Мұғалімнің аты-жөні: Бертайлақ Аида


Қосымша – 2. Мәтін бойынша кесте құрастыр



бет6/6
Дата04.11.2023
өлшемі85 Kb.
#121790
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Қосымша – 2. Мәтін бойынша кесте құрастыр
Алъвеолалар — диаметрі 0,2—0,3 мм, тереңдігі 0,06—0,3 мм, ауаға толы өкпе көпіршіктері. Альвеола қабырғасы бір қабатты эпителийден тұрады, сырты капиллярлардың қалың торымен шырмалған. Капиллярлар мен альвеолалардың жұқа қабырғасы арқылы газ алмасу жүреді. Адам өкпесінде, шамамен, 700 млн альвеола бар, олардың жалпы беті 120 м²-ге дейін болады. Альвеоланың ішкі бетіне эпителий жасушаларынан түзілген жұқа қабыршық (пленка) қапталған. Осы қабыршыққа байланысты көпіршіктер қабысып қалмайды, тұрақты көлемі сақталады. Қабыршық микроорганизмдерден де қорғайды, содан кейін өзі сіңіріледі немесе сыртқа қақырық түрінде шығарылады.
Қосымша – 3. Мәтін бойынша сызба құрастыр
Өкпедегі газ алмасу. Адам құрамында 21 % оттек, 79% азот, 0,03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4,0% көмірқышқыл газы және 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы — өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады. Өкпеде газ алмасу диффузия жолымен жүреді. Өкпе капиллярына түскен вена қанында оттек аз, көмірқышқыл газы көп. Сондықтан альвеола ауасындағы оттек қанға араласады (диффузияланады), ал көмірқышқыл газы қаннан өкпе альвеоласына түседі. Өкпедегі газ алмасуды сыртқы тыныс алу дейді. Қандағы оттек эритроциттерге өтеді де, гемоглобинмен берік емес байланысып, оксигемоглобин түзеді. Вена қаны артерия қанына айналады да, өкпе венасы арқылы жүрекке, одан қанайналымның үлкен шеңберінің тамырларына түседі. Көмірқышқыл газы альвеоладан ауа тасымалдайтын жол арқылы сыртқа шығарылады.
Қосымша – 4. Мәтін бойынша постер құрастыр
Ұлпалардағы газ алмасу. Оттекке қаныққан артерия қаны қанайналымның үлкен шеңберімен организмнің барлық ұлпаларына тасымалданады. Ұлпаларда оттек, оттек концентрациясы жоғары капиллярлардан ұлпа сұйықтығы арқылы жасушаларға диффузияланады да, тотығу процестерінде қолданылады. Көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан капиллярларға ұлпа сүйықтығы арқылы диффузияланады. Ұлпадағы газ алмасуды ішкі тыныс алу дейді.
Артерия қаны вена қанына айналып, қуыс веналар арқылы жүрекке, әрі қарай канайналымнын кіші шеңберіне өтеді. Күні бойы адам пайдаланатын оттек пен көмірқышқыл газының мөлшері дене белсенділігіне және денсаулық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Тыныштық күйінде ересек адамға, шамамен, минутына 300 см³ оттек қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет