Объективті: Жалпы жағдай қанағанаттанарлық. Тері, шырышты қабаттары таза. Өкпе тынысы везикулярлық, сырылы жоқ. Жүрек тондары анық, ретті. АҚҚ 110/70 мм с.б., пулсі минутына 78 рет. Тілі ылғалды. Іші жұмсақ, төменгі аймақтары пальпация кезінде сезімтал, басым оң жақта. Щеткин – Блюмберг симптомы теріс. Бауыр, көк бауыр пальпацияланбайды. Тақылдату симптомы екі жақты теріс. Физиологиялық шығарымдары қалыпты.
Гинекологиялық статус: Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс қалыптасқан. Түтіктенуі әйел типтес. Уретра және парауретралді жолдары, бартолин бездері қалыпты.
OS: Қынаптың шырышты қабаты және жатыр мойыны таза, Бөлінділер ашық, иіссіз, аз мөлшерде.
PV: Жатыр мойыны цилиндрлік. Сыртқы ернеуі жабық, Жатырдың мөлшері орналасуы қалыпты, тығыз, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Жатыр қосалқылары оң жағында ұлғайған, ауыру сезімді, сол жағында анықталмайды. Күмбездер терең, бос.
Тапсырма:
Болжамалы диагноз койыңыз
Минималды лабораторлық зерттеу тағайындаңыз, мәліметтерін талқылаңыз
Бактериоскопияға жағынды алу
Мақсаты – бактериоскопиялық зерттеуге материалды дайындау.
Қажет құралдар– қынаптық айналар, корнцанг, Фолькман қасығы, мақта бөлшектері, таза затты әйнек.
Науқасты гинекологиялық креслоға жатқызады, сол қолдың саусақтарымен жыныс еріндерін ашамыз, оң қолдың сұқ саусағымен уретраға массаж жасайды; стерильді мақта тампонмен уретраның сыртқы тесігін құрғатады, уретрадан жағындыны алады және заттық әйнекке шетіне жақын етіп жағады.
Осыдан кейін қынапқа Куско айнасын жабылған күйінде бүйірімен енгізеді, оны бұрады, дұрыс қалпында орналастырады, құлақшаларын ашады, жатыр мойынын жалаңаштап, құлақшаларын бекітеді. Осыдан кейін жатыр мойынын құрғақ мақта шарикпен сүртеді, таза Фолькман қасығын цервикальді өзекке 0,5 см тереңдікте енгізеді, жағынды алып, заттық әйнекке келесі шетіне жақын етіп жағады. Содан кейін қынаптың артқы күмбезінен жағынды алып, заттық әйнектің ортасына жағады. Жағындыны ауада құрғатып, жолдамамен зертханаға жібереді.
Әдебиет:
Гинекология: учебник\ под ред. Г.М. Савельевой, В.Г. Бреусенко.- 3-е издание перераб. и доп. – М.: ГЭОТАР.-Медиа, 2006.- С.161-203.
Гинекология от пубертата до постменопаузы. Практическое руководство для врачей.\ под ред. акад. РАМН, проф. Э.К. Айламазяна.- М.:МЕД\ пресс-информ, 2006.- 2-е изд., доп.-С.14-75, С.199-264.
Практические умения по акушерству и гинекологии: Учебное попосбие / Р.Н. Степанова, С.П. Пахомов.- Ростов н/Д: Феникс, 2010.- С.148-149.
Достарыңызбен бөлісу: |