұмыстары;

2.Тарихи – өлкетану қоғамын құру;

3.Тарихи – өлкетану саяхаттарын ұйымдастыру;

4.Тарихи – өлкетану ескерткіштерін зерттеу;

5.Экспедициялар, жорықтарда материялдар жинақтау;

6.Жинақталған материялдарды уақытылы талдап, сараптап, тіркеу;

7.Тарихи – өлкетану мұражайын ұйымдастыру;

8.Тарихи – өлкетану кешін дайындау және оны өткізу;

9.Экспедиция қорытындысы бойынша есеп беру және тақырыптық көрме ұйымдастыру;

10.Пән сабақтарына қатысу, әдіс алмасу;

11.Өлкетану жұмысының барысы туралы қабырға газетін шығару, стендтер дайындау;       



«Өлке тарихы – ұрпаққа мұра» қолданбалы  курсының жоспары

Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат



Мазмұны

Сағаты

Теория

Прак-

ка

Мерзімі

1

Жұмекен ауылының тарихына шолу



2

1

Дәріс, қабырға газетін шығару  



1

2

Қошалақ-қасиетті киелі мекен



2

1

Қошалақ жеріне саяхат,қорытынды есеп беру



1

3

Бабалар салған жолменен



2

1

Дөңгелек стол



1

4

Ақтаңдақтар ақиқаты Оспантерек, Кадырка ауылдарының 

тарихы 

2

1

Ұрпақтарымен кездесу



1

5

Еңбекшіліктер–Ұлы Отан соғысы жылдарында 



2

1

Мұрағатқа бару (материал жинақ)



1

6

Кеңес Одағының батыры М.Мұсаев және оның туыстары



2

1

Туыстарымен кездесу, стендтер дайындау



1

7

Тыл еңбеккерлерінің–ерен еңбегі



2

1

Мұражайға саяхат (Жоба қорғау)



1

8

Ардагерлер Ұлы Отан соғысы жылдарында



2

1

Ұрпақтарымен кездесу (Жоба қорғау)



1

9

Ауғаныстан  бұл біздің жан жарамыз



2

1

Ардагер жауынгерлермен сұхбаттасу



1

10

Б.Бегалиев,Қ.Өмірбаев   ауғанда   болған   жерлестер,   баспаға

материал дайындау    

2

1

Өмір дерек жинақтау (ата-анасына бару)



1

11

Ж.Нәжімеденов–Қошалақтың қоңыр ұлы

Аудандық мұражайға саяхат

2

1

Кітапханамен байланыс (дерек жинау)



1

12

Марат Ысқақ- туған жер түлегі

Кітапханамен байланыс (дерек жинау)

2

1

            (Жоба қорғау)



1

13

Б.Қарабалина  -  елімнің   қырдан   ұшқан   қарлығашы

(туыстармен кездесу)

2

1

1

14

М.Жолжанов -белгілі өлкентанушы

Баспа сөз материалдарын жинау

2

1

Мұражай қызметкерлерімен кездесу



1

15

Өнер көзі халықта. Дүйсенғали Ғұмаров



2

1

Ұрпақтарымен   жүздесу.   Өмір   деректерін   жинақтау,   кеш

дайындау, өткізу

1

16

Мектеп мұражайы - тәлімі мол мұра



2

1

Қорытынды кеш өткізу,есеп беру



    1

17

Сынақ тест



2

1

    1

Сабақтың тақырыбы:   «Еңбекшіліктер-Ұлы Отан соғысы жылдарында

21.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға Кеңес Одағының батыры Мұқат Мұсаев туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, білімдерін 



толықтыру

Оқушының ой еркіндігін ояту, шығармашылық  белсенділігін шындау. Мұқат Мұсаевтің ерлігін дәріптеу 



отырып ойларын дамыту.

Отанын, халқын сүюге , патриоттыққа тәрбиелеу:



Ұлттық тәлім –тәрбие беру.

Саяси патриоттық тәрбие беру.



III. Сабақтың түрі:  жаңа материалды игерту сабағы.

IV. Сабақтың әдістері:

1.  Ақпаратты технология

2.  Интерактивті әдіс.

3. Топтық жұмыс. (ұжымдық технология)

     4. Топтастыру технологиясы 

V. Сабақтың көрнекілігі:

Мұқат жөнінде ауызша журналдар.



С. Алпысова  Мұқат Мұсаев туралы естеліктер.

Б. Ермекқызы «Мұражай тарихына» Ақтөбе ПО «полиграфия» 1986 ж.



«Батырдың бауырластары барма екен?», жұбайы Қадиша Мұсаева «серпер» газеті.

«Жерлестеріміз – Ұлы Отан Соғысы жылдарында» стендт. Слайдтар



VI. Сабақтың жоспары:

Екінші дүниежүзілік соғыстың  басталуы



Жерлестеріміз Ұлы Отан Соғысы жылдарында

Кеңес Одағының Батыры -  Мұқат Мұсаев



VII Сабақтың барысы:

2.

Мұғалімнің кіріспе сөзі



3.

Баяндама «Мұқат туралы естеліктер-Идаятова Н.»

4.

Мұражай материалдарына шолу «Жерлестеріміз соғыс жолдарында» Тлепбергенова Маржан.



5.

Мұқат туралы буклетті қорғау



VIII Топтық сайыс:

Танымдық сұрақтар

I-тур:  «Бәйге» 1-топ сұрақтары

4.

«Арбатегемайншафт Түркестан» шын мәнінде бұл қандай ұғым? (Неміс жоғары барлау мектебі)



5.

Кейіннен 8 гвардиялық дивизия аталған 316 атқыштар дивизиясы Рига қаласын азат етуге қатысқаны үшін 

немен марапатталды? (2- дәрежелі Суворов орденімен марпатталды)

6.

Ұлы Отан соғысы жылдарында батыс облыстардан  Қазақстанға қанша өнер кәсіп орындары көшірілді. (220)



7.

Панфилов И. Б. Қол басшылық еткен 316 атқыштар дивизиясы қай қала үшін шайқасты (Мәскеу)

2-топ сұрақтары

12.


1940 жылы желтоқсанда қабылдаған Гитлердің «Барбаросса» жоспарының мәні неде (КСРО-ны толқандап, 

шығыста «Өмір кеңістігін» қамтамассыз ету )

13.

1942 жылы Ембі мұнайшыларына еңбектегі ерліктері үшін  мемлекеттік қорғаныс комитетінің туы қанша рет 



тапсырылды? (12)

14.


Қазақстандық партизан жазушы кім? (Қ. Қайсенов)

15.


Қазақстандық жауынгерлер қоршаудағы қай қаланы «Үлкен жермен» байланыстыратын «өмір жолын» салуға 

қатысты? (Ленинград)



IX. Тұлғалардың арасына сәйкестік нұсқасын қой

Мұқат Мұсаев

белгілі өлке танушы, зерделі, зерттеуші 

Б.Бегалиев  

жерлес ақын Ән ұранының  авторы

Жұмекен Нәжімеденов 

Кеңес Одағының  Батыры

Мақсот Жолжанов Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеген «Қызыл Жұлдыз орденімен» наградталған



X.  Топтастыру стратегиясы

Осы жазылған сөздеріңнін ішінен адам өміріне қауіпті және қауіпсіз бір сөзді алып топтастырыңдар.



XI. Қорытындылау

Үйге тапсырма: Жоба қорғау



* * * * *

ТАҚЫРЫБЫ: МАССАНЫ ӨЛШЕУ

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жалпы білім беретін 

Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептіңбастауыш сынып мұғалімі: Т.Ж. Омарова

Тақырыбы: Массаны өлшеу. Математика  (3сынып)

Мақсаты: Оқушыларға масса бірліктерінің арақатынасы жайлы түсініктерін тиянақтау.  Есептеу дағдыларын,логикалық 

ойын,математикалық тілін дамыту. Ұжымда жүмыс істеу қабілетін,өзін және сыныптастарын бағалай білуге үйрету. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ   Сабақтың әдісі: есептеу, топпен жұмыс, сұрақ-жауап,талдау, ойын.

Сабаққа   қажетті   құралдар:

 суреттер,   сызба   кестелер,   жаттығу   тапсырмалары,   мақал–мәтелдер.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Түрлі стикерлер арқылы топқа бөлу. -Ойсергек.

Оқушыларға «Адасқан әріптер» атты ойынды ұсынылады. Тақтаға әріптерінің орны ауысып кеткен сынып 

оқушыларының бірнеше есімі жазылады:

АРНҰЙ(НҰРАЙ)

ДҚАҚНҚЫУ(ҚУАНДЫҚ)

ЖҰНЛАН(ҰЛЖАН)

Оқушылар жасырылған есімдерді табуы керек.

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру:

Топтық жұмыс. Оқушылар үй жүмысын қалайша орындағандығын түсіндіреді.

Жариялау. Үш оқушы үй тапсырмасын бүкіл сыныпқа оқиды. Қалған оқушылар есептерін шығарылуының дұрыстығын

тексереді

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қазақ өлшемдері туралы түсінік

Бүгінгі таңда қазақ өлшемдері көпшілік ортада қолдана бермейді. Себепте бар шығар. Алайда,көркем әдебиетті оқып

отырып түсінбей қалып жататын жайымыз бар. Ондағы жазылатын өлшем бірліктері көнерген сияқты болып көрінуі

болуы мүмкін. Шын мәнінде қазақ халқында өлшем бірлікке байланысты айтылатын мақалдар-мәтелдер  жеткілікті.

1.Ауру батпандап келеді,мысқалдап шығады.

2.Қадақ тұратын нәрсе,аршынмен сатылмас.

3Сауда-саттық мысқалмен,достық батпанмен.

4.Мысқал аз,бірақ қымбат.

Массаның ежелгі бірліктері. 

Ең кіші салмақ өлшемі-арпаның дәні

Ең төменгі салмақ өлшемі-шымшым

Уыс –алақан аясының іші

1мысқал-40г

1қадақ-750г

1келі =1кг

1батман-8кг

1пұт -16кг

1батпан-100кг

1.Ауызша жұмыс. «Ойлан тап» ойыны:

ОИЯЫМЕУИАОЫЯСЮЭСЫИЕА жазбасындағы А әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. 

Қандай сөз шықты? (МАССА).

Сендер массаның қандай өлшемдерін білесіңдер? Оқушылардан сұрау.

Олай болса, бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы: «Массаны өлшеу. Массаның бірліктерінің арақатынасы.

«Есіңе сақта» айдары.


1 т = 10 ц        1 ц = 100кг

1 т = 1 000кг    1 кг = 1 000г

1 т = 10 ц = 1 000кг = 1 000 000г

1 ц = 100 кг = 100 000г

2.Ауызша есептеу. №1(әр топқа беріледі)

А) Масса бірліктерін таңда

Ә) Пілдің ,сырғаның,бірнеше кәмпиттің, сақинаның, ұшақтың, бір жәшік алманың, асқабақтың массасын өлшеу үшін

қандай өлшем бірліктері қажет?

ІV. Тапсырма

Оқулықтағы берілген №2 мысалды шығаруды тапсырады.

«Ойлан тап» тәсілі. Оқушылар 6 мысалдың барлығын да кезекпен дауыстап, түсіндіріп шығаруы керек. Мәселен,   

тапсырманы шығаруды бір топқа тапсырғанда, топтағы бір оқушы есепті дауыстап шығарады. Басқалар одан қалыспай, 

есептің шығарылуын дәптерлеріне жазып отыруы керек. Осылайша барлық тапсырмалар шығарылады.

1-топ                     2-топ                       3-топ

2кг =2000г           50ц=5т                    6т=60ц

3ц=300г                4т=4000кг             700кг=7ц

Қорытындылау. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр тапсырма бойынша тұжырым мен ереже құрастырып, оларды қалай

қолдануға болатындығын сынып болып талқылайды..

Оқушыларға оқулықта берілген №3 тапсырманы «Дәлелде»тәсілі арқылы орындау тапсырылады.

№4 Кенеттен сұрау. «Кәне, кім тез?! »тәсілі

* Не артық;99кгба,әлде1ц ме?

*  Не кем:11ц,әлде11кг ба?

*  Үлкен шаманы ата:7кг,800г

*  Кіші шаманы ата:600кг,20ц

 *  Үлкен шаманы таңда:80ц,80кг,80г

 *  Кіші шаманы таңда:10ц,2т,100кг

№5  Топпен жұмыс. Оқушылар кесте бойынша есеп құрастырады, шығарылу жолдарымен таныстырады, бір-біріне 

көмектеседі, түзетулер енгізіледі, ойларымен бөліседі.

Қорытындылау. Мұғалім бір топтан өз жұмысын сұрайды. Оқушылар әр есепті талқылап, оның шығарылуы бойынша 

ережені қайталайды.

№6 мысалды«Теңдік тура ма? » тәсілі бойынша орындайды.

Топтық жұмыс. Оқушылар берілген тапсырманы бірлесе орындайды. Олар кезекпен өз түсініктерін келтіріп, мысалдың 

шығарылу ретін талқылайды.

Жариялау. Топтар кезекпен өз ойларын ортаға салады. Қалған оқушылар жауаптарды талқылап, оларды бағалайды.

№7

«Дөңгелек үстел» тәсілі бойынша суреттерді пайдаланып,өрнек бойынша есептер құрастырады.



 

     


                

Бағасы 50 тг              Бағасы 65 тг            Бағасы 220тг            Бағасы 250тг

V. Қорытынды. Кері байланыс. Мұғалім оқушылардан сабақ туралы пікірлерін келесі сұрақтар арқылы айқындайды:

- Топ ішінде қалайша жұмыс жасадыңдар?

Бір-бірлеріңізге қарқынды көмек бердіңіздер ме?

- Бүгінгі үйренгендеріңіз келесі сабаққа қажетті болады ма?

- Сабақ сіздерге ұнады ма?

VІ. Бағалау. «Бас бармақ».

VІІ. Үйге тапсырма: №7(ә)

* * * * *



САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «ЛОГАРИФМДІК ТЕҢДЕУЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ »

Қызылорда  облысы  Арал  қаласы  №64 орта  мектептің математика  пәні  мұғалімі Махамбетова Айнұр

Сыныбы:11 «А»  Сабақтың тақырыбы: «Логарифмдік теңдеулер және олардың жүйелері »

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік.  Логарифмдік теңдеу  мен теңдеулер жүйесімен таныстырып, оларды шешу 

жолдарының тиімді  тәсілдерін  есеп шығаруда қолданып, білім, біліктіліктерін арттыру.



2) Дамытушылық. Теориялық білімдерін практикада ұштастыра отырып, ойлау және есте сақтау, танымдық 

қабілеттерін дамыту. 



3) Тәрбиелік. Оқушылардың белсенділігін арттыруға,шығармашылық қабілетін дамытуға, уақытты ұтымды пайдалануға

тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: танымдық сабақ  Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әр түрлі деңгейдегі тапсырма

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың дидактикалық қамсыздандырылуы: интерактивті тақта, слайд,формулалар

Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі. 

Оқушылармен амандасып,оқушылар санын түгендеп,оқу-құралдарын тексеру;



II.Үй тапсырмасын тексеру.Оқушыларды қарым-қатынасқа дайындау (балалар бүгінгі сабақты  А.Иүгінекидің 

«Білгісі келген адам білімді өмір бойы іздейді» деген сөзімен бастағым келіп тұр.

а)№269 есеп б)Теориялық білім тексеру

Осыдан ондаған жылдар бұрын логарифмдік сызғышы жоқ инженерлерді елестетудің өзі қиын болатын Жылдар өте 

есептегіш калькуляторлар пайда болды, компьютерлер келді. Бірақ логарифмдік сызғышсыз бірде - бір есептеу 


техникасы болмаған болар еді. Қазір түрлі есептеу техникасының дамыған ғасыры, ендеше осы логарифмдерді оқып - 

үйренудің қажеті бар ма? Бүгінгі таңда логарифмдерді не үшін оқимыз? Жалпы математиканың көмегімен табиғатты 

және өзіңді басқару мүмкін бе?

 3.Жаңа сабақ      «Логарифмдік теңдеулер және олардың жүйелері »



1)                                                                   2)

4.Есептер шығару.  №271     (Логарифмнің анықтамасы бойынша)

1)

                                                     3)

Жауабы:   х=5                                                     Жауабы:   х= -3                        

№272 (

 

 Потенциалдау әдісі

 

 )

1)                                                                3)

Жауабы:   х=0,5                                                      Жауабы:   х=2                        

№274

 

   (Логарифмнің анықтамасы бойынша және жаңа айнымалы енгізу арқылы

 

 )

1)                                                                     3)

Жауабы: Ең үлкен мәні  х=2                         Жауабы: Ең үлкен мәні  х=27

5.« Логарифм және табиғат»  (қосымша мәлімет)

Біз жыртқыш құстардың өз жемтігіне қарай тура емес, айнала ұшып жететінін білеміз. Бірақ осының байыбына 

барып, сырына үңіліп көрдік пе? Шын мәнінде олар логарифмдік спираль бойымен қозғалады екен. 

Бұл құпияны американдық ғалым Тукер ашқан. Ол қыран құстарға зерттеу жүргізе отырып, олар өз жемтігіне қарай 

1, 5 км радиуста логарифмдік спираль бойымен ұша бастайтынын айтқан. Жүргізген зерттеулер құстар басын

 40°- қа бұрған кезде объектіні өте жақсы көретіндігін көрсетті. Бірақ бұл жағдай ұшуды қиындатты,  

жылдамдықтың азаюына әкелді. Сондықтанда құстар өз жемтігіне қарай қырындай, айнала логарифмдік спираль 

бойымен ұшады екен. Қоршаған ортаның, табиғаттың көптеген заңдылықтары мен құпияларын ашуда

 математика ғылымының орны ерекше. Табиғат құбылыстарының біразын логарифмдік тәуелділік арқылы 

сипаттауға  болады. Мысалы, аспан әлеміндегі құс жолы логарифмдік спираль формасында болады, ұлу, арқардың 

мүйізі, өрмекшінің торы спираль формасында болады екен. Ал бұл спиральді олардың өмір сүру уақытының 

математикалық символы деп айтуға болады.Музыка тыңдай отырып, дыбыстардың ғажайып әлеміне енеміз, ал есеп 

шығара отырып, сандардың қатаң кеңістігіне кіреміз. Бірақ ешуақытта сандар кеңістігі мен дыбыстар әлемі 

арасында байланыс бар деп ойламаймыз. Пианиноның клавиштері логарифмдер арқылы айналады.       

6. Сабақты бекіту. Деңгейлік тапсырма 

7. Қорытындылау, оқушыларды бағалау. 

8. Үйге тапсырма беру.№273, №276(2)

* * * * *



БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН

 АРТЫРУДАҒЫ ОЙЫННЫҢ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Атырау қаласы №35 мектеп- гимназиясы  Мусина Айнұр Асхатқызы

«ХХІ ғасыр- қатаң бәсeке ғасыры. Бұл ғасыр- марғаулықты көтермейтін ғасыр. Бізге серпілу керек. Қазақ тілінде

оқытатын мектептердің жайы және оны жетілдіру жолдары білім жүйесі басшыларының ұдайы назарында болуы қажет.

Еліміздің   кепілі,   мемлекеттік   тілдің   бағы   жануының   алғы   шарты-   қазақ   мектебіндегі   оқу-   тәрбие   процесін   тиісті

деңгейге   көтеру-   біздің   міндетіміз   екендігі,   тіпті   туған   халқымыздың   алдындағы   перзенттік,   азаматтық   парызымыз

екендігі әрдайым есте болса... » деген болатын. 

Білім  берудің негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың жан –жақты  қалыптасуына қамтамасыз ету. 

       Ойын күрделі түсінік болып, оның алуан түрлері мол болғандықтан, біз ең алдымен ойындардың әдебиетте жіктеліп,

таралуына көңіл аудардық. Әдебиеттердеге шолу жасап, ғалымдардың тәжірибесін сараптай отырып 

 С.Н.Захарова мынадай ойын түрлерін берген:

1.

Оқушылардан орындаушылық әрекетін талап ететін;



2.

Оқушылардан шыармашылықты талап ететін;

3.

Оқушыдан бақылаушылық әрекетті талап ететін ойындар.



            Ойынға   қатысу   барысында   оқушы   ойындардың   ерекшелігін   қарастыру   жолын   өзгерту   сияқты   әрекеттерді

орындайды.   Дидактикалық ойындарды автор көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс деп санайды. Оны балаларды

оқыту   әдістерінің   бірі,   оларды   жан-жақты   тәрбиелейтін   құралдардың   бірі   деп   айтуға   болады   деген  ойды   ұсынады.

Дидактикалық ойын оқыту процесінде ойын әдісі ретінде әр түрлі мақсатта қолдануы мүмкін. Ойын түрде мұғалім

үйрететін   тақырыпқа   оқушылардың   қызығушылығын,зейін   арттыру   мақсатында   әр   түрлі   әдіс-тәсілдерді   қолданады.

Атап айтқанда,мұғалім ойын ситуацияларын туғыза отырып, әртүрлі заттарды көрсету арқылы сұрақтар қойып, затты

көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.

Дидактикалық   ойындар-   оқушылардың   ой-өрісін   дамытып,   ойлау   қабілетін   арттырумен   қатар,   үйретілген,   өтілген

тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсерін тигізеді.

      Зерттеушінің айтуы бойынша, ойын –жаттығулар да сабақта қолданылады, бірақ сабақтың аздаған уақытында ғана

пайдаланылады. Ойын-жаттығулар тек қана белгілі бір таным процесін /есте сақтау, қабыладу, зейін, тағы басқаларды/

дамытады. Сюжеттік ойында дидактикалық ойын мен ойын- жаттығулардан ерекшеленеді. Ойынның бұл түрі оқушының

психикалық   іс-әрекетін   жан-жақты   белсендіреді.   Оқушыларды   сыйласымдылыққа,   ұйымшылдыққа,   татулыққа

тәрбиелейді. Оқушылар бұл ойынды шағын саханалық алаңда ойнайды. Ойынға анықтама бере отырып, біз ойынның

бала тәрбиесінде, адам дамуында рөлі үлкен болғандықтан ойындардың түрлері қандай екен; олар қандай негіздермен

топталады екен деген-талаптарды алдымызға қойдық .

           Әрине, біз бұл мәселеге байланысты талаптарды шешу үшін әдебиеттерді шолуды қажет еттік. Осындай жұмыс

барысында,   ойынды   түрде   бөлудің   критериі   ретінде   оның   оқушылардың   оқу-таным   әрекетіне   психологиялық   әсері

қызмет етеді деген пікірді анықтадық. Бірі ойындар қабылдау мен ойлауды, келесілері қиялды, үшіншісі- зейін мен есті

тағы басқаларды дамытады. Сондай-ақ ойындардың көптігі, ойнау мақсаты мен ойыншылардың жас шамаларының әр

түрлілігі, ойынға қатысушылар санының мөлшері т.с.с. Ойын түрлерін жіктеуді қажет етеді.

