Мұғалім туралы мәлімет Аты-жөні: Мамадярова Мухаббат Турсумбаевна



бет35/45
Дата27.09.2022
өлшемі213,4 Kb.
#40491
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Байланысты:
Х.Әлімжан атындағы №12 Ең үздік әдістемелік басылымдар Тарих

32 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: Алаштан басталған шежіре.
Сабақтың мақсаты: Алаштан басталған шежіре туралы мағұлымат алады.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Асан қайғы мен Жәнібек хан арасындағы осы оқиға Алтын Орда мемлекетіндегі күрделі өзгерістерге себеп болды. Асан Қайғы соңына ерген халық Жәнібек ханнан бөлініп шығып, өз алдына ел болудың қамын жасады. Әлі күнге қазақ тарихынан орын ала алмай келе жатқан Алаш мемлекеті осы кезеңде дүниеге келді. Жәнібек ханнан бөлінген халықты тек Асан Қайғы бастап әкеткен жоқ. Оның қасында Алаша атанған тұлға болды. Олар соңына ерген халықты ұйыстырып, Алаш атты мемлекетті дүниеге келтірді. Бұл оқиға қазақ халқының Алаша ханнан басталатын шежіресінде толық көрініс тапты. Бұл оқиға 1350 жылдар шамасында болған еді. Жәнібек хан мен Асан Қайғы арасындағы қарама-қайшылық мемлекетті екіге бөлді. Асан Қайғы Жәнібек ханнан өзі кеткен жоқ, оның соңынан жүздік құрылымға кіретін түркі тайпалары бірге кетті. Бірақ бұл оқиға Алтын Орда тарихына қатысты бірде-бір жазба деректерде кездеспейді. Соған қарағанда, Алтын Ордағы ішкі қайшылықтар сырт көздердің назарынан тыс қалғанға ұқсайды. Мүмкін олар Сарайдағы бұл қайшылықтың ішкі сырын түсінбеген болуы да ықтимал. Оның есесіне бұл оқиғалар түркі халықтары арасына тараған аңыздарда, шежірелерде, сол кезеңде өмір сүрген жыраулар поэзиясында толық көрініс тапқан. Алаш пен Алаша ханға, Айса ұлы Әметке қатысты аңыздар, ол аңыздарда аттары аталатын тұлғалардың қазақ шежірелеріндегі тұлғалармен бір болып келуі осы кезеңде Алаш пен Алаша ханның жалпы қазақтың алғаш тарих сахнасына шыққанын көрсетеді. Және олардың барлығы бұл оқиғалардың Алтын Орда кезеңінде болғандығын меңзейді. Бұл Евразия түркілері тарихындағы діни-идеологиялық үдерістер ықпалымен болған топтасудың Жошы ұлысы құрылғаннан кейінгі екінші кезеңі еді. Ендігі кезекте осы Алаш мемлекетінің тарихына қатысты деректерге талдау жасап, ол мемлекеттің құрамында қайсы ру, тайпалар болды? Алаш мемлекетінің тарих сахнасында болғандығы, мемлекетте болуға тиіс бүкіл құрылымдық жүйенің Алаш мемлекетінде де толық қалыптасқандығы қазақ шежірелерінде толық көрініс тапқан. Қазақ шежірелерінің алғашқы нұсқасы Өзбек жүргізген саяси-құрылымдық реформаға сай қалыптасқандығын, рулық, тайпалық жүйенің қалыптасу принциптерін талдағанда толық айтып өткен болатынбыз. Сол жүйе Жәнібек ханның жүргізген саяси-идеологиялық бағыты мен мемлекетті басқару жүйесінде жүргізген реформасы Өзбек хан құрған мемлекеттің басқару жүйесін күйретті. Өзбек хан құрған мемлекеттік жүйе осы Алаш мемлекетінде қайтадан толығымен қалпына келтірілді. Шежіреде осы процесс толығымен көрініс тапқан. Ерекшелігі шежіре басында Өзбек хан орнына Алаша хан тұрғанын көреміз. Бұл қазақ халқының тарихындағы тағы бір саты осы Алаш пен Алаша ханмен байланысты екендігін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет