Мұғалім портфолиосы Амангелді Сабина Нуриддинқызы



бет2/3
Дата16.11.2022
өлшемі26,85 Kb.
#50716
1   2   3
Байланысты:
есеп АВС

    Бұл бет үшін навигация:
  • «star»
В есебі
Мен бағдарламаның тәсілдерін сабақтарымда қолдануды мақсат етіп «теория» кезеңінде алған білімімді ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып күнтізбелік жоспарға сай, тізбектелген сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыра отырып, ағылшын пәнінен 4– сыныпқа арналған орта мерзімді жоспарын жасадым. Орта мерзімді жоспардағы сабағыма қойған мақсатым: балаға сапалы да тиімді білім беру, оқудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытып, көзқарастарын еркін және жүйелі түрде айту дағдысын қалыптастырп, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогтік қарым – қатынас жүйесін дамыту. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып талантты және дарынды балалармен жұмыс түрлерін сабақтарымда тиімді қолдануды жоспарладым. Дарынды және талантты оқушыларды анықтауға арналған күрделендірілген тапсырмаларды алдын-ала дайындап арнайы дескриптор құрып және жас ерекшелігіне сәйкес тапсырмалар іріктедім. Топпен, жұппен жұмыс істете отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттырғым келді.
Тізбектелген сабақтар топтамасының бірінші сабағым «Treasure and numbers». Үй жұмысын пысықтау үшін «Автобус аялдамасы» әдісін қолдандым. Сабақ барысынды оқушыларды қызыл және көк түсті қағаздармен екі тоқа бөлдім, бірінші топ «star», екінші топ «moon» болды. Әр топ оқушыларына сынып бөлмесіндегі өздері отырған парталарды және де үстіндегі түймелерді сыныптағы заттарды санатқыздым және де тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріп «қазына санына» бірінші болып жеткен топ жеңімпаз атанды.
Тізбектелген сабақтар топтамасының екінші сабағымда мәтінмен жұмыс жүргіздім, дұрыс / бұрыс, семантикалық карта, мәтінге бергілген сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып оқушылардың ауыз – екі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптасытыра отырып пәнге деген қызығушылығын арттыратын технологиялар көп.
Тізбектелген сабақтар топтамасының 3-4 сабағымда «Treasure maps» тақырыбында алдыңғы жоспар бойынша жай сұрақтар қою арқылы пысықтадым. Жаңа сабақ барысында «Ыстық орындық» әдісі арқылы пысықтадым, себебі бұл әдіс оқушылардың ортада еркін сөйлеуге, білімдерін арттыруға ықпал ететін тиімді әдіс болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет