Бақылау:
Тапсырманы орындау барысында оқытушы қажет түзетулер жасап отырады және баға береді.
№2 Сабақ
Тақырыбы: ЖТД жұмысында кездесетін әйел жыныс мүшелерінң қабыну аурулары
Мақсаты: Ситуациялық есептерді шығару кезінде теориялық білімді қолдану дағдыларын студетте қалыптастыру; бактериоскопияға жағынды алу дағдыларын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
Ситуациялық есептерді шығару кезінде студент теориялық білімді тәжірибеде қолдану дағдыларын көрсетеді
Сабақтың соңында студент бактериоскопияға жатыр мойынынан және қынаптан жағынды алу әдістемесін көрсете алады
Орындау түрі:
Студент ҚР ДМ протоколдары мен бұйрықтарына сүйене отырып, ситуациялық есепті шығару керек. Оқытушы студенттің білімін бағалайды.
Оқыту фильмін қарағаннан кейін студент бактериоскопияға жатыр мойынынан және қынаптан жағынды алу әдістемесін көрсетеді. Оқытушы студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалайды.
Тақырып бойынша тапсырма:
Ситуациялық есеп берілген. Болжама диагнозды қойыңыз. Зерттеу түрін тағайындаңыз. Зерттеу нәтижелерін талдаңыз. Қорытынды диагноз қойыңыз. Ем тағайындаңыз. ЖТД-нің келесі тактикасын анықтаңыз.
Оқыту фильмін қараңыз, кейін бактериоскопияға жатыр мойынынан және қынаптан жағынды алу әдістемесін көрсетіңіз.
Студентке берілетін құжаттар:
Ситуациялық есептер
ОСКЭ «Бактериоскопияға жағында алу»
№1 ситуациялық есеп
И. Р. 23 жаста.
Мекен жайы: Алматы.
Әйелдер консультациясына келесі шағымдарымен келді: ішінің төменгі оі жақ аймағындағы ауыру сезім, жалпы әлсіздік, кеше дене қызуының 37,70С көтерілуі.
Ауыру анамнезі: Ауырғанына 3 күн болды, соңғы етеккірі біткеннен кейін айтылған симптомдар басталды.
Өмір анамнезі: Соматикалық аурулары жоқ. 2 жыл бұрын жедел сальпингоофорит себебімен стационарлық ем қабылдады. Етеккірі 14 жасынан, ретті, 4-5 күннен, арасы -28 күн, орташа мөлшерде, ауыру сезімсіз келеді. Соңғы етеккірі 3 бұрын біткен.
Жыныстық қатынаста 19 жасынан. Жүктілігі – 2, бірінші жүктілік 3 жыл бұрын мерзімінде босанумен аяқталды, бір ай бұрын екінші жүктілігі медициналық аборт арқылы үзілді.
Достарыңызбен бөлісу: |