       Ойын – баланың негізгі әрекеті. Ойын үрдісінде бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен

ертегілеріндегі   кейіпкерлері   cияқты     өмір   сүреді,   әрекет   жасайды.   Ойынды   сабақта   қолданумен   бірге   ойлануға,

шығармашылығын   байытуға   бағыт   алады   және   баланың   оқу   процесі   барысындағы   таным   белсенділігін   арттыруға

көптеген септігін тигізеді .


С.Л. Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.А. Деркач, С.Ф.Щербак, Г.А.Ляпина т.с.с. ғалымдар оқушылардың қызығушылығын

арттырудың  негізгі   бір жолы-  дидактикалық   ойындар  деп  көрсетеді.   Ойын  өзіне  сенбейтін,  жасқаншақ   оқушыларға

сөйлеуге   мүмкіндік   туғызады   да,   сенімсіздік   кедергіні   жеңуге   көмектеседі.   Жай   пікірталаста   озат   оқушылар

инициативаны өз қолдарына алып, ал ұялшақтар отыра береді. Ойында оқушылар тілдесудің мынадый элементтерін

меңгереді: әңгімелесуді бастау, оны қолдау, әңгімелесушінің сөзін бөлу, керек кезінде оның пікірімен келісу немесе

келіспеу, мақсат қойып әңгімешіні тыңдау .

       Іскерлік ойындар- қарым-қатынас жасау шеберлігі қалыптасады. Ол сондай-ақ іс-әрекетті көрсетуді айтады. Іскерлік

ойынға алға қойылған мақсатқа қарай, әртүрлі ара қатынасты бейнелей көрсету үшін оқиғаны рольдерге бөле көрсетіп

орындау кіреді. Іскерлік ойыны-кәсіби, үйретуші, педагогикалық, шығармашылық ойыны. Ойын сабақ  үстінде өтеді.

Мұғалімдер әдіскердің көмегімен балаларды ұйымдастырып, олардың білімін, іскерлігін, дағдысын көрсетеді. 

Үстел үсті  ойындарына – шахмат ойындары, домино ойындары жатады.

Рольдік ойындар деп – сабақ үстінде, саханада, кластан тыс жұмыстар кезінде  әр балаға белгілі бір роль беруді рольдік

ойындар дейміз.

Ұлттық   ойындар   –   адамды   тәрбиелеудің   сындарлы   да   сазды   құралдарының   бірі   болғандықтан,   оны   оқу   –   тәрбие

процесінде пайдаланбау ағаттық.

        Ойын әрдайым өзгерісте болады. Мұндай жағдайда ойынға тән сипат- шарттылық және байсалдық. Адам ойында өз

күшін сынап көреді, онда адамның өзін-өзі тану процесі жүреді. Ойын түрі оқу –процесін жүзеге асыратын форма

ретінде   табылды.   Ойынның   бала   іс-әрекетінің   ерекше   түрі   ретінде,   баланың,   қоғамдағы   орнының   өзгеруімен

байланысты   өзінің   даму   тарихы   бар.   Баланың   ойының   жануарлар   төлінің   қылықтарының   формасы   тұқым   қуалап

қайталайтын жаттығулар сияқты ойынымен байланыстыруға болмайды. Балалар өз ойындарының мазмұның мінез –

қылықтын табиғи инстинктінен емес, айналасындағы үлкендердің өмірінен алатының білеміз. Қоғам дамуының алғашқы

сатысында азық-түлік табудын негізгі әдісі қарапайым құрал – саймандарды (таяқ) пайдалану арқылы жеуге жарайтын

түбірлерді қазып алу болды. Балалар өмірінің алғашқы жылынан бастап-ақ үлкендердің қызметіне араласып, азық-түлік

табудын және қарапайым құрал-сайманды қолданудын әдістерін іс-жүзінде үйренді. Еңбектен бөлек ойын болған емес.

Аңшылыққа,   мал  шаруашылығына  және   кетпенмен  егін  егуге   көшкен  кезде   балалар түсіне  бермейтін  және  арнайы

даярлықты   қажет   ететін   еңбек   құралдары   пайда   болады.   Болашақ   аңшыны,   малшыны   т.б.   даярлаудын   қоғамдық

қажеттілігі   туады.   Үлкендер   балаларға   арнап   негізгі   құрал   сайманның   (пышақ,   садақ,   қақпан,   қармақ,   арқан)

кішіректерін   жасап  береді.   Осы   бір  ойыншық   қүрал-саймандар  баламен   бірге   өседі,   бірте-бірте   олардың   да   көлемі

ұлғайып,   үлкендер   қолданатындай   болады.   Қоғам   балаларды   еңбектін   әр   саласына   қатыстыруға   әзірлеуге   мүдделі,

үлкендер де балалардың жаттығуларына ойындарына мейілінше көмектеседі. Мұндай қоғамда әзірге арнаулы мекеме

сияқты мектеп жоқ. Балалар жаттғу процессінде үлкендердің басшылығымен құрал-саймандарды пайдалану тәсілдерін

игереді. Ойын жарыстар балалар-дың еңбек құралдарын қалай игергенің анықтайтың қоғамдық байқау іспетті болады.

Еңбек   құралдары   мен  оларға   байланысты   өндірістік   қатынастар  барған  сайын   күрделене   түседі.   Қиын  әрі   олардың

қолынан келмейтін іс-әрекеттерге балалар қатыстырылмайтын болады. Еңбек құралдарының күрделенуі себепті балалар

олардың   кішірейтілген   модельдерімен   ойын-жаттығу   кезінде   пайдалану   әдістерін   игере   алмайды.   Еңбек   құралдары

кішірейтілгенде,   сыртқы   ұқсастығын   сақтағанымен,   негізгі   функциясынан   айрылып   қалады.   Мысалы,   садақтын

кішірейтілген түрінен де жебені атып, көздеген жерге тигізуге болғанымен, мылтықтын кішірейтілген түрі  өз рөлін

толық   атқармайды   –   одан   оқ   атуға   болмайды,   тек   атқан   сияқты   белгі   жасалынады.   Міне   ойыншықтар   ойлап   табу

осылайша   пайда   болады.   Сонымен   бірге   балалар   қоғамның   ересек   мүшелерімен   қатынас   жасаудан   да   ығыстырыла

бастайды.

       Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерекшелігі – оның ұжымдық сипатта болғандығы. Әрине, жеті –

сегіз   жасар   балалардың   ойын   ұжымы   әліде   тұрақсыз   болады.   Өйткені,   бұлар   ұжымдық   өмір   сүруге   әлі   де   жөнді

дағдыланбаған,   бұндай   ұжымның   құрамы   екі   –үш   баладан   аспайды.   Ал,   үшінші   –төртінші   сынып   оқушыларының

ойындарында   ұжымдық   сипат   жақсы   жетіледі.   Мәселен,   ойында   топ-топ   болып   ойнау,   ойын   ережелерін   сақтау,

жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін

олар жақсы түсінеді.Ойынның ұжымдық сипаты өз тарапынан жоғарыда аталған ұйымдардың   жұмыстары нәтижелі

болуына себебін тигізеді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсіне бастайды. Өзінің басындағы

мінез-құлының кейбір теріс бітістерінен / тартқаншақтық, мендік, өкпешілдік, қыңырлық т.б./ ұялып одан арылғысы

келеді. Бірақ оған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен,

бір бала өзінің ұйымдастырғыштығымен байқалса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. 

Демек,   ойынның   өзі   балаға   білімнің,   тәлімнің   қайнар   көзі   сияқты   ықпал   етеді,   танымын   жетілдіреді.     Адамының

еретеден келе жатқан салт- санасын, тұрмыс- тіршілігін, еңбек дағдыларын балалар ойынынан көруге болады. Ойын

арқылы адам баласы қоғамдық тәжірибені меңгереді, психикалық қасиеттері мен танымдық ерекшеліктері қалыптасады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет