-Кімге не оңай болды? Бағындыру немесе бағыну ма?
-Кім не салғысы келді? Ойыңдағы суретті сала алдың ба? және т.б.сұрақтар қою арқылы кім басшы, кім бағынушы болғанын және оның себептерін анықтау 148.«Құпия фарватер» жаттығуы 7-8 тыңдаушы бір-бірімен жалғасып, паровоз болып орналасады. Бір тыңдаушыдан басқалардың көздері байланады. Бірінші ойыншы – жүргізуші. Жүргізуші өз кемесін қарсы қабырғаға дейін үндемеген күйде «кедергі-миналардан» өткізуге тиісті. Мұндағы негізгі қиыншылық соңғы ойыншыда, себебі, соңғы ойыншы еркін қозғалып «минаға» тап болуы мүмкін, сондықтан, осы жағдайды болдырмас үшін әрбір ойыншы алдыңғы ойыншының қимыл-қозғалысын тура қайталап отыруға тиіс. Жаттығуды кеменің ұзындығын өсіріп және миналарды көбейту арқылы қиындатуға болады. Бір мезгілде жүзуге бірнеше кеме жіберуге болады; ол кезде кемелер соқтығысып, «минаға» жарылмас үшін үлкен тиянақтылық қажет. 149.«Автобус» жаттығуы Бір-біріне жақындау арқылы «халық» (15-20 адам) автобустағы тығыздалған адамдар секілді жинақталады. Ойыншының мақсаты осы тығыз массаны алдау, арбаумен емес күштілігімен және өжеттігімен жарып өту. «Автобустағы халық» ойыншыны қолдарымен ұстамайды және өздері бір-бірімен қол ұстасуға болмайды, бұл жерде жай ғана бір-біріне жабысқан тығыз масса бар. Сонымен қатар «тығыз масса» ойыншыны өткізбей жатса да дауыстарымен «Кәне!» «Тағы да!» «Алға» деп оған рухани күш беріп жатады. Бұл мықты жаттығу қарапайым күш көрсету жаттығуы болып кетпес үшін, ойыншы тренердің көмегімен мұндай қиындықты жеңетін жағдай өмірде кездесе ме, бұл жағдай оны неге үйретті, өмірде осы секілді жағдай кездескенде тәжірибенің пайдасы бола ма деген сияқты сауалдарға жауап бере білуі керек. Мұндай жаттығудан кейін адам түйсігінің өзгерген уақытында психологтың айтқан пікірлері ол адам үшін өте терең жатталып қалуы тиіс. Жаттығу қарама-қарсы байланыспен аяқталады: топ не сезді, не көрді, ойыншы және ойын туралы олар не ойлайды, осылар туралы ойларын айтады.