Мұғалім туралы мәлімет Аты-жөні: Мамадярова Мухаббат Турсумбаевна



бет34/45
Дата27.09.2022
өлшемі213,4 Kb.
#40491
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
Х.Әлімжан атындағы №12 Ең үздік әдістемелік басылымдар Тарих

31 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: Есім хан реформасынан кейінгі қалыптаықан шежіре 
Сабақтың мақсаты: Есім хан реформасынан кейінгі қалыптасқан шежіресін оқып, түсінеді
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Есім ханның қазақ хандығының тағына отыруы және оның ұстанған діни-идеологиялық саясаты нақшбандийа тарихатының қазақ арасыны демдеп енуіне мүмкіндік берді. Ру, тайпалардың бір бөлігі йасауийа тарихатында қалса, екінші бөлігі нақшбандийа тарихатына бет бұрды. Есім хан өз саясатын жүргізгенде осы ру, тайпаларға арқа сүйегенін көруге болады. Оның дәлелі ретінде Есім ханның төңрегінде топтасып, оның қызметінде болған батырларға Есім хан Тұрсын Мұхаммедті өлтірген соң, оның Айбике, Нұрбике, Қоңырбике атты қыздарын сыйға тартады. Сол оқиға Шәкәрім қажының «Түрік, қырғыз-қазақ, һәм хандар шежіресінде» былайша баяндалады: «Шежіре түрікті» жазған Әбілғазы Бахадур хан туысқандарымен хандыққа таласып, Үргеніштегі өзбектер бұзылып, үшке бөлініп кеткенде, осы Есім хан қолына келіп тұрдым дейді. Сонда Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, Қатағанды шапты дейді. Жәрдем көремін деп келген хандардың жайы былай болған соң, Есім ханнан рұқсат алып, қайттым дейді. Бұлай болғанда біздің тоғызыншы атамыз Сарының қатыны Қоңырбике сол 1628 жылы келген болатын... Сол Қоңырбикеден біздің сегізінші атамыз Кішік пен Мәмбет сопы туыпты , - дейді. Біздің шамалауымызша, тобықтылар сол кезеңде Алматы маңын жайлаған. Оған дәлел ретінде біз Қалқаман-Мамыр оқиғасы мен олардың атына байланысты жер атауларының Алматыда болуы дәлел бола алады. Оның үстіне Есім ханның алғаш таққа отырып, билік жүргізген кезі де осы қырғыздардан басталғаны, қатарлас жатқан қазақ рулары да осы кезде Есім ханды хан ретінде мойындағаны тарихтан белгілі. Есім хан Тұрсын ханды осы қырғыздардың көмегімен жеңгенін тарихи деректер айғақтайды. Ал, Қазанғаптың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты дастанында, Есім ханның қырғыздарға Ташкент билігін бергені баяндалады. Бұл мәселені тәптіштеп жазып отырғанымыздың мынадай себебі бар. Алғашында нақшбандийа тариқатын қабылдағаннан қауіп көре қоймаған қазақ рулары, нақшбандийа тариқатының дәстүрлік ерекшеліктері халық санасына сіңіп, қазақ дәстүріне қайшы оқиғалар орын ала бастағанда өзге мәдениетке негізделген сопылық жолдың қазақ мәдениеті үшін қаншалықты қатерлі екендігін сезіне бастады. Сондай оқиғалардың бірі Қалқаман-Мамыр оқиғасы еді. Шариғатқа қайшы емес деп, ағайынды кісілердің балаларының қосылуы халықты дүрліктіріп, Мамырдың өлтіріліп, Қалқаманның жараланып, қашып құтылуының соңы тобықтылардың көтеріле көшіп кетуімен аяқталды. Алдымен Сырға барып, одан Жем, Сағыз, Ор өзендеріне дейін барып, Жоңғарды талқандағаннан кейін барып қазіргі Семей жеріне орналасқан екен.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.​ Есім хан өз саясатын жүргізгенде осы ру, тайпаларға арқа сүйегенін көруге болады. Оның дәлелі ретінде Есім ханның төңрегінде топтасып, оның қызметінде болған батырлар?
IV. Қорытындылау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет