Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг


«Суретті жалғастыру» жаттығуы



бет39/60
Дата18.05.2023
өлшемі136,86 Kb.
#94417
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60
Байланысты:
malmderge-arnalan-treningter-sauat-ashu-pnnen-densaulyty-ktud-yrenu-star-aytty-t.moldaaliev

135«Суретті жалғастыру» жаттығуы
Мақсаты: Шығармашылықты, оның көрінуіндегі кедергілерді сезінуді дамыту. Топ қатысушылары шеңбер бойымен отырады. Шеңберде түсті қарындаш, бор, фломастерлер, парақтар бар.
Нұсқау: Мен «бастаймыз» деп айтқан кезде, әрбіреуіңіз парақ және сурет салуға қажет нәрселерді аласыз. Сурет салуға 15 секунд беріледі. Уақытты мен қадағалап тұрамын және 15 сек. соң сол жақтағы көршіңізге әрқайсыларыңыз өз парағыңызды беруіңізді сұраймын. Парақты алған соң сіз салынған суретті әрі қарай, мазмұнын дамыта отыра, кез –келген бағытта, тағы бірдеңелерді салуыңыз керек. Әркімнің парағы өзіне қайтып келгенше шеңбер бойымен жүріп шығуы керек».
Талдау: Жасалған жұмысты талқылау кезінде тренер топтың зейінін қатысушылардың күтпеген, дәстүрлі емес, өзгеше қабылданған сюжеттің өрбу сәтіне шоғырландыруына болады.
136. «Түрлі түсті шарлар» - аяқталмаған сөйлемдер жаттығуы
-Бір айдын ішінде сізді егерде куантқан нәрселер көбірек болса жасыл шарды алып «Жұмыста соңғы кезде мені қуантқан...» деген сөйлемді аяқтау керек, ал егерде ренжіген сәттеріңіз басым болса «Жұмыста соңғы кезде мені ренжіткен...» қызыл шарды алып осы сөйлемді аяқтау керек.
Түйін сөз : мұғалімдердің таңдауларына қарай тренер қорытынды сөз айтады

Келесі жаттығуды ойдағыдай жасап көрсек сіздің позитивті бейнеңіз «мұғалім таңбасынан» байқалады. 
Әр топқа ақ парақ және пиктограммалар таратылады (күн, кемпірқосақ, «жедел жәрдем», жүрек, қолшатыр, магнитофон). Осылардың ішінде тек қана үш пиктограмманы пайдалана отырып ақ параққа «мұғалім таңбасын» жасап шығу қажет. Үш топ үш таңба жасап шығады және де әр топ өз таңбасын ұсынады.
Кері байланыс сұрақтары:

  • жұмыс барысында қандай сезімде болдыңыз?

  • жұмысыңызға көңіліңіз толды ма?

  • таңбаңызға қарап тұрғанда қандай ой туады?

137. «Сыйлық»  жаттығуы
Тұлғааралық қарым- қатынасты дамыту және де ұжымдық ауызбіршілікті қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Әр топ мүшелері тек қана қимыл мен ым арқылы қасында отырған әріптесіне сыйлаған затты көрсету керек, ал көршісі заттың атын атап сыйлықты алғыс білдіре отырып қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет