1.«Сенің есімің» ойыны. Ойыншылар шеңбер болып тұрады. Кез келген бір оқушы өз есімін айтады. Кейінгі ойыншалар кезекпен бірінші ойыншының есімін допты шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре айтады. (сәуле, Сәулетай,Сәулежан, Нұрсәуле, т.б.) осылай барлық баланың есімі түрлендіріле айтылып шығады. Ойынға қатысушылар өз аттарын түрлендіре естігенде қандай сезімде болғандықтарын бөліседі. Мұғалім:Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді естіледі. Сондықтан да бір бірімізбен қарым қатынас жасағанда, әңгімемізді міндетті түрде есімімізді айтудан бастайық. 2.«Ассоциация» ойыны. Қазір ойынды бастап жүретін адамды таңдап алайық. Жүргізуші болам деген бала ортаға шығады. Сонан соң, ойынға қатысушылардың әр қайсысы осы ойыншының неге ұқсайтынын (өсімдікке, затқа, жануарға, құсқа) (тек жағымды жағынан теңеу) қандай ой туғызатынын айтулары керек. Мысалы: Гүлнұр балапандарына жем тасыған қарлығашқа ұқсайды, себебі қашан да өзгелеге көмек көрсетеді. Жансараны бәйшешек гүліне ұқсатамын, себебі ол өте әдемі, нәзік. Т.б. Мұғалім: ойын үстінде қандай сезімде болдыңдар? Қандай теңеулер сендерді таңқалдырды? Неге? «Менің бойымдағы құнды қасиеттер» тренингі
Әр адамның алға қойған мақсат – мұраты, тілектері болады. Бойына жақсы адами қасиеттерді дарыта алғандар ғана өмір жолындағы қиыншылықтарға қарамастан шыдамдылық танытып, өзін - өзі тәрбиелеп мақсатына жетеді. Ал адам бойында болуға тиісті 20 құнды қасиет бар. Осы қасиеттердің қайсысы өз бойында бар деп ойлайсыздар . Соны белгілейміз.
Адами құнды қасиеттер Менің бойымдағы құнды қасиеттер
1. Өмірге риза болу
2. Ақылдылық
3. Ұқыптылық
4. Кең пейілділік
5. Қарапайымдылық
6. Әділдік
7. Ашықтық
8. Өз бетінділік
9. Принциптілік
10. Шыншылдық
11. Өзіне сенімділік
12. Еңбекқорлық
13. Батылдық
14. Тұрақтылық
15. Төзімділік
16. Сабырлық
17. Тіл табысушылық
18. Саналылық
19. Бауырмалдық
20. Сыпайылық “Достық және сенімділік” туралы жаттығулары