Тақырыбы: Жүкті және босанғаннан кейінгі әйелді амбулаторлық жүргізу
Сабақтың мақсаты: Әйелдер консультациясында жүкті әйелді, құрсақ ішіндегі нәрестені және босанғаннан кейінгі әйел жағадайын бақылау жайында түсініктеме беру.
Сабақтың міндеті:
Ситуациялық есептерді шығару кезінде теориялық білімді қолдану дағдыларын студетте қалыптастыру
Сыртқы акушерлік тексеру дағдыларын қалыптастыру
Орындау түрі:
Студент ҚР ДМ протоколдары мен бұйрықтарына сүйене отырып, ситуациялық есепті шығару керек. Оқытушы студенттің білімін бағалайды.
Оқыту фильмін қарағаннан кейін студент сыртқы акушерлік тексеру жүргізу әдістемесін көрсетеді. Оқытушы студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалайды.
Тақырып бойынша тапсырма:
Ситуациялық есеп берілген. Болжама диагнозды қойыңыз. Зерттеу түрін тағайындаңыз. Зерттеу нәтижелерін талдаңыз. Қорытынды диагноз қойыңыз. Ем тағайындаңыз. ЖТД-нің келесі тактикасын анықтаңыз.
Оқулық фильмін қараңыз, кейін сыртқы акушерлік тексеру жүргізу әдістемесін көрсетіңіз
Мекенжайы: Алматы.
Жүктіліктің 14 апталығынан диспансерлік тіркеуде тұр. Қазір жүктіліктің 35-36 аптасы.
ЖТД келген шағымы: 10 минут бұрын жыныс жолдарынан ашық қанды бөлінділер байқалды, қазір тоқтаған жоқ.
Өмір анамнезі: Соматикалық ауруы жоқ. Етеккірі14 жастан, ретті, 4-5 күннен, 28 күнде, орташа мөлшерде, ауыру сезімсіз келеді. Жыныстық қатынаста 18 жасынан. 2 жүктілік болған. Біріншісі 9-10 апталығында түсікпен аяқталды, жатыр қуысы қырылды. Осы жүктілік - 2-ші, 20-21 апталығында УДЗ арқылы плацентаның толық жатуы анықталды.