1.Сыртқы қабаты :Мен сабақта жақсы жұмыс
жасадым, барлығы түсінікті болды.
2 . Ортаңғы қабат:Мен тапсырманы басқа
оқушының көмегімен орындай аламын. 3. Ішкі қабат :Сабақ мен үшін қиын болды.
Үйге тапсырма: Қантамыр жүйесі мүшелерінің ауруларының себептері туралы хабарлама жасап келу.
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
-«Төрт сөйлем» жаңа тапсырманың мағынасын ашатын яғни үш топтан төрт оқушы тақтаға шығып , әрқайсысы төрт сөйлем арқылы мәтінді ауызша қорғайды, стратегияда саралаудың «Оқу ортасы бойынша»түрлері көрінеді. Бұл тәсіл оқушыларды мәтіннен негізгі ұғымдарды анықтауға дағдыландырады және әр оқушы өз деңгейінде жауап береді.
-Жұптық жұмыс.«Талқылау , зерттеу» оқыта үйрету әдісі кезінде оқушылар жұбымен салыстыра отырып, өзінің деңгейін түсінеді, тапсырманы зерттейді ,анықтайды. Саралаудың «Мазмұн бойынша» түрлері көрінеді.
- Жеке жұмыс кезінде, «Ұшақ»әдісі саралау түрлері негізінде оқушылардың жылдамдығын және білімдерін дамытып жетілдіреді